Полиомиелит. Жедел инфекциялы паралич немесе полиомиелит үш түрлі вирустардың әсерінен болады. Вирустардың түсетін жері ішек жолы. Жасырын кезеңі 2 ден 35 күнге дейін созылады. Аурулармен карым қатынаста болған балалар коллективке 20 күннен соң жіберіледі. Ауру шұғыл басталып, температура көтеріледі (38—39°), бас қатты ауырады, лоқсу баста-лады, адам өзін ауыр сезінеді. 3—4 тәулікте температура төмендейді, көп жағдайда аяқ-қолдың бір жақты, арагідік екі жақты семіп қалуы байқалады, себебі вирус жұлынның алдыңғы мүйізін зақымдайды. Емдеудің тиімді жолы табылған жоқ сондықтан көп аурулар өмір бойы мүгедек болып калады.
Сақтанудың жалпы шаралары басқа ішек ауруларындағы сияқты. Полиомиелиттің өзгерген вирустарының үш типін тазалау және іріктеу жолымен алынған вакцина тиімді келеді (Сейбин, АҚШ).
СССР-де тірі, бірақ әлсіретілген вакцина арқылы белсенді иммунитет қалыптастыру жоғары тиімділікпен жүргізілуде. Бұл тәсілді совет ғалымдары А. А. Смородинцев пен П. М.Чумаков жасап шығарған. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға міндетті түрде егу жасалады. Бұл полиомиелитпен ауыруды Совет Одағының көптеген аймақтарында жоюға немесе күрт төмендетуге мүмкіндік берді.
Боткин сырқаты (сары ауру). Эпидемиялы (жұкпалы) гепатит —оның инфекциялы табиғатын ашқан орыс дәрігері Боткинннің атымен аталады. Қоздырғышы — сүзілгіш вирус — бауырды зақымдайды. Инфекция көзі — ауру адам. Ауру ауыз қуысы арқылы жұғады. Жасырын кезең 14 тен 50 күнге дейін (кейде 2—6 айға дейін) созылады. Бұл кезде ауру әлсіреп, шаршайды, тәбеті жоғалады, қабырғаның асты ауырады. Біраз күндерден соң несеп қоңыр сары тартады (қара кошқыл сыра түсіндей), ал нәжіс түссізденеді (сұр мақта тәрізді). Бірнеше күннен соң көздің кілегейлі қабығы мен тері лимон түсіндей сарғаяды. Ауырғандардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Аурулармен бірге болған бірақ ауырмаған мектеп жасына дейінгі балаларға гаммаглобулин егіледі.
Аурудың алдын алу: ауырғандарды ертерек анықтау және бөлектеу, дәрілеу, су мен азық түліктерді инфекция түсуден сақтау.
Айыққан балаларды ауруханадан шыққан соң кем дегенде 10 күнге дейін коллективке жіберуге болмайды. Аурудан айыкқан балаларға 6 айлық диспансерлік бақылау қойылады, бір жылға дейін бауырға әсер ететін ішек құрттарына қарсы қолданылатын препараттарды беруге болмайды. Бұдан бізге, оларды дене шынықтыру сабағы мен спорт үйірмелері жұмысынан босатады.
Боткин сыркатымен ауырғандардың (ересектер немесе балалар) донор болуға (қан бөлуге) қақысы жоқ. Карантин — 45 күн, гамма-глобулин егілгенде — 21 күн.