емес, сондықтан екінші реттік метаболиттер деп атайтын алмасу өнімдерінің тобына жатады. Микроорганизмдердің (антибиотик- продуценттері) даму үдерісінің ережесі бойынша екі кезеңдік си- паты бар. Бірінші даму кезеңі1 трофофаза немесе өсудің теңде- стіру кезеңі - антибиотик продуцентінің дақылында биомасса мөлшерінің көбеюімен сипатталады. Ол негізгі субстрат компо- ненттерін (көміртегі, азот, фосфор және т.б. көздері) қолдану арқылы жүреді. Ортаның рН көрсеткіші төмендетіледі, нәтижесін- де қышқыл заттар түзіледі. Екінші кезеңі — идиофаза — өсудің теңдестіру емес кезеңі, барлық биомасса мөлшерінің төмендеуі- мен сипатталады. Екінші кезең кезінде микроорганизмдердің өсуі байқалады және жаңа жасушалар түзіледі, бірақ дақылда жалпы биомасса мөлшерін төмендетуге әкелетін автолитикалық үдеріс- тердің басым болуы көрініс береді. Орта зат алмасу өнімдеріне және жасушаның автолиз өнімдеріне байланысты түседі, рН мәні өседі, антибиотиктің биосинтез процесі қарқынды болады. Анти- биотиктерді дайьшдау аяқталған сон, оларды тест-штамдарға қа- рым-қатынас белсенділігін тексереді. Шығарьшатын антибиотиктердің көп бөлігін пенициллиндер, гентамицин, цефалоспориндер, тетрациклиндер, стрептомицин- дер және т.б. қүрайды. Антибиотиктердің өнеркәсіптік өндірісін пенициллин және гентамицин сульфатының мысалында қарасты- рамыз. Пенициллин - Репісііііит поіаіит көгеру саңырауқүлақ- тардыц микробиосинтезбен алынатын антибиотик. Пенициллин синтезі үшін алғы заттары ретінде І-а-амидоадипин қышқылы, £-цистеин және Х-валин қызмет атқарады. І-а-амидоадипин қышкылы,