компания бір тұтас шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады деген
пайымдауға негізделген. Еншілес және бас компания өзара байланысты
операцияларды орындайды және өзара байланысқан қаржы ресурстарының
легін корреспонденциялайды. Бұл жағдайдың өзінде де, еншілес
компанияның активтері бас компанияның активтерінен бөлінбейді және де
еншілес компанияның активтері біріктірілген қаржылық есептілікте бас
компанияның пайдаланатын әдісімен көрсетілуге тиісті.
Барлық активтер мен міндеттемелердің құны есеп беру валютасына есепті
мерзімдегі ағымдағы бағам бойынша көшіріледі (конвертацияланады).
Табыстармен шығыстар жөніндегі қортынды есептің баптары есеп
кезеңіндегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі (есеп беру валютасына
көшіріледі).
Меншікті капитал – бастапқы (тарихи) бағам бойынша.
Интеграцияланған шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің
конвертациялануы төменде келтірілді:
Достарыңызбен бөлісу: