Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Инновациялық жобаларды қолдау инвестициясы



бет80/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Инновациялық жобаларды қолдау инвестициясы

Инвестициялық қызмет шегінде Қор инновациялық жобаларды қаржыландыруды және венчурлік қорларды құруды жүзеге асырады.
Технологиялық даму басымдылығына сәйкес 2004 жылдан бастап инновациялық жобаларды тікелей қаржыландыру және венчурлік қорларды құру жүзеге асырылуда. 2004 жылдан бастап Қор технологиялық дамытудың болашағына сәйкес инновациялық жобаларды инвестициялауды жүзеге асырып отыр. Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі формасы капиталдық акцияны сатып алуға 49% бақылаусыз қатысу үлесінің жасалуы немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту.
Қор 15 инновациялық жобаларды қаржыландырған, 55 тәжірибелі-конструкторлық өңдеулер жасаған. Қазіргі таңда Қордың қатысуымен 9 инновациялық жоба жүзеге асырылуда.
Жоғары технологиялар мен ғылымды қажет ететін өндірістерді дамыту мақсатында елдің венчурлік индустриясын дамыту және қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Өзінің қызмет көрсету жолында Қор 6 отандық венчурлік корды және 5 шетелдік венчурлік қорды капиталдандыру мен құрастыруға ат салысты. Қатысудың максималды үлесі 49% құрайды және венчурлік қорда қатысу мерзімі- 10 жыл.

  1. Инновациялық процесстерді ақпаратты-аналитикалық қолдау

Нормативтік құжаттарды өңдеу және мемлекеттік бағдарламалар. Бұл арнадағы бағытқа сәйкес инновацияны дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар қабылданған, олар технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге көмектесуге шақырылған және ел өнеркәсібін қайта жабдықтауға арналған. Алдыңғы жылдың қарашасында үкімет тарапынан Инновациялық даму бағдарламасы және технологияны жаңғыртуға көмектесудің 2014 жылға дейінгі қаулысы қабылданды, ол Ұлттық инновациялық жүйенің керекті барлық құралдарын қарастырады, сонымен бірге елдің технологиялық дамуын басқарудың нақты жүйесін құрады.
Мемлекеттің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуы туралы Салаарлық жоспары жасалды, соның ішінде 5 салаға басымдылық берілген: аграрлық-өнеркәсіп кешені, геология, ақпаратты- коммуникациялық технология, мұнай-газ саласы және таулы-металургиялық кешен.
Технологиялық форсайт. Корей ғылым мен технологияны бағалау және жоспарлау институтымен бірігіп (KISTEP) ғылыми-технологиялық форсайт өткізу жұмыстары жасалуда, ол Қазақстанның әрі қарай даму векторын, сын көтермейтін салалары мен технологияларын анықтауға бағытталған. Форсайттың нәтижелері осы жылдың соңында ғана белгілі болады. Технологиялық форсайт өзіне әлеуметтік-экономикалық бағыттардағы эксперттік бағалау әдістерінің жүйесін және инновациялық даму және технологиялық кемістікті анықтау, экономикаға әсер ету қабілеттілігі және қоғамның орташа және ұзақмерзімді болашағын қосып алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет