10.
Шет елдік компаниялардың қаржылық есептілігінің біріктірілуі
қалай
жүзеге асырылады?
Өзіндік жұмыстарды орындау үшін берілген тапсырма
Валюталық операциялардың есебін жүргізуді меңгеру мақсатында
төменде келтірілген мәліметтер бойынша тиісті тапсырмаларды орындаңыз.
Алматы қаласындағы «Іскер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2011 жылғы 8 ақпанда пластикалық терезелер жасау үшін АҚШ – тық
компаниядан 400000 теңгеге шикізат сатып алды. Кәсіпорын осы соманың
150000 теңгесін шикізатты кіріске алған кезде, ал қалған 250000 теңгені 40
күннен кейін төлеуге тиіс болатын. Шикізатты есепке алған кездегі теңгенің
долларға қатысты бағамы 1 долларға шаққанда 135 теңге болды. 20 күн
өткеннен кейін теңгенің долларға қатысты бағамы төмендеп, ақпанның
аяғында айырбастау бағамы 1 долларға шаққанда 136 теңге, ал қалған
соманы төлеу мерзімінде долларға шаққанда 138 теңгені құрады. Осы
мәліметтердің негінде:
А) шикізатты кіріске алу бойынша алғашқы бухгалтерлік жазуды
орындаңыз;
Ә) 19 ақпанға тиісті шот корреспонденциясын анықтаңыз;
Б) соңғы төлем жасау кезіндегі бухгалтерлік жазуды орындаңыз.
Операцияларды шоттарда бейнелеу ұлттық валюта теңгемен жүзеге
асырылады.