Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01509 -математика-Информатика Пән циклы атауы және коды



бет17/23
Дата08.02.2022
өлшемі150,78 Kb.
#123911
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
ДОТ Силлабус 2МИПКО С Программалау тілі 2021-22 Байбактина (1)
10тәж.Қымбат математика, ДОТ Силлабус 2МИПКО С Программалау тілі 2021-22 Байбактина (1), Силлабус Python 21-22 dot (1), vm 33, ЫТМС МФПКО-1-Баешева К.С.,АхметоваАУ (1), thesis68302
Тапсырмалар №1.15

  1. «Стілдерінің графиктік мүмкіндіктері» тақырыбында конспект жасау.

  2. Нақты бір тақырыпты таңдап, оқытушымен есептің қойылымын нақтылап, сол тақырыптағы графикалық мәліметтерді өңдеу(суретін салу) программасын құрыңыз.

Әдістемелік нұсқау.Графиктік мәліметтерді өңдеу есептерін программалауға арналған есепті шығару үшін сәйкес тақырыптық файлдағы құралдарын тереңірек меңгеріңіз және басқару элементтерін анықтау, мәліметтер типтерін анықтау және негіздеу, программасын жазу.
Әдебиет [ негізгі: 9-13,қосымша 11 ]
9.5 Студенттермен өзіндік жұмысы (СӨЖ)


Тапсырма №1. Төмендегі тақырыптарға сәйкес теориялық мәліметтерді меңгеріңіз, конспект жасаңыз.

  • Алгоритмдерді құру принциптері. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау. Алгоритмдік тілдер сипаттамасы (синтаксисі, семантикасы), жіктемесі

  • Программалау технологиялары. «Төменнен жоғары», «жоғарыдан төмен» программалау принциптері. Құрылымдық, модулдік және объектілі-бағытталған программалау концепциясы.

  • Стандартты кітапқаналық функцияларына шолу: Математикалық функциялар.

  • Стандартты кітапхалық құрылымдар: жүйелік модулдердің құрылымы мен мазмұнына шолу.

  • Экран мен клавиатураны басқару құралдары модулінің құрылымы мен мазмұнына шолу.

  • Қосалқы динамик пен таймерді басқару процедуралары.

  • Құрылымдық, модулдік және объектілі-бағытталған программалау концепциясы.

  • Тақырыптық файлдар. Стандартты кітапқаналық функцияларына шолу.



Әдістемелік нұсқау.Нақты тақырып бойынша теориялық мәліметтерді көрсетілген мерзімге дейін меңгеріңіз, тақырыпты толық ашу мақсатында жоспар құра отырып конспект жасаңыз.Ол үшін:

  1. Қажетті тақырыпқа қатысты дәрістегі материалдарды қайта оқып шығыңыз.

  2. Аталған тақырыпқа қатысты берілген бағдар бойынша ойыңызды жинақтап, қарастыратын сұрақтарды топшалаңыз.

  3. Сол сұрақтар бойынша әдебиеттерді қарастырып, қажетті материалдармен танысыңыз.

  4. Толық түсінген соң негізгі элементтерін конспектілеп алыңыз.



Әдебиет [ негізгі: 1-27,қосымша 1-11 ]
Сайттар:
Neb.arsu.kz
Akttobe.rntb.kz
Rmebrk.kz
Mbook.kz
www.intuit.ru,
www.bibliofond.ru,
www.allbest.ru,
www.bankreferatov.ru,
www.tutor.org


Тапсырма №2. Көрсетілген тақырыптарға мысалдар келтіру, программасының орындалу нәтижесін листинг ретінде көрсету.

  • Компьютердің логикалық құрылымы. Санау жүйелері.

  • Енгізу-шығару функциялары. Ақпаратты интерактивті және пакетті(файлдық) енгізу. Форматтап шығару функциялары мен флагтары.

  • Нәтижелі программалаларды жазудың алгоритмдік негіздері: экстремум, Горнер схемасы, тізбек мүшесі, қосындысы.

Әдістемелік нұсқау.

  1. Қарастырылып отырған тақырыпқа сәйкес мысалдар таңдаңыз, оның есебінің қойылымын анықтаңыз, яғни не берілгендігін және нені табу керектігін белгілеулер енгізе отырып анықтаңыз.

  2. Есептің математикалық моделін құрыңыз.

  3. Есептің алгоритмін құрыңыз. Дәлірек айтқанда есептің блок-схемасын жазу керек.

  4. Құрылған алгоритмге сәйкес есептің С++ тіліндегі программасын құрыңыз.

  5. Құрылған программаны енгізіп, өңдеңіз және есептеулер жүргізіңіз.

  6. Алынған нәтижелерді талдаңыз.

  7. Жоғарыдағы кезеңдер нәтижелерін арнайы дәптерге түсіріп, программасының листингін көшірмелеп алыңыз.



Әдебиет [ негізгі: 1-24,қосымша 1-10 ]
Сайттар:

  1. Neb.arsu.kz

  2. Akttobe.rntb.kz

  3. Rmebrk.kz

  4. Mbook.kz

  5. http://window.edu.ru/window_catalog/files/r59284/m07-100.pdf

  6. http://www.borland.com

  7. http://www.Inprise.com

  8. https://www.youtube.com/results?search_query- о языке программирование С/С++

  9. http://www.cyberforum.ru/cpp-beginners/thread1217689-page2.html



Тапсырма №3 Ұсынылған тақырыпта мәнжазба дайындау.

МӘНЖАЗБА ТАҚЫРЫПТАРЫ



  • Программалау тілдерінің жіктемесі

  • Құрылымдық, модулдік және объектілі-бағытталған программалау концепциялары.

  • Есептеу құралдарының негізгі түрлері. Машиналық тіл және ассемблер тілдері

  • Компьютердің логикалық схемасы. Есептеу құралдарының негізгі түрлері.

  • Операциялық жүйелердің функционалдық қызметі.

  • Машиналық тіл және ассемблер тілдері.

  • Виртуалды машинаға арналған ассемблер тілі. Автоматтандырылған құрылым және транслятордың ширақтығы.

  • Автоматтық грамматика және ақырлы автоматтар.

  • Пост машинасы.

  • Тьюринг машинасы.

  • Марковтың алгоритмі.

  • Модульдік программалау. Модулдердің міндеті, модульдердің құрама бөліктері, модульдік программалау мүмкүндіктері.



Әдістемелік нұсқау.

  1. Мәнжазба тақырыбына қатысты ұсынылған әдебиеттерді қарап материалдармен танысыңыз.

  2. Нақты мағұлматтар алған соң тақырыпты толық қамтитын жоспар құрып, оқытушыға көрсетіп, талқылап алыңыз.

  3. Қабылданған жоспар бойынша сұрақтар мазмұнын айқындайтын теориялық материалдарды топтастырып жазыңыз.

  4. Әр түрлі әдебиеттерден материалдар алу барысында сәйкесінше сол әдебиетке сілтеме жасау қажет.

  5. Мәнжазбаға кіріспе жазу барысында құрылған жоспардың мазмұнынына түсініктеме беріңіз.

  6. Қорытындылау барысында әдебиеттерді зерттеу барысында туындаған ойларыңызды, тиімді әдістеріңізді және ұсыныстарыңызды келтіріңіз.

  7. Мәнжазбаны қорғауға арналған қысқаша баяндамаңызды дайындаңыз.



Әдебиет [ негізгі: 1-13,қосымша 1-10 ]
Сайттар:
www.intuit.ru,
www.bibliofond.ru,
www.allbest.ru,
www.bankreferatov.ru,
www.tutor.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет