Елеулі ықпал ету – ұйымның қаржы және жедел басқару саясаты
саласында, ол саясатқа бақылау жасау құқығынсыз шешім қабылдауға
қатысу құқығы. Елеулі ықпал етуге жарғы бойынша немесе келісім-шарт
бойынша үлестік иемдену арқылы қол жеткізілуі мүмкін.
Мысалы:
Директорлар кеңесіндегі өкілеттілік немесе ұйымның
акцияларының елеулі бөлігін (20%-дан 50%-ға дейін) иелік ету елеулі ықпал
етуді қамтамасыз етеді. Акциялардың бақылау пакетіне ие болу елеулі ықпал
етуге қарағанда маңыздырақ. Себебі ол көп жағдайда ұйымның шаруашылық
қызметіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді.