Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмыс объектілерінің түрлері



бет45/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмыс объектілерінің түрлері.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісін жаны, топтық және тікелей деп бөлу қағидасы қалыптасқан.
Жалпы объектісі деп қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Әр қылмыс барлық уақытта қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрі не қиянат келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.
Топтық объект – дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын бір тектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.
Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, тонау, оны алаяқтылықпен алу, бір топтық объектіге – басқа біреудің мүлкіне меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қолсұғуды білдіреді.
Осыған байланысты бір топтық объектіге қол сұғылатын қылмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір тарауына жиналған. Қол сұғушылықтың топтық объектісі кажет тарауының атында көрсетіледі, кей жағдайда заң шығарушымен Ерекше бөлімнің бабында көрсетіледі, ал кейде қылмыс құрамының әлеуметтік саяси анализі арқылы пайда болуы мүмкін.
Сол себепті ҚК Ерекше бөлімін құру кезінде топтық объект алынады және топтық объектілерге байланысты тарауларға бөлінеді. Топтық объект қылмыстар және жасағаны үшін жауапкершілік көзделетін нормаларды заңды, ғылыми жіктеуге жол ашады.
Тікелей объект – деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.
Көп объектілі қылмыстар болады. Мысалыға қарақшылық (179 б) объектісі біреудің мүлкі және тұлға. Бұл жерде бірінші объект негізгі объект, ал 2-сі қосымша объект болады.
Қосымша объект 2-і объектілі қылмыстардың міндетті элементі болады және ол қылмыстық қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне әсер етеді. Бұдан басқа әдебиеттерде факултативтік объектілер көрсетілген бұл объект қылмыстың міндетті белгісі емес. Қоғамға қауіпті әрекет жасалған кезде бұл объект болуы да болмауы да мүмкін. Факултативтік объектіның болуы болмауы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ қоғамға қауіптілігін арттыруы мүмкін және ол жазалау барысында есептелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет