. Шетелдік валютаның есеп беру валютасына (теңгеге) қатысты
бағамдық айырмашылығын көрсету үшін бухгалтерлік есептің типтік шоттар
жоспарының «Табыстар» бөлімінде 6250 «Бағамдық айырмашылықтан
алынған табыстар» синтетикалық шоты және
«Шығыстар» бөлімінде 7430
«Бағамдық айырмашылықтар бойынша шығыстар» шоттары қарастырылған.
6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынған табыстар» шотының
кредиті бойынша шетелдік валютаға қатысты есеп беру валютасының
(теңгенің) бағамы төмендеген жағдайда болатын оң бағамдық айырма сомасы
көрсетіледі.
7430 «Бағамдық айырмашылықтар бойынша шығыстар» шотының
дебетінде шетелдік валютаға қатысты есеп беру валютасы – теңгенің бағамы
жоғарылаған жағдайда болатын теріс бағамдық айырмашылық сомасы
көрсетіледі.
Валюталық шоттағы шетелдік валютамен орындалатын нақты
ақшаның қозғалысы (есеп беру валютасына айналдырылған) бойынша
төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады.
1.
Шетелдік валюта түрдегі ақша қаражатының алғашқы есепке алынуы:
Операция орындалған мерзімдегі бағам бойынша шетелдік валюта
түріндегі ақша қаражаттарының валюталық шотқа келіп түсуі.
88
Дт 1030-2 Кт 1210, 3510-1, 3510-2, 3520
2. Есепті мерзімдегі бағам бойынша баланыстың ақша баптарына түзету
жасалынды:
Есепті мерзімге шетелдік валютадағы ақша баптары бойынша
бағамдық айырмашылық есепке алынды:
Дт 7430 Кт 1030-2
немесе
Дт 1030-2 Кт 6250
2.
Төлем жасау мерзіміндегі бағам бойынша – шетелдік валюта түріндегі
ақша қаражаттарының ( ұлттық валюта теңгеге айналдырылған )
қозғалысы бойынша операциялардың орындалуы кезінде:
Дт 1030-2 Кт 1210, 3510-1
Дт 3310,1010-2 Кт1030-2
Дт 7430 Кт 1030-2
немесе
Дт 1030-2 Кт 6250
Бағамдық айырмашылықтарды ескеру қажеттілігі импорттық –
экспорттық операцияларды жүзеге асыру, сондай – ақ басқа да
дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу операцияларын жүзеге
асыру жағдайында ол қарыздардың пайда болуы және жойылуы сәтінде
шет елдік валютаның есеп беру валютасына (теңгеге) қатысты бағамының
өзгеруінен туындайды.
Мысалы: «Алмас» компаниясы 2010 жылғы 10 қаңтарда сатып өткізу
үшін
5000
АҚШ
долларына
Белоруссияның
«Белорусьмаш»
корпорациясынан тоңазытқыштар сатып алды. Әкелінген тауар кедендік
рәсімдеуден өткен күнгі доллардың теңгеге қатысты бағамен 1 долларға 120
теңге болды. Осы тауар кіріске алынғанда мынадай бухгалтерлік жазу
орындалады:
Дт 1330 Кт 3310 600000 теңге
Ақпан айының 20- сы күні жабдықтаушы шетелдік кәсіпорынның шоты
бойынша валюталық шоттан төлем жасалынды. Сол күнгі АҚШ
долларының теңгеге қатысты бағамы 1 долларға 119 теңге болды.
Жабдықтаушы кәсіпорынғааударылған сомаға «Алмас» компаниясының
бухгалтерлік есебінде төмендегі шот корреспонденциясы орындалады:
Дт 3310 Кт 1030- 2 595000 теңге
89
Оң бағамдық айырмашылық пайда болды (жабдықтаушыға кредиторлық
борыш 600 000 теңге болған болса, бағамның өзгеруі нәтижесінде нақты
төленгені – 595 000 теңге).
Оң бағамдық айырмашылық сомасына төмендегі бухгалтерлік жазу
орындалады:
Дт 3310 Кт 6250 5000 теңге
Кредиторлық борыштар бойынша шетелдік валютамен орындалатын
операцияларға төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады:
1.
Кредиторлық борыштың бухгалтерлік есепте ең алғашқы танылуы(есепке
алынуы);
Жабдықтаушыдан тауар сатып алынды – операцияның орындалу
мерзіміндегі бағам бойынша :
Дт 1330 «Тауар»
Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық
борыштар»
2.
Есеп беру мерзімін кредиторлық борыш бойынша түзету (корректировка)
жасау – есеп беру мерзіміндегі бағам бойынша.
Ақша баптары бойынша бағамдық айырмашылық есепке алынуы – есеп
мерзіміндегі бағам бойынша
Дт 7430 «Бағамдық айырмашылық бойынша шығыс»
Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық борыштар»
Немесе
Дт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық борыштар»
Кт 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынған табыс»
Кредиторлық борыш жойылды - төлем жасалынған мерзімдегі бағам
бойынша:
Дт 7430 Кт 3310
Дт 3310 Кт 6250
Дт 3310 Кт 1030 – 2
Дебиторлық борыштар бойынша шетелдік валютамен орындалатын
операцияларға төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады:
1.
Дебиторлық борыштың ең алғашқы танылуы (есепке алынуы)
Сатып алушыларға тауар жөнелту - операция орындалған мерзімдегі бағам
бойынша:
Дт 1210 Кт 6010
2.
Есепті мерзімге дебиторлық борыш бойынша түзету (корректировка)
жасау есепті кезендегі бағам бойынша:
90
Дт 7430 Кт 1210
немесе
Дт 1210 Кт 6250
3.
Дебиторлық борыштың жойылуы-төлем жасалған мерзімдегі бағам
бойынша :