Банкте ашылған валюталық шот бойынша шетелдік валютамен орындалатын
операциялардың есебін жүргізу үшін кәсіпорында бухгалтерлік есептің
типтік шоттар жоспарында қаралған 1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы
ақша қаражаттары» синтетикалық шотына ашылған «Валюталық шоттағы
ақша қаражаттары» аралық шоты пайдаланылады.
Кәсіпорынның валюталық шотындағы ақша қаражаттарының
бухгалтерлік есебі шетелдік валютамен және осы операция орындалған
уақытқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша
есеп беру валютасына (теңгеге)
айналдырылып жүргізіледі. Бұл жағдайда
шетелдік валюта мен есеп беру валютасы арасындағы бағамдық
айырмашылық ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: