(Б) Бастапқы стимул. Тақтаға жазылған негізгі ұғымдарды «Азамат соғысы», «Шетел интервенциясы», «Әскери коммунизм саясаты», «Азық түлік салғырты» сөздеріне оқушылардың ауызша анықтама беруі тапсырылады. Тақырып қандай болуы мүмкін екендігі туралы болжамдары тыңдалады.
2) Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.
3) Зерттеу сұрақтары:
Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығы неде?
Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі қандай болды?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
(Б) Қысқаша шолу. Жаңа тақырыптың негізгі ұғымдарын түсіну мақсатында «сөздік мозаика» әдісін қолдану. Берілген ұғымдарды (Автономия, Ревком, Декрет, Декларация, құрылтай, құжат, шешім т.б) мағынасына сәйкес сәйкестендіреді. Бұл әдіс дерекпен (құжатпен) тиімді жұмыс жасауға негіз болады.
Зерттеу мен талдау
«Ыстық картоп »ойыны
Декрет пен Декларацияның ықшамдалған мәтінін критерийлерге сәйкес талдау және маңызын анықтауды тапсыру.
Құжатпен жұмыс жасау критерийлері:
Бұл құжат қашан және қайда пайда болды?
Құжаттың авторы кім?
Құжат мәтініндегі негізгі/жаңа ұғымдарды түсіндіріңдер.
Құжат қандай қоғам топтарының мүддесін қорғаған?
Бұл құжаттың немесе оның жекелеген бөлімдері бұдан бұрын болған ұқсас басқа мемлекеттер құжаттарынан қандай айырмашылығы бар?
Бұл құжат мемлекетке, қоғамға қандай нәтиже немесе өзгеріс әкелді?
Бейнематериалды көріп, сұрақтарға жауап беріңіздер: война 1918-1920гг.
1.Азамат соғысы қашан және қалай басталды?
2.Интервенцияның мақсаты қандай болды?
3.Азамат соғысы Қазақстанда қалай жүрді?
Қазақ Автономиялық кеңестік Республикасы құрылуына белсене атсалысқан ұлт зиялыларының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Сералиннің) ролін анықтап, қазақ жерінің қалпына келтіруінің маңызын ашып, пікірлерін дәлелдеуді тапсыру. Мысалы, АКСР-дің шекарасының белгіленуі. Картамен жұмыс түрін ұйымдастыру. Қазақ АКСР-дің территориясын, астанасын кескін картаға түсіртіп, басты маңызын жаздырту. Мысалы, ежелгі қазақ жері қалпына келтірілді. Қазақстан қалаларын Мозайка әдісімен жеке сипаттама беру арқылы топтар қорғайды.