Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет46/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

С.А. Оболенский пікірі бойынша саяси мәдениет түсiнiгiне үш негiзде анықтама берiлген. Оның ойынша 1) А.Г. Агаев, А.И. Арнольдов, Ф.М. Бурлацкий, А.А. Галкин, С.К. Рябов бұл саяси категорияны саяси қызмет, құндылық, принцип және тарихи тәжiрибе ретiнде сараптаған. 2) Ю.Ф. Ожигова, Ю.Т. Тихонов, Р.Г. Яновский адамның саяси дамуы мен белсендiлiгi және саяси тәжiрибесiн қолдана бiлу деңгейi деп есептеген. 3) Мына ғалымдар Е.М. Бабасов, Г.О. Белов, М.Т. Иовчук, Н.М. Кейзеров, Я.Н. Коган саяси мәдениет  адам күшiнiң формасы мен әдiстерi негiзiнде түсiндiргiсi келген.
Ағылшын саясаттанушылары Р. Карр мен М. Бернштейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтiк тәжiрибе, адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауы да кiредi дейдi. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтiк топтардың саяси iс-әрекеттерiндегi тәсiлдердi, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерiнiң қазыналары жатады.
Кеңес өкiметi кезiнде бұл пiкiрге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек деп есептедi. Бiрақ, бұл көзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси мәдениеттен саяси iс-әрекет пайда болады. Екiншiден, егер адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауын саяси мәдениеттен бөлiп алсақ, оның iс-әрекеттiк жағы ескерiлмей қалады. Ал, қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерiмен бiрге нақтылы iс-әрекеттiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сондықтан бiз саяси мәдениетке саяси санамен қатар iс-әрекеттер де кiредi деп есептеймiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет