Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008
МҰРАҒАТ МУЗЕЙ, Мұражай – архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақТалатын мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақгайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да М. деп аталады. Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда, Ежелгі Грекияда, Римде, т.б. елдерде мемл. дәрежеде қолға алынды. Қазақстанда дербес М.–тың пайда бо–луы Бөкей Ордасы мұрағатымен байланысты (XVIII ғ.). Қазақстандағы М. жүйесі (респ., салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен, XX ғ–дың 20–30 жылдары қалыптасты. Ұлттық М. ісінің бастауында А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды қоғам мәдениет қайраткерлері тұрды. Қазіргі М–тарда дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және көшірмелерімен қатар фото–киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері сақталады. М–тарда мәңгілік мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер мемлекеттің ішкі–сыртқы жағдайы, экон., саяси–идеол. қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан М–ның қызметіне халықар. байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр. Қазақстан мұрағатшылары "Ғасыр соңындағы мұрағаттар: өткен жолды бағалау және болашаққа көзқарас" тақырыбымен Мұрағаттардың Халықаралык Кеңесі өткізген М–тың халықар. 13–конгресіне (Пекин, 2–7. 09. 1996 ж.) қатысты.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
МҰРАЖАЙ, МУЗЕЙ – тарихи–ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, насихаттап ғылыми–танымдық қызмет атқаратын мекеме. М. заттық және рухани кұндылықтарды танытуда, ғыл. тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім–тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. М. ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғыл. мекеме ретінде өскелең ұрпактың тәрбиесіне, тарихи сананың калыптасуына ық–пал етеді. М. алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық кор ретінде қалыптасты. М–лардың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада тарихи мұражайлар XVI–XVIII ғ–ларда пайда болды. М–дың қалыптасуы сана–сезімді оятуға, мәдени–саяси идеяларды (ой–сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 ж. Германияда өнер М–лары құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда археол. бағыттағы және әскери–тарихи М–лар құрылды. XIX г. этнограф. зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнограф. М–лер құрылып, олар ғыл.–зерттеу орталықтарына айналды. М. негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи М–лар (жалпы тарих, археол., антропол., этнограф., нумизмат., т.б.), көркемөнер М. (көркемөнер, мүсін, қолөнер, театр, музыка, кино, т.б. М–лар), жаратылыстану М–ы (биол., зоол., геол., минералдық, палеонтол., т.б.) тех. М–лар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау–кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді М–лар (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану М–лары), мемориалдык М–лар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке, ғылымға еңбегі сіңген беделді адамдардың жеке өмірі мен кызметіне арналған М–лар. М. ісінін негізгі бағыттары –мұражайлык мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, М–дың кадрлық жүйесін жетілдіру. Бұл мұралар қазіргі таңда Қазақстан Орт. Мемл. мүражайының негізгі қорын құрауда. Қазақ–станда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. –29 М–лар болса, қазіргі таңда М–лар саны 154–ке жетті. Онт. мемл. М. (1930), Ә.Қастеев атынд. респ. өнер М–ы (1935) Президенттік мәдени орт. (2000), Мемл. алтын және асыл металдар М–ы (1994), Қазақстан ҒА Археология М–ы (1973), Ұлттық ва–люта М–ы (1993), Кітап М–ы (1978), Ықылас атынд. Респ. халық саз аспаптар М–ы (1980), "М.Әуезов үйі" ғыл. орт. М–ы (1962), т.б. Мемор. М–лар да Қазақстанның тарихи–мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемл. тарихи–мәдени қорық М–ы, Абай–Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғазиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемор. М–лары. 1889 ж. 20 маусымда халықар. "Музейлер ассоциация–сы" құрылды. 1918 ж. Халықар. мұражайлар бюросы құрылып, "Му–зей" журналын шығарды. Бүл ЮНЕСКО–ның "Музеум" журналы–ның шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО–ның құрамына енген Халықар. М–лар Кеңесі құрылды.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
Мұрат – алдыға баянды мақсат мүдде қоюмен байланысты этикалық жүйенің түйінді ұғымы. Әдептік нормалар әдетте күнделікті күйбең өмірдің тар міндеттерінен жоғары, болашақпен байланысты тұжырымдалады. М. – тұлға немесе әлеуметтік топтардың мінез–құлқы мен арман–тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын “рухани күш, үлгі–өнеге. Арман мен М. құстың қос қанатындай өмір шындығынан туады, олармен рухтанған адам қиыншылықтан құтылуды аңсайды. Арман мен М. адамның өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Шындық – бұл іске асырылған арман болса, М. – алыстағы көкжиек. М. туралы нақтылы ұғымға жету үшін оны этномәдени контекстіде қарастырған жөн. Жоғарыда аталып өткендей, хандық дәуірінің ақын–жыраулары мұрат сияқты қазақтың ділдік, әдептік түсініктерін төлтумалық сипатта барынша суреттеп берген.
Жаңа қалыптасқан мемлекет үшін басты М. – ел берекелігі және оның тұтастығы жолындағы қажымас қайратты қажет ететін күрес. Бұл М–ты іске асыратын тұлға–көркем әдебиетте сомдалған батырдың бейнесі. Қуаң даланы алғашқы игергендер – номадтар және оларды басқа мәдени ареалдар (орман, тау, суармалы алқап және т.б.) көп қызықтыра қоймаған. Көшпелілердің өзіндік санасында дала ол үшін ең қолайлы мекен болып есептелген. Қазақ сахарасы қазақ елінің балама түсінігіне айналған. Өзен мен көлдің өзі жайлауға ыңғайлы жер деп есептелген.
Адамзат ұрпағы өз мүмкіндігін табиғат құбылыстарымен де шамалай алатынын әсіресе үндестік сазы, үйлесім (гармония) ұғымымен айқынырақ түсіндіруге болады. Өйткені жан иесі өзінің белгілі бір дәрежеде жаратылыс жұрағаты екенін сезінбей жүре алмайды. Әлде–бір адам болмысын, көңіл–күйі, жан сарайын, қажет кезінде сыртқы мүсін–келбетін жете таныту үшін де көркем шығармада жаратылыс құбылыстарының тікелей көмекке келетін сәттері аз емес. Гармония дейтініміздің бір көрінісі сол. Қазақтың өнегелі бата сөзінде ең бірінші үміт жерге, сосын сол жердегі ерге және осы ерді өсірген елге айтылады.
М. ретінде қастерленетін – туған табиғат дәстүрлі қазақ дүниетанымында, батысты – бағындырылуға тиісті табиғат түсінігінен мүлдем басқаша қабылданады. Тел (бинарлық) оппозицияға негізделген көшпелі қазақтардың тіліндегі табиғат туралы түсініктері ұтымды болғандықтан, табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет пен бірлікте ғана көрінеді. Біріншіден, М. шексіз ізгілік, мінсіз жағдаят, абсолютты жетілгендік деп түсіндіріледі. Бұл мағынада М. діни түсініктегі түпмақсат “жұмақ” ұғымына сәйкес келеді. Екіншіден, М. мақсат, арман–тілек, ең жақсы қоғам, мінсіз адам дегендерге жақын мағынада қолданылады. Бұл әр түрлі утопиялық ілімдерге тән позиция. Үшіншіден, М. ұғымы ішкі құндылығы жоғары және жеткілікті тұтастықпен байланыстырылады. М. жеке тұлғадан гөрі, жалпылама әлеуметтік тұтастыққа көбірек иек артады.
Қызығушылық – тіршілік иесі адамның өмірге деген құштарлығы және оны нәпсіқұмарлықпен теңеуге де болмайды. Нағыз кісіде қызығу имандылықпен бақыланып отырылады. “Қызығу” позициясы тіршілікті жандандыратын, оған мән мен мағына беретін бастауды білдіреді. Онсыз кісі құштарлықтан айырылып, тірі өлікке айналып кетуі мүмкін. Қызығу абстрактыланған бейне емес, ол “өмір қызықтары” ретінде нақтылы көрініс табады. Қызықты өмірде М. тіршілік мақсаттарына айналады және бұл мақсаттар кісілік қасиеттерді бекітуге бағытталады. Әрине, бұл М–ты нәпсіқұмарлыққа шақыру деп анайы түсіну дұрыс емес. Дәстүрлі әдеп адамдық толыққанды тіршіліктен бас тартуды қаламайды. Ел М–ы мен ер М–ы бір–бірімен тұтас әрекет етеді. Хандық дәуірдегі толассыз жаугершілік елдік М–тарды алдыңғы қатарға шығарып отырады. “Өзім жаман болсам, ағам жақсы”, “у ішсең де руыңмен іш” деп жариялаған қоғамда, оған қоса қатал, қуаң далада жалғыз өмір сүрудің мүмкіндігі жоқ еді. Сол себепті кісілік еркіндіктің өзі шектеулі болды. Әрине, рулар арасында оппозициялық қатынастар да белең алып отырды. Бұл, әсіресе, бейбіт кезеңдерге тән еді. Бірақ, тоқтаусыз сыртқы қауіп рулық еркіндікті ортақ мүддеге бағындырып отырды және жеке кісінің жоқтаушысы рулық мүдделер этник. тұтастыққа тәуелді бола бастады. Саяси–потестарлы биліктің қай бөлігінде болмасын көсемдерді жеке басының қабілетіне байланысты қолдау, мойындау басым. Бұл меритократиялық принцип саяси биліктің өміршеңдігінің бірден–бір кепілі. Қай ру болмасын өзінің басшылығынан жігерлі адамды көруге ықтиярлы және мүдделі. Сол сияқты хан сайланар адамның ел тізгініне ие болар қабілетін айрықша ескереді. Яғни, хан–сұлтандар ел мұратына сәйкес болуы міндетті. Айталық, ақын–жыраулар Абылай сияқты хандарды үлгі–өнеге тұтып, оларда кездесетін жеке кемістіктерді аяусыз сынап отырған. Мәселе – қазақ сахарасында қалыптасқан үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше бітімінде. Адамдық қарым–қатынастарды реттеуде ақын–жыраулар жоғары үлгі – ел М–ын білдіретін төрешілер қызметін атқарған. Егер елбасылар осы М–тарға сәйкес болмаса, ақын–жырауларда оларды аяусыз және өткір сынға алған.
МҮСІНДЕМЕ, мүсін, скульптура бейнелеу өнерінің бір түрі. М. туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) кеңістіктік көлемде жасалады. М. қатты немесе пластик. заттардан құралады. М–нің тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символик. фигуралар, анималистік мүсіндер. М–нің көркемдік тілінің бір ерекшелігі көп жағдайда жасалу техникасы мен пайдаланатын материалдарына байланысты болады. М. мазмұнына қарай монументті сәндік, қондырғылы немесе шағын пошымдағы М. болып екіге бөлінеді. М–нің өңдеу тәсілдері: ою, кұю, шеку. М. негізінен 2 түрге бөлінеді: жүмыс және рельефті. М–нің әр қайсысы бір–бірімен мазмұндык жағынан тығыз байланысты.
НАМЫС қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі. Н. өз бойына сан қырлы биік мағыналар мен асыл құндылықтарды жинаған, қазақ өмірімен біте қайнасқан, ғасырдан–ғасырға жалғасып келе жатқан ұғым, қазақ табиғатының ажырамас бөлшегі. Н. әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын, ар–ұяты мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі “Менін” аса жоғары, асқақ, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл–оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуі. Н–тың қарапайым түсінігі тек сезіммен байланысты қарастырылады. Жалған намыс осы сезім деңгейінен көтеріле алмайтын, ақылдың бақылауынан шығып кететін, соның нәтижесінде адамды адастыруы мүмкін Н.. Ақиқат Н. жалған Н–тан жоғары, ол ақылмен үндеседі, оған бағынады. Мұның жақсы мысалдарын қазақ халқының қаһармандық және лиро–эпостарынан табуға болады. Эпостарда Н. батырдың қарапайым ішкі “Менінің” көрінісі ғана емес. Қазақ батыры әдетте өр мінезді, қызба, көзсіз ер, оның Н–ы рухани–психологиялық күш ретінде, бейсаналық деңгейде сыртқа шығады. Қазақ батыры Н–ты ақыл деңгейінде де түсіне білді, жеке Н–ты ұлттық Н–пен толықтырды. Батырлар жырындағы қарапайым жеке Н. одан күрделі рулық, жүздік және ұлттық Н. дәрежесіне дейін бірте–бірте дамиды. Батыр үшін ұлт, халқы Н–ы оның өзінің жеке Н–ынан, тіпті өмірінен де қымбат. Қамбар, Алпамыс, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай батырлар ұлт Н–ы жолында өлімге бас тіккен.
Қаһармандық жырларды мол суреттелген жеке және ұлттық Н–тың ұлттық рухани–құндылықтық феномен екендігін қазіргі заманда ерекше есте сақтау қажет. Н–ты жалған рулық өрлік, жалған жүздік мақтанышпен шатастырмай, тәрбиелілік, білімділік, даналық, ұстамдылықпен ұштастыра отырып, ұлт, мемлекет деңгейіне көтеруге әбден болады. Қазіргі қазақ ұлтына жетпей отырған қасиеттердің бірі осы Н. Ұлттық Н–сыздықтың тамырына үңілсек, оның түп–төркіні күні кешеге дейін үш ғасыр бойы жүйелі түрде жүргізілген отарлық саясат деуге болады. Соның нәтижесінде қазақ халқының ұлттық Н. туралы түсінігі біршама төмендеді. Ұлттық Н–тың серпілісін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары айқын көрсетті. Н. ұлт пен мемлекет тәуелсіздігінің маңызды компоненті, қазақ ұлты үшін өмірмәндік мәселе. Ұлттық Н–сыз ел болып, жеке Н–сыз адам болып өмір сүрудің мәні жоқ.
Н–қойлық – бұл әр адамның ар–ожданын, имандылық қасиетін көздің қарашығындай сақтай білу мен көрінетін қасиет. Н. ұғымы жеке адаммен қатар ұлт, этнос мақтанышына қатысты айтылады. Қай халық болмасын өзінің ұлы мен қызын қаршадайынан Н–қа баулып, отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне кір келтірмеуін қатты ескерткен, «арым – жанымның садағасы» деп ар–намысты бәрінен де жоғары бағалаған. Қазақ халқының әргі–бергі тарихынан бұған мысалды көптеп табуға болады. Мәселен, 1986 жылы 17–18 желтоқсанда қазақ жастары, Қазақстанның басшысы қазақ ұлтынан, не болмаса қазақстандық болсын деп заңды талап қойып, ұлттық Н–ты қорғады. Осынау әділетті талап–тілек аяққа тапталып, арты қанды қырғынға ұласып, қаншама адам қаза болды. Қазақ қыздарына қол тигізіп жатқан қарулы милиция қызметкерлерінің дөрекілік ісіне шыдай алмаған жас өрен Қайрат Рысқұлбеков нағыз азаматтық, жігіттік Н–пен осындай әділетсіздікке қарсы тұрып араласып аяусыз жазаланды. Ол өлімге кесілсе де оған қасқая қарап тұрып, тергеушілер алдында басын имеді. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде кісілікке жетелейтін рухани күштердің арасында Н. ерекше рөл атқарады. Н. адамдық Менді қайрай түседі; “ерді – намыс, қоянды – қамыс өлтіреді” дейді халық. Н. адамгершілік қасиеттің ең бағалы көріністерінің бірі. Әрине, Н–тың түрлері көп. Ол отандық Н., ұлттық Н., діни Н., жершілдік Н., рулық Н., жыныстық Н., отбасылық Н., мамандық Н. болып бөлініп кете береді. Н. бар жерде жігер қайсарлық бар, мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын табандылық бар. Н–ы жоқ ар–ұяттан, тіпті адамдық бейнеден айырылады. Н. азаматтықтың басты бір көрінісі.
Тарихтан әр түрлі себептермен қазақ халқының боданға айналғанын, халық арасында құлдық психологиясы, жасықтық, үрей, қорқыныш сияқты сезімдердің де тарағанын бекерге шығара алмаймыз. Қазіргі заманға байланысты Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ». Қазақтың дәстүрлі әдет құқығы немесе әдеп жүйесі туралы сөз болғанда жалпыадамзаттық нормалармен қатар діни ықпал арқылы енген, алайда ұлттық дәстүр құндылықтарын өз бойына жинақтаған ұғым–түсініктерді де естен шығармаған жөн.
Нәпсі – діни әдебиеттерде жанның баламасы ретінде беріледі. Ол адам тәнінде екі түрлі қызмет атқарады: 1) тіршілік ету қабілетін қамтамасыз етсе; 2) тәннің қалауын, тілегін білдіреді. Анахарсис: “Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста” –дейді. Ислам діні бойынша, Н. адамның онтологиялық болмысы болып табылады. М., “Адам ата мен Хауа ана” қиссасында Алла тағала адам денесін жаратқан төрт затының бірі оттан адамның төрт қасиетінің бірі – Н–нің жаратылғаны айтылады. Әл–Кинди адам Н–ге байланса соншалықты еркін бола алмайды деп санайды. Әл–Ғазали қылықтары тек Н–лік және тәндік қалауларды орындауға бағытталған адамның жануарлар деңгейінен аса алмайтындығын атап көрсетеді. Сопылық дүниетанымда адамның басты мақсаты – жанды, көңілді Н–нің бұғауынан босату болып табылады. Шәкәрім философиясы бойынша, адамның бойында оны жүгендей білу керек, оның толық жоққа шығаруға болмайды. Н. Құмарлығы бар. Н. – адамның жалғандық болмысы, оның шектеу күші – ақыл. Н–құмарлықпен шендеседі. Н–нің жетекшісі – құмарлық. Бірақ құмарлықтың екі жақты болатынын мойындау керек. Теріс құмарлықпен бірге, оң құмарлық та болады, мысалы, білімге, ғылымға, өнерге құмарлық. Теріс құмарлықты сипаттай келе, Шопенгауэр: “Құмарлық, өткір сезім қанша қызықты болса да – адамның өмірі одан да қымбатты да ардақты екенін ұмытқан адамдар – құдайдан безгендер деген жөн” – деп айтқан. Мыс., жұмақтағы Адам ата мен Хауа ананың жарасымды тіршілігі ұзаққа бармады, арасына тән азығы – Н. еніп, жасалған тиымдардан ауытқып, құдіретті жұмақ кеңістігінен қуылды. Осы сәттен бастап адамның жер бетіндегі ғұмыр–тіршілігінде – қайғы мен қасірет дейтін жаңа түсінік пайда болды.
НЕМІСТЕР (өз атауы – дойче) – Германия Федеративтік Республикасының байырғы халқы. ГФР–да (80 млн–ға жуық, 2004), сондай–ақ Америка, Австрия, Африка, Азия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 86 млн. адам (2004). Антропологиялық жағынан еуропоидтық нәсілдің атлант–балтық тобына жатады, орта еуропоидтық нәсіл өкілдері де бар. Неміс тілінде сөйлейді.
XVIII – XIX ғасырлардағы соғыстар, эконом. күйзелістер Н–дің біраз бөлігін басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр етті. 1870 – 71 ж. Бисмарк барлық Н. жерін біріктіргеннен кейін, елде өндірістік қатынастар дамыды. Н–дің ұлт болып топтасуы аяқталды. 1–дүниежүзілік соғыс пен 2–дүниежүзілік соғыс кезінде Н. зор шығынға ұшырады. 1949 ж. Германияның бұрынғы жерінде саяси–әлеуметтік жүйесі бір–біріне қарама–қарсы екі мемлекет құрылды. 1990 жылдан бастап, екі мемлекеттің қайта бірігуінен кейін ГФР өкіметі шет елдердегі (Балқан елдері, ТМД т.б.) Н–дің тарихи отанына қайтуына жағдай туғызды.
Мәдениеті. Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы. Балық аулаумен де айналысады. Ұлттық қолөнерінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа әр алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. Табиғи–климаттық, ұлттық, шаруашылық жағдайларға байланысты тұрғын үйлердің төрт түрі қалыптасқан. Олар жергілікті жағдайларға сай кірпіштен, ағаштан, саз балшықтан, арасына ағаш тіреулер бекітіліп тұрғызылған.
XVI – XVII ғасырларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін ХХ ғасырдың ортасына дейін сақтады. Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз–әңгімелер, ертегілер, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады.
Қазақстанда 1990 жылдарға дейін 1 миллиондай Н. тұрды. Олар 2–дүниежүзілік соғыс басталғанда республикаға күштеп көшірілген болатын. Дегенмен олардың Қазақстанға келу тарихы одан да ертерек. Н. Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінің басшылары қызметін атқарған 13 адамның көпшілігі немістерден шыққан генералдар болатын. Олар Х.Т. Киндерман, И. Крафт, Д. Риддер, К.Ф. Фрауендорф, Г.Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапъе де Колонг, Г.Э. Штрандман, Г.И. Глазенап және басқалары еді. Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы К.П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек те, Дала өлкесінің генерал–губернаторы М.А. фон Таубе де Н. ұлтынан еді.
Н. жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің бастамашылары бола білді. Дәрігерлер, мұғалімдер, тау–кен инженерлерінің арасында да неміс ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Н. негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы н.–дің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі Н. санының арта түсуі ХІХ–ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген Н. негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Н. сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өндеуде белсенділік танытты.
Н–дің өздерінің жеке ғибадатханалары және мектептері болды. Олардың арасында өзін–өзі басқару дәстүрі күшті сақталған еді. Н–дің елді мекенінде халық әлдеқайда ауқатты тұрды. Олар жинақылығымен, еңбек сүйгіштігі және адалдығымен ерекше көзге түсті. Өздерінің ұлттық тілін, дінін, әдет–ғұрпы мен салт–санасын, дәстүрлерін берік сақтауға тырысты. Н. өздері қауым болып жинақы қоныстанды. Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы Н.–дің 85 пайызын шаруалар құрады.
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы Н–дің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде немістердің Еділ бойынан, Қара теңіз жағалауынан ағылып келуі күшейе түсті. Сондай–ақ Н. қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді. Кейінгі жылдары көпшілігі тарихи отанына кетті. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуығы қалды. Олардың ұлттық–мәдени орталықтары жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығады.
НООСФЕРА, а қ ы л – п а р а с а т с ф е р а с ы – биосфера дамуындағы, адамның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең. Н. ұғымын ХХ ғ. 20 ж. француз философы, Э. Ле Руа енгізді. В. Вернадскийдің Ле Руа биосфера дамуындағы биохимиялық процесстердің маңызын негізге ала отырып өз еңбектерінде биосфераның Н–ға эволюциялануын дамытты. Ол, заттың жандануы мен адами мағына алуын, “жердің” геологиялық дамуының заңды кезеңдерін білуі және адамның бұдан кейінгі эволюциясы ой мен рух шешуші маңыз алатын дәуірмен байланысты деп пайымдайды. Араға ондаған жыл салып Н. теориясы В.И.Вернадский мен Тейяр де Шарденің іс жүзіне бір кезде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екі ғалым да дүниетанудың бастау тұсы Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция процессімен байланысты дегенді негізге алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентрациясымен, оның өз–өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде Н–ның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әрі қарай жалғаса, жүре береді. Шарден пікірінше Н–ның бұдан арғы эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы деп танып жоғары бағалады.
Мәдени–философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж.т.б.. Алматы, 2007.
нысап, ынсап Ғылыми әдебиетке соңғы жылдары ғана ене бастаған, қазақ дәстүрлі әдебінде этикалық ұстаным ретінде қолданылатын әдептік ұғым. Осындай ұғымдардың бірі – Н.. Н. – әдептіліктің басты нышандарының бірі. Ол әділдікті, турашылдықты, уәдесіне адалдықты, өзінің және басқалардың алдындағы шыншылдықты, өзге адамдардың да құқын мойындау мен құрметтеуді қамтиды. Н–тылық адамдардың іскерлік іс–қимылдарына байланысты және олардың талаптары мен әрекеттерін қадағалап, әрі үйлестіріп отырудан туындайды. Адамдар арасындағы қанағат пен тойымсыздықты бағалау да Н–қа байланысты. Сондай–ақ ол адамның қоғамда атқаратын рөлі мен әлеуметтік ахуалының үйлесуін, кісілігі мен оны бағалаудың құқылық және міндеттілік қатынастарын көрсететін, жалпы адамзаттық ұғым түсінігіне сай келетін тұрмыс тәртібі. Сол үшін біреудің өз мүддесіне бағып әділдік, туралықты бұзғанын, мүмкіндігін пайдаланып, кісі ақысын жегенін, жамандық жасағанын, дүниеге, байлыққа көзі тоймай алдарқатып өтірік айтқанын көргенде, халық ондай адамды “Н–сыз” дейді. Сонымен, Н. кісіліктің өлшемі, адамдықтың құндылық деңгейіне жатады.
обал және сауап. Көшпелі қазақ мәдениетінде адалдық өзіне берілген бүкіл игіліктердің қадірін білуге шақыратын, ысырапшылдықтан берекесіздіктен сақтандыратын жамандықтан тиятын ұғым түсінігінің моральдық реттеуші қызметі жоғары болған және бұл ұғымдар діни мазмұннан бастау алған. О. — жақсы нәрсенің қадірін біл, оны тастама, ластама түбінде кесірліктің зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді. Бұл — қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға, яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген сөз. Мәселен, біреуге қиянат жасау — О. Нанның түйірін аяққа басу, не оны рәсуа ету де – О. «Судың да сұрауы бар» дегендей тамақты босқа ысырап ету, соны жасау үшін төгілген терді, қажырлы еңбекті бағаламау деген сөз. Көргенсіздік пен әдепсіздіктің осындайлардан шығатынын түсіну қиын емес. О. Ұғымы–сауап болар іске қарама–қарсы мағынаны білдіреді. Сондықтан, “Обал–сауапты білу тіркесінде екеуі қатарласы қолданылып адамның жақсы–жаманды ажырата білуін көрсетеді”. О. ұғымы біреуге қиянат жасаған жағдайдың бәрінде де орын аласа, сауап — бұл айналадағы жанды–жансыздың бәріне бірдей жақсылық жасауға, қамқорлық көрсетуте байланысты айтылатын ұғым. Мәселен, құстың ұясын түзеу, жетім–жесірге қарайласу, аяқ астындағы нан қалдықтарын көтеріп алу — бұл С.іс
О. мен Сауап ұғымдары қазақ ырымдарында жан–жақты көрініс тапқан,мәселен, «Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса – бас ауруға шалдығады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады деп пайымдайды». О. мен С. нормалары ауызекі мәдениетте киелілік түсінігімен астас келеді. Оның негізінде анималистикалық, тотемистік және фетишистік көне нанымдар да жатыр.
ОЙЫН – дәлел–дәйегі нәтижесінде емес, үдеріс өзінде болатын, қимыл–әрекет түрі. Оның – мәдениет пен оның жекелеген формаларының пайда болуына және жұмыс істеуіне негіз болады деген теорияны құптаған ХХ ғ. Х. Ортега–и–Гассет, И. Хейзинга, Е. Финк, Г.Гадамер және басқа мәдениеттанушылардың әртүрлі концепцияларынан пайда болды. Голанд ғалымы И.Хейзинга ежелгіден қазіргі кезеңге дейінгі мәдени шығарм–ты ойын деп қарастырады. Ол Канттан басталып, Шиллер т.б. жалғастырған өнер генезисін спонтанды, ешқандай да мақсаттан тәуелсіз, мүддесі жоқ қызмет ретінде О–нан тарата пайымдау дәстүріне сүйенеді. Мәдени даму барысында қоғам пайдаға деп қойып мәдениеттің еркін рухы жоғалып, ойын элементі екінші қатарға жылжиды. Ортега–и–Гассет көпшілік мәдениетіне — негізі О-ға сүйенетін элитарлық мәдениетті қарсы қояды. Шығарм–тың еркін рухы, қиял ұшқырлығы, сырттай бақылаушылық шын өнердің О. өлшемдеріне үндес сипаттары. Финк мәдениеттің пайда болуын О–мен байланыстырады, себебі О. болмаса адам баласы өсімдік тектес болар еді. Адам үшін О. бәрін де қамтитындықтан О. адамды табиғаттан жоғары дәрежеге көтереді де, мәдениет феномені пайда болады. Гадамер тарих пен мәдениетті тіл стихиясындағы ерекше О. ретінде талдады: бұл ретте адам өзі қиялынан тудыратын рөльден гөрі басқаша рөльде болады.
Ойын–сауық – өнер, еңбекпен келетін өнеге; ереже бойынша жүзеге асатын өнер; адамдық еркіндік пен азаттыққа оттық; түрлі қасиеттері тоғысатын, қабілеті озатын өнерлілерге еліктеу; адам бойындағы ширақтық пен шеберлікті көп алдында қасиеттейтін, қызығы мол той–думан; адамдар арасындағы қарым–қатынас әдебін қалыптастыратын мәдениет мектебі. Әсемдікке қызығып салтанат құрмайтын ел, тамашада сауығып серпілмейтін ұрпақ, ойынға әуестеніп бәсекелеспейтін бала жоқ.
О.с.–ның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Қашанда адам ойнап–күліп көңiл көтерген, халық сауық құрған. Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан – “таяқ жүгiрту”, “асық”, “ақсүйек”, темiр дәуiрiнде тараған – “қарагие”, “садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi – “ақбайпақ”, “алтыбақан”, “арқан тартыс”, “белбеу тастау”, “жасырынбақ”, “көршi бұғынай”, “айдапсал” т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы ма, ханды қара басты, “шалма”, “қарамырза”, “сайыс”, ат үстiндегi “тартыс”, “аударыспақ”, “балтам тап”, “аударыспақ”, “көк бөрi тарту” сияқты О. түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид–ад дин, Низами әл–Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари, Мхаммед Хайдар Дулати сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың ХIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында “Қыз қуу” ойыны мен “Қыз бөрi” ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.
Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:
Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: “асық”, “бестас”, “лек жалау”, “сиқырлы таяқ”, “бақай пiстi”, “жылмаң2 т.б.; 2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: “соқыр теке”, “түйе–түйе2, “ақ байпақ”, “көк сиыр” және т.б.; 3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: “шалма”, “бөрiк жасырмақ”, “түйiлген шыт”, “тақия теппек”, “белбеу тастау”, “орамал тастау”, т.б.; 4. Құрал–жабдықсыз ойнайтын ойындар: “айгөлек”, “ақсерек–көксерек”, “шымбике”, “мәлке тотай”, “тоқтышақ”, “шертпек”, “жасырынбақ”, “бұғынай”, т.б. Ұлттық О.–с.–тар – ұрпақ пен елдiктiң елшiлiгi, халықтың әдет–ғұрпының көрiгi, әр перзенттiң жүрегiндегi жігер; дене шынықтыру мен өнегелiк түрi, адамды сыйлау, сауық құру, елдi өзара табыстыру әрекетi.
Халықтық О–дар бiртiндеп дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды. Халықтық О–дар бiрде әдет–ғұрып негiзiнде тамыр жайды, бiрде жасөспiрiмдердiң қозғалмалы О–дары ретiнде өрiс алды. Наурыз – нағыз О–с., көптік шеру мен өнер тоғысқан халықтық мерекенiң думанды салты. Наурыз мерекесінде үлкен мен кiшiнiң, еркек пен әйелдiң, ақын мен бишiнiң, ауылдағы мен қаладағылардың әдет–ғұрпы, салт–дәстүрі және жарыс өнерлері бір–бірімен үйлеседі. Кейде О–дың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны мен тәртібі сақталып қалған, сүйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде “орда”, “тоқтышақ” сияқты атауы да бар немесе “лек жалау” О–ның “шiлiк”, “қарыс ағаш”, “шілдiк” және т.б. түрлерi бар. Бұл О–ды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған.
О – барысында адам: а) еркін, болмыстан қысым сезінбейді, ол сыртқы әлем заттарымен де, адам қабілетімен де еркін қатынаста болады; ә) адамдық және әлеуметтік қатынастарды жасайды, әрі игереді; б) адамаралық, ұрпақаралық қатынастар жүйесіне енеді. О. – ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi, әркiмге қолайлы және ән–бимен өрнектелген сауық түрi, көңіл көтеретін думанды жиын той. Қазақ күнделікті тұрмыстағы жетістікті мадақтап, кем–кетікті әзіл–қалжыңмен мінеп қана қоймай, тамашадағы, махаббаттағы, жорық–жарыстағы үлгілерге еліктеп, жиі сауық құрды. Осыдан О. – күлкі және әзіл деген түсінік кең таралды. Шаруашылықтан бос кезде той–думан жиi атқарылды.
Елі мен жерін сүйген жан ғана ойыншыл, өнерпаз, сауықшыл болды, өнерімен көптің ықыласын жаулайды. Адам О. арқылы а) тіршіліктің қуаты мен суатын, ритмі мен үндесушілігін, айбыны мен игілігін өз болмысына аударады; ә) ересек өмірге дайындалды; б) өзін салтанатты өмірге сайлады, мерекелі күн мен үмітке баулыды. Соның ішінде тәндік, жандық, парасаттылық, моралдық, рухани құндылықтардың қабысуы, жеңіске жетуі айқын білінеді.
О.– адам тіршілігі мен тынысының қажеттілігі; адамды, ел–жұртты жаттыққа жiбермедi, тұтастыққа тартты. О.–с.–та адам табиғатпен табысты, тынысын кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдiкке қызығу, оны тамашалау көшпендiлердiң жас кезiнен қанына сiңген қасиет. О.–с. көп нәрсені ұқтырды, көп нәрсеге куә етті.
О.–с. – ақыл мен жiгердiң тартысы, қозғалыстағының таласы мен жарасуы, мықтылар мен ептiлердiң жеңiсi; әзiл–әңгiмесi мен әдебi жарасқандардың сәндiлiгi мен сенiмдiлiгi; тапқырлықтың, ептiлiктi үйрену, батылдықпен үйлесу; нақты мақсатқа ұмтылу, жүйелi әрекеттi ұйымдастыру, нақты әдiстi ұту. О.–с. жамағаттың белдесуi, бәсекелесуi, бауырласуы немесе айтысуы, аңдысуы, айқасуы; шабуылдан қорғану, шабытты қолдану, мұндай бәсекелi қатынаста тазалық, тұралық, татулық жоғары бағаланды; өмiр сүрудiң қолайлы, дәстүрлi, тартымды, өтiмдi жолдары уағыздалды.
О.– еңбектiң заты мен құралына орай түрленген, жетiлген; қазақтың әдет–ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. О.– бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы, көңiл көтеру, дем алу, бас қосып бiрлесу, әдет–ғұрыпты жалғастыруға үндесу. О.–адамдар арасындағы қарым–қатынасты емін–еркін таратудың ықпалды түріне, әдеп үлгісін өндіру мен таратудың жүйесіне лайықты.
ОРЫСТАР – ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан Русь атанған да, ежелден көршілес түрік тайпасы оларды О. деп атап кеткен. Көне О. мемлекеті IX – XII ғасырда құрылып, Алтын Орда билеушілерінің ықпалымен бір орталыққа бағынған мемлекетін құрып, О. ұлтқа айналды. О. халқы Ұлы Новгород аймағы мен Волга, Ока өзендері аралығыңда қалыптасқан. Алтын Орда ыдырағаннан кейін өзінің оңтүстігі мен шығысында орасан зор жерлерді жаулап алып, ірі империяға айналды. О. халқының салт–сана, мінез–құлқы, тірлік–тынысы, әсіресе, өз заманында күшейе түскен О. мемлекетінің отаршылық озбырлықтары көркем шығармаларда айтарлықтай із қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: |