17-19.2.Топырақ құнарлығының түрлері
Топырақтың құнарлылығын табиғи, потенциалды, жасанды және тиімді құнарлылық деп жіктейді.
Табиғи құнарлылық - табиғи топырақ түзілуі барысында табиғи өсімдік жамылғы сы астында пайда болған топырақ қасиеті. Топырақтардың табиғи құна уақыт аралығында салыстырмалы түрде шамалы ғана өзгереді және ол тұрақты шама болып табылады. Сонымен бірге түзілуі әртекті топырақтардың құнарлылықтары да әртүрлі болады (1-сурет), ал бір топырақтың құнарлылығы биологиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар өсімдіктер ушін әр түрлі. Мысалы, шалғынды-глейлі топырақтарда шалғындық өсімдіктер жақсы өседі, ал шыршалар мен қарағайлар өліп қалады немесе өте нашар өседі. Өте ұсақ құмдарда қарағайлар жақсы, ал шыршалар мен емендер нашар өседі.
Потенциалды құнарлылық топырақтағы коректік элементтердің қолдануға болатын немесе болмайтын формада болатын жалпы қорымен анықталады.
1-суреm. Топырақ құнарлылығы
Жасанды құнарлылық топырақты өңдегенде, тыңайтқышты сепкенде, әртүрлі дақылдар өсіргенде, құрғатқанда, суландырғанда жасалады.
Табиғи, жасанды, потенциалдық құнарлылық бір-бірімен өзара тығыз байланысқан, себебі өсімдіктерді ылғалмен және қорекпен . қамтамасыз ету табиғи топырақтың қасиеттеріне тәуелді.
Өнімділік мөлшерімен өлшенетін тиімді немесе нағыз құнарлылық іс жүзінде табиғи және жасанды құнарлылықпен өрнектеледі және ғылым мен техниканың даму дәрежесіне едәуір тәуелді. Бұл жағдайда құнар.т:ыльщ үздіксіз өседі, себебі қоректендіру элементтергнің және топырақтағы ылғалдылықтың потенциалдық қоры толық пайдаланылатын болады.
Топырақ құнарлылығын, өнімділікті жоғарылату үшін егін шаруашылығында және агрохимияда су мен қоректік элементтердің максималды қорын қамтамасыз ететін, сонымен қатар орта реакция сын қалыпты ұстау мен өсімдік өсуіне ықпал ететін аэробты және анаэробты реакциялардың қажетті жылдамдығын қамтамасыз ететін әдістер құрастыру қажет. Сонымен қатар зиянды үрдістерді: улы заттар пайда болуын, топырақты өңдеу кезінде олардың тығыздалып қалуын, арамшөптер басып кетуін, зиянды микроағзалардың көбеюін баяулату немесе тоқтату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |