Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет20/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

Бақылау сұрақтары:
1. Горизонттарды белгілеу.
2. Горизонттар жазбасы.
3. Топырақтың стуктуралылығы.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
17-19.Дәріс
Тақырыбы: Топырақтардың құнарлылығын арттыру


Мақсаты: Топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар өсімдіктің өсіп және дамуына тікелей әсер ететін тура және жанама болуын анықтайды.
Негізгі сұрақтары:
17-19.1. Топырақтардың құнарлылығы туралы түсінік
17-19.2.Топырақ құнарлылығының түрлері
17-19.3.Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау


17-19.1.Топырақтардың құнарлылығы туралы түсінік

Құнарлылық - топырақты тау жыныстарынан ерекшелендіретін топыраққа тән маңызды сапалық касиет. Құнарлылық деп топырақтың өсімдіктер өнімділігін қамтамасыз ету қабілетін айтады. Ол бір мезгілде және үзіліссіз өсімдіктерді керекті су және қорекпен қамтамасыз ету жағдайымен қатар, оттегі мөлшерінің жеткілікті және топырақтардың өсімдіктердін тамыр жүйелері үшін қолайлы физикалық қасиеттері болған кездерінде қамтамсыз етіледі.


Топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар өсімдіктің өсіп және дамуына тікелей әсер ететін тура және жанама болуы мүмкін. Тура жағдайларға жеткілікті пайдалануға ыңғайлы су қоры, аэрация, орта реакциясы, пайдалануға ыңғайлы қосылыстар формасы мен мөлшері, қоректік элементтер және олардың қатынасы. Жанама жағдайларға жатқызылатыны: ил бөлшектері, қарашірік, микроағзалар саны, топырақтың тамыр таралатын қабатын шектейтін тығыз ГОРИЗОНТ. Тардың тереңдігі, топырақты өңдеу. Тура және жанама жағдайлар өзара тығыз байланыста және өсімдік өнімділігіне өте үлкен әсерін тигізеді.
Өсімдік тіршілігінің әрбір жеке жағдайы немесе факторы өсімдіктің өсуі үшін жеткіліксіз (минималды) болуы мүмкін, ыңғайлы (оптималды) болғанда өсімдік ең жоғарғы өнімділік береді, егер артық (максималды) болса токсикоз болып, өсімдік өнімділігі нашарлап кетеді. Топырақтың жалпы құнарлығы әрбір өсімдікке әсер етуі кезінде минимум мен максимумда болатын жағдайлармен анықталатын болады. Өсімдіктің ең жоғарғы өнімділігі топырақтың ең жоғарғы құнарлығына сәйкес келетін әртүрлі жағдайлардың ыңғайлы құрамдары мен қатынастары кезінде байқалады.
Әртүрлі топырақ-климаттық зоналарда топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар әртүрлі. Тундра аймағында шектейтін факторлар төменгі температура мен топырақтың жоғары ылғалдылығы, орманды зонада - артық ылғалдылық пен топырақ қышқылдығы, орманды-дала және дала зоналарында - ылғал жетіспеушілігі мен топырақта көбінесе натрийдың, хлордың артықтығы. Құмдауыт топырақтарда ылғалдылық пен қоректік элементтерінің жетіспеушілігі, ауыр саздақ топырақтарда - аэрация нашарлығы және топырақтың жоғары тығыздығы. Сонымен, құнарлылық топырақ түзілу жағдай­ларының өзгеруіне байланысты шектеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет