Білім беру ұйымының атауы №23 орта мектеп


Дебат спикерлеріне тақырып айтылады. «Адам құқығы біздің қоғамда сақтала ма?»



бет5/5
Дата08.12.2023
өлшемі26,16 Kb.
#195748
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Дебат спикерлеріне тақырып айтылады. «Адам құқығы біздің қоғамда сақтала ма?»
Бүгінгі айтылатын тақырыбымыз тың тақырып. Адам құқығына мынадай белгілер тән:

  • олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;

  • объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;

  • туғанынан беріледі;

  • табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;

  • тікелей әрекетті болып табылады;

  • ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;

  • құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;

  • жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;

  • оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.

Парламент тобының І спикері өзінің кейсін ұсынады.
І спикердің кейсін тыңдап болған соң қарсы топтың, қарсы пікірі және өз кейсі ұсынылады.
Осылайша парламент пен оппозиция спикерлері бір-бірінің сөзін бөлмей, мұқият тыңдау арқылы және уақытты ұтымды пайдалану арқылы өз кейстерін, қарарын ұсынады.
Спикерлер өз ойларын берілген уақыт арасында толық айтып, өз сауалдарына қарсы топтан пікір алмасып болғаннан кейін оларға тапсырма беріледі.
Тапсырма: Екі топ бір-біріне берілген тақырып аясында ойымызды қорытындылау үшін 1 сұрақтан дайындау және оның жауабын 3 сөйлемен айту.
Төрешілерге сөз беріледі. Төрешілер бағалау парағы арқылы спикерлерді бағалайды.
Қорытынды:
Мұғалім сөзі: Отыз төртінші сөзінде : «Адам баласына адам баласының бәрі - дос» деген хакім Абай өлеңдерінде «Адамзаттың бәрің сүй – бауырым деп» жырлап, ұлтқа, дінге, нәсілге, әлеуметтік жікке, жынысқа бөлмей баршаға махаббат сезімде болуды үндеуі, қазіргі адамзат қоғамының басты ұранына айналуы тиіс. Мынау бізге жат, мынау бізге теріс, мынау мүлде болмайды, мынау өзге діннен, мынау өзге ұлттан деп адам мен қоғам түрлі шектеу, тыйым, наразылық, жиіркеніш, жеккөрушілікті өршіткенде ешқашан келісім мен татулық болмайды. Адам құны мен құқығы кеміген, арзаңдаған, аяқ асты болған қоғамда – адам ешқашан бақытты болмайды. Адам құны мен құқығы жоғары қоғамда ғана адам өзің толық бақытты сезінеді.
Дебат ойынына қатысушы спикерлерге және төрешілерге өз уақыттарын бөліп қатысқандарыңызға рақмет. Спикерлерге тек ғана алға!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет