Басқарушы персонал
–
ұйымның шаруашылық қызметін тікелей немесе
жанама түрде жоспарлауға, басқаруға және оны бақылауға өкілетті және оған
жауапты тұлғалар (атқарушы директорды және осы ұйымда статусы
бойынша соған парапар лауазымды қызметкерлерді қосқанда).
Жеке тұлға жанұясының ең жақын мүшелері
–
белгілі бір ұйыммен
қарым-қатынастарына қатысты осы тұлғаға ықпал ететін немесе оған тәуелді
болады деп күтілетін жанұя мүшелері.
10.2 Байланысқан тараптармен қарым – қатынастар және операциялар
Байланысқан тараптардың (жақтардың) өзара қарым-қатынасын былайша
көрсетуге болады: а) заңды тұлғалар тікелей немесе жанама түрде бір немесе
бірнеше басқа тұлғаларға (ортада жүрген) бақылау жасайды, бақыланады
немесе есеп беруші заңды тұлғамен жалпы бақылауда болады:
бақылау 60 %
бақылау 50 %
Делдал - ортада
тұрған субъект
бақылау 50 %
бақылау 70 %
Негізгі заңды тұлға В заңды тұлғасына тікелей иелік ете алмайды, бірақ
еншілес заңды тұлғалар А және Б арқылы иелік етеді. Сөйтіп, негізгі заңды
тұлғаның еншілес заңды тұлға В-дағы үлесі мынадай болады:
60%*50% +50%*70%=30%+35%=65%
Негізгі заңды тұлға
Еншілес заңды
тұлға А.
Еншілес заңды
тұлға Б.
Еншілес заңды тұлға В.
124
|