Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-кесте. Өсімдіктің химиялық құрамы, құрғақ заттар%



бет3/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

1-кесте. Өсімдіктің химиялық құрамы, құрғақ заттар%
(Д.Г.Виленский бойынша,1961)



Өсімдік


Ақуыздар

Көміртегі

Лигнин

Майлар,
Илік заттар

Күл







Бактериялар

40-70

Жоқ

Бар

Жоқ

1-40

2-10

Қыналар

3-5

5-10

60-80

8-10

1-3

2-6

Мүктер

5-10

5-25

30-60

Жоқ

5-10

3-5

Қылқанжапырақтлар
Ағаштектес
Қылқандар

0,5-1
3-8

45-50
15-20

15-25
15-20

25-30
20-30

2-12
15-20

0,1-1
2-5

Жапырақты ағаштар
Жапырақтар

0,5-1
4-10

40-50
15-25

10-30
10-20

10-25
10-30

5-15
5-16

0,1-1
3-8

Шөптесін көпжылдық астық тұқымдастар

5-12

25-40

25-35

15-10

2-10

5-10

Бұршақ тәріздес

10-10

25-30

15-25

15-20

2-10

5-10

Әр түрлі өсімдіктердің химиялық құрамын салыстыра отырып,ағаш тектес түрлер құрамында ағаш діңінің ыдырауы мен шіруін тежейтін илік заттардың, лигниннің, шайырдың көп болатындығы анықталды.


Қылқанжапырақты ағаштардың жерге түскен қылқандары жапырақты ағаштар мен шөптесін өсімдіктердікіне қарағанда қышқылдау. Шөптесін өсімдіктер ақуыздарға, күлдік элементтерге бай,құрамында лигнин мен көмірсутектері аз.
Мүктер мен қыналардың қышқылдығы басым.Батериялардың 40-70% ақуыздардан, майлар мен күлдік элементтерден тұрады. Бактериялардың тіршілігіне қолайлы бейтарап орта,ондағы ылғалдылық 10-30%, температура+100+350 болуы керек. Саңырауқұлақтарда әдетте ақуыздар, көмірсутектер және күлдік элементтердің мөлшерлері едәуір көп болады. Өсу үшін олар оттегімен қамтамасыз етілуі керек,олар аэробты, қышқылды реакцияны жақсы өткізеді,илік заттар олардың өсуіне кедергі жасамайды.


1-2.2.Орман төсеніші,оның құрылымы мен қасиметтері

Ормандарда жерге түскен өсімдік бөліктері бір жыл ішінде шіріп үлгермейді де, топырақтың бетіне жапырақ, бұта, қылқан, ағаш қабығы мен басқа да қалдықтар түрінде жинала береді. Орман төсеніші көбінесе ағаштардың бұтақтары түйісіп кеткен жерлерде жиналады. Орман төсенішінің қалыңдығы әр түрлі-0,5-тен 15 см дейін,қылқанжапырақта ормандарда көбірек, жалпақ жапырақты ормандарда азырақ болады. Орман төсенішінің топырақ бетіндегі қоры өсімдіктердің құрамына, жасына және орналасу қалыңдығына қарай 10-100 т/га аралығында болады.


Орман төсеніштерінің ыдырау дәрежесі бойынша үш қабатқа бөлуге болады.Жоғарғы қабат А0-жаңадан түскен жапырақтар, қылқандар және бұтақтар. Орта қабат А0II-заттары баяу ыдырайтын және ферменттелетін қабат, қоңыр-сұр түсті, біраз қанқаланған жәнет ұсақталған өсімдіктер қалдықтарынан тұрады. олардың қай өсімдіктің қалдығына жататынын тек ірі бөлшектері арқылы ғана анықтауға болады.Бұл қабатта саңырауқұлақтар жиі орналасқан. Төменгі қабат А0III-қара,қара-қоңыр түсті, біркелкі орналасқан, структурасы құрылған, жақсы ыдыраған біртекті органикалық заттардан тұрады.
Төсеніштерді үш типке бөледі: мулльді-жоғарғы жағында аздап түсінді қабаты бар, жақсы ыдыраған қабат:модермулльді-орман төсенішінің барлық үш қабаты да ба ірі қарашірікті, «мор»-көбнесе алғашқы екі қабаттан тұрады. Мулльді төсеніштер аралас дәрежеде ылғалданған жерлерде пайда болады. Орман төсеніштері топырақтың беткі қабатын жұмсақ күйде сақтай отырып,топыраққа ылғалдың терең,еркін енуін және топырақтың жоғарғы қабатының қопсыған күйде болуын қамтамасыз етіп, буланып кетуіне кедергі жасайды. Орман төсеніштерінде өсімдіктердің тіршілігіне біршеше жыл қорек болатын қоектік элементтердің едәуір мөлшері жинақталады.


1-2.3.Топыраққа түсетін органикалық заттардың ыдырауы

Органикалық заттар топырақ бетіне,не тереңге түскеннен кейін үлкен өзгерістерге ұшырайды.Олардың өз ферменттерінің бір бөлігі, ылғалдыдық және физикалық жағдайлардың әсерінен суға, көмірқышқылына және минералдық тұздарға ыдырайды,басқалары топырақ жамылғыларымен микроағзалар денесін құруға кетеді,үшіншілері жаңа күрделі органикалық қосылыстар, қарашірік қышқылдары мен олардың тұздарын түзеді.


Органикалық заттардың ыдырауына байланысты,реакциялардың көп бөлігі микроағзалар бөліп шығаратын ферменттердің әсерінен жүреді. Органикалық заттардың ыдырауй мен минералдануы кезіндегі топырақтағы химиялық рекациялардың жылдамдығы мен бағытына ферменттер өте үлкен әсерін тигізеді. Топырақтың органикалық заттарын ыдырататын ферменттердің бір бөлігі өлі өсімдік клеткалкрында болады және олардың әсерінен ыдыраудың бірінші кезеңі өтеді.Ферменттердің көмегімен өте күрделі органикалық қосылыстар жай қосылыстарға ыдырайды, ал органикалық заттардың алғашқы клеикалық қүрылысы біртіңдеп жойылып,қарашіріндіге айналады.

Ферменттер екі үлкен топқа бөлінеді:гидролазалар-күрделі органикалық қосылыстарды тірі клеткалкр пйдаланатын жай қосылыстарға дейін ыдыратушылар және десмолазалар-тыныс алу және ашытқы ферменттері. Органикалық заттардың ашуы баяу жүреді.Оргпникалық заттардың ыдырау жылдамдығы микроағзалардың саны мен топтарына тәуелді. Топырақтарды микроағзалардың сандары өте көп: қаратопырақтарды-3,7-7 т/га, сұр топырақтарда-2,5т/га дейін. Топырақ қабаттарында микроағзалардың орналасуы біркелкі емес, Негізінде, микроағзалардың көп бөлігі топырақтың беткі қабатында, тамырлар тұстарында, яғни ризосферада шоғырланған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет