Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет81/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Коммерцияландыру жүйесін дамыту

2010 жылы Қор технологияларды коммерциялау жүйесін құру және дамыту ісі бойынша өз жұмысын бастады. Коммерцияландыру «ғылыми зерттеу нәтижелері мен жұмыстарын тәжірибеде қолдануға байланысты процесс ретінде анықталады».
Жыл сайын Қор тарапынан ҒЗИ және университеттерді іріктеу бойынша байқау жүргізіледі, осы арқылы олардың базасында коммерциаландыру кеңселерін құру және дамыту мақсат етеді.
ЖОО мен зерттеу институттары жанынан 9 коммерциаландыру кеңселері құрылды. Бұл кеңселер отандық ғалымдардың болашағы бар жобаларын іріктеп, олардың ары қарай коммерциялануына ықпал етеді. Ағымдағы жылы коммерцияландыру кеңселері 76 өтінішті іріктеп, оның 18 бойынша тұжырымдаманы негіздеу жұмысы жүргізілуде, ең үздік деп танылған 7 жобаға коммерцияландыру бойынша шынайы көмек көрсетіледі.
Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нарыққа алып шығу мақсатында коммерцияландыру кеңселері ғылым мен бизнес арасындағы байланыстырушы звено болды.
Барлық қажетті элементтер кірістірілген коммерцияландырудың тиімді жүйесін дамыту білімге негізделген экономиканы құрудың іргетасы болып табылады және ел аймақтарының инновациялық дамуында үлкен импульс болды. 

  1. Инновациялық қызметті тарату

Қазақстан экономикасының инновациялық құрылымын белсенді түрде арттыру, жоғары технологиялық кәсіпорындарды дамыту және тарату, тұрғындардың көп қабатының ұлттық инновациялық саясаттан хабардарлығын арттыру мақсатында кең масштабта насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайынға негізде өткізіледі: Халықаралық Инновациялық конгресс, NIF$50K инновациялық бизнес-жоспарлар мен рационализаторлық шешімдер байқауы, «Өрлеу ақпараты» журналистік материалдар байқауы,,сондай-ақ отандық инновациялық жобалар көрмесі.

  1. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту

Тиімді инновациялық инфрақұрылымды дамыту инновациялық инфрақұрылым субъектісінің технопарктер, конструкторлық бюро, технологиялар трансферті орталықтары, «Алатау инновациялық технологиялар паркі» АЭЗ-ін басқару және құру қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстандағы инновациялық саясатты жүзеге асыру шеңберінде 8 аймақтық технопарк құрылып, қызмет атқаруда және 3 конструкторлық бюро құрылды.
Технопарктердің басты міндеттерінің бірі инновациялық қызмет субъектілеріне технологиялық бизнес-инкубациялау қызметін көрсету.
Конструкторлық бюролар отандық кәсіпорындарында жаңа өнімді игеруге ықпал етуге бағытталған.
Сонымен қатар, «Инновациялық технологиялар паркі» (ары қарай – ИТП АЭЗ) арнайы Экономикалық зонасы құрылды.
«ИТП» АЭЗ - бұл интеллектуалды, инвестициялық және өндірістік ресурстарды жоғары технологиялы бизнесті дамытуға қолдану орны, сонымен қатар «ақылды қала» яғни бәсекеге қабілетті үздік шетелдік аналогтармен салыстырғанда инновациялар генерациясының көзі рөлін ойнайды.
ИТП АЭЗ аймағында өзін өзі қамтамасыз ететін инновациялық кластер ашу жоспарланып отыр, ол «білім беру-ғылым-технология-өндіріс» принципімен ғылыми-білім беру, жобалық-конструкторлық және өндірістік құрылымдарды экономиканың болашағы бар салаларында біріктіреді.
2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық бағдарламаны іске асыру аясында біз технологиялардың белсенді трансфертін және өндіріске алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді жүзеге асырып отырмыз. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында шетелдік серіктестермен біріккен технологиялар трансферті орталығын ашу жұмысы және технологиялық ынтымақтастық бойынша жұмыс жасалуда, осылардың ішінде осы уақытқа дейін құрылғандары:
- Технологиялар трансфертінің Қазақстан – француз орталығы;
- Қазақстан-корей технологиялық ынтымақтастық орталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет