Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды


  Табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік бойынша



Pdf көрінісі
бет90/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

8.2 
Табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік бойынша  
міндеттемелік әдіс 
      
       
Қаржылық  есептіліктің  №12  “Пайдаға  салынатын  салық”  деп  аталатын 
халықаралық  стандартына  сәйкес  есепті  кезең  үшін  салық  төлемі 
міндеттемелік әдіспен салық тиімділігі есебінің негізінде анықталады.  
    
Салық тиімділігі дегеніміз
 – 
пайда болған уақыттық айырмашылықтардың 
нәтижесінде салық зайына сәйкес кейінге қалдырылуға жататын яғни алдағы 
уақытта төленетін немесе алдын ала ағымдағы кезеңде төленуге тиісті салық 
төлемінің сомасы.  
     
Есепті  кезеңде  пайда  болған  уақыттық  айырма-шылықтардың  салық 
тиімділігі салық төлеміне енгізіледі және алдағы уақытта жойылуға жататын 
бюджеттің  алдындағы  кәсіпорынның  табыс  салығы  бойынша  міндеттемесі 
ағымдағы  есепті  кезеңде  4310  “Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша 
кейінге  қалдырылған  салықтық  міндеттемелер”  шотының  кредитінде 
көрсетіледі. 
    
Ал  ағымдағы  есептік  кезеңде  бюджетке  төленуге  жататын  бірақ  алдағы 
есепті  кезеңдердің  шығыстарына  жатқызылатын  табыс  салығының  сомасы 
2810  “Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  кейінге  қалдырылатын 
салықтық активтер” шотының дебетінде көрсетіледі.   
    
Уақыттық айырмашылықтар жиынтық табыс салығының мөлшеріне емес, 
әрбір  есепті  кезеңдердегі  табыс  салығы  бойынша  бюджеттің  алдындағы 
салықтық міндеттемелерді бөліп таратуға әсер етеді. Шаруашылық жүргізуші 
субъектілер операциялар мен келісімдердің нәтижесінде туындаған салықтық 
міндеттемелерді  осы  операциялар  мен  келісімдердің  өздері  қай  кезеңде 
есепке алынатын болса, сол кезеңде есепке алуға тиісті. 
     
Демек, есепті кезең ішінде Табыстар мен Шығыстар жөніндегі  есептілікте 
көрсетілген  операциялар  мен  келісімдердің  нәтижелері  бойынша  табыс 
салығының  сомасы  (табыс  салығы  бойынша  шығыста)  ағымдағы  есепті 
кезеңде  қаржылық  есептіліктің  сол  нысанында  (Табыстар  мен  шығыстар 
жөніндегі есептілікте) есепке алынуға (танылуға) тиісті.  
101 
 


     
Табыс  салығы  бойынша  шығыстар
 
(салық  төлемі)  дегеніміз  –  табыс 
салығы  бойынша  ағымдағы  шығыстардан  және  кейінге  қалдырылған 
шығыстардан  құралып  Табыстар  мен  шығыстар  жөніндегі  есептілікте 
көрсетілетін салық сомасы.  
     
Қаржылық  есептіліктің  12  “Пайдаға  салынған  салық”  деп  аталатын 
стандартына сәйкес табыс салығы бойынша салық төлемі төмендегі құрамдас 
бөліктерден тұрады: 
 
төленуге  тиісті  табыс  салығы  (заңды  тұлғаның  жылдық  жиынтық 
табысы жөніндегі декларация бойынша анықталады); 
 
ағымдағы  жылы  пайда  болған  немесе  жойылған  уақыттық 
айырмашылықтар  бойынша  салық  тиімділігі  (кейінге  қалды-рылған 
салық).  Бұл  көрсеткіш  қолданылып  жүрген  табыс  салығының 
ставкасына  көбейтілген  уақыттық  айырмашылық-тардың  сомасы  (“+” 
немесе “–” белгілерін ескере отырып) ретінде анықталады. 
     
Есепті кезеңнің басында кейінге қалдырылған табыс салығының сомасына 
жасалынатын  түзету.  Ол  тек  табыс  салығы  бойынша  ставка  өзгерген 
жағдайда ғана (азайған немесе көбейген) есептеледі.  
     
Міндеттемелік  әдіске  сәйкес  ағымдағы  уақыттық  айырмашылықтардың 
салық  тиімділігі  бюджетке  төленетін  табыс  салығы  бойынша  төлемнің 
кейінге  қалдырылуын  бейнелейтін  міндеттеме  ретінде  Бухгалтерлік 
баланстың  “Міндеттемелер”  бөлімінің  “Кейінге  қалдырылған  салықтар” 
бабында  немесе  табыс  салығының  мерзімінен  бұрын  төленуін  көрсететін 
актив  ретінде  “Активтер”  бөлімінің  “Кейінге  қалдырылған  салықтар” 
бабында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтар сальдосы табыс салығы 
ставкаларының өзгеруіне сәйкес түзетіледі (корректировкаланады).  
     
Табыс  салығы  бухгалтерлік  есепте  кәсіпорынның  табыс  алу  барысында 
шығарған шығысы ретінде қарастырылатын болғандықтан, ондай шығыстар 
тиісті  табыс  пайда  болған  есепті  кезеңде  есептелуге  тиісті.  Табыс  салығы 
бойынша  шығыстарды  есепке  алу  үшін  типтік  шоттар  жоспарының 
“Шығыстар”  бөлімінде  7710  “Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша 
шығыстар” шоты қаралған.  
Ағымдағы  есепті  кезеңде  төленуге  жататын  табыс    салығы  бойынша 
кәсіпорынның  бюджет  алдындағы  міндеттемесі  3110  “Төленуге  тиісті 
корпоративтік табыс салығы” шотының кредитінде көрсетіледі. 
     
Алдағы  уақытта  жойылуға  (жабылуға)  жататын  бюджеттің  алдындағы 
кәсіпорынның табыс салығы бойынша міндеттемесі ағымдағы есепті кезеңде 
4310  “Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық 
міндеттемелер” шотының кредитінде көрсетіледі. 
     
Ағымдағы есепті кезеңде бюджетке төленуге жататын, бірақ алдағы есепті 
кезеңдердің  шығыстарына  жатқызылатын  табыс  салығының  сомасы    2810 
“Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  кейінге  қалдырылған  салықтық 
активтер” шотының дебетінде көрсетіледі.  
     
Бухгалтерлік есепте бухгалтерлік табысты анықтау кезінде шығыстардың 
бір бөлігі есепті кезеңнің  шығыстарына жатқызылады, бірақ салық есебінде 
102 
 


салық салынатын табысты анықтау кезінде осы есепті кезеңдегі шегерімдерге 
жатпайды.  Яғни,  “Есепті  кезеңнің  бухгалтерлік  шығыстары”  алдағы 
кезеңдердің  салық  шегерімдері  болып  табылады.  Мысалы  негізгі 
құралдардың  амортизациясы  бойынша  шығыстар  бухгалтерлік  есепте 
кәсіпорынның  есеп  саясатында  көрсетілген  әдіс  бойынша  бухгалтерлік 
нормаларға  сәйкес  есептелген.  Ол  нормалар  амортизация  есептеудің 
салықтық нормаларынан жоғары.  
     
Серіктестік  осы  есепті  кезеңде  өнімді  (тауарды,  қызметті)  сатып  -
өткізуден 1000000 теңге мөлшерінде табыс алды делік. Негізгі құралдардың 
амортизациясы  бойынша  бухгалтерлік  шығыстар  –  100000  теңгені  құрады. 
Ал негізгі құралдардың амортизациясы бойынша салық шегерімі 50000 теңге 
болды. Басқа шығыстарды есепке алмаймыз. Салық салынатын табыс сомасы 
– 
950000 теңге, ал бухгалтерлік табыс тиісінше 900000 теңге болды. Салық 
салынатын  табыс  пен  бухгалтерлік  табыстың  арасындағы  тұрақты 
айырмашылық нольге тең  деп есептейтін болсақ: 
      
Салық  салынатын  табыс  =  Бухгалтерлік  табыс  (+)  (-)  Уақыттық 
айырмашылық  
      
Бухгалтерлік  шығыстар  салық  шегерімдерінен  жоғары  болғандықтан 
салық салынатын табыс сомасы бухгалтерлік табыс сомасынан көп болады. 
      
Бұл  жағдайда  бухгалтерлік  табыс  пен  салық  салынатын  табыстың 
арасында  шартты  түрде  “оң  уақыттық  айырмашылық”  деп  атауға  болатын 
айырмашылық  туындайды.  Себебі,  мөлшері  бухгалтерлік  табыстан  жоғары 
салық салынатын табыстан анықталған табыс салығының сомасы. Табыстар 
мен  шығыстар  жөніндегі  есептілікте  көрсетілген  табыс  салығы  бойынша 
шығыстардан  жоғары  болады.  Яғни,  салық  салынатын  табыс  пен 
бухгалтерлік  табыстың  арасындағы  уақыттық  айырмашылықтар  есепті 
кезеңдердегі  табыс  салығы  бойынша  салық  төлемі  мөлшерінің  өзгеруіне 
алып келеді. 
      
Жоғарыда  келтірілген  мысалда  бұл  айырмашылық  салық  есебі 
шеңберінде салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасындағы 
оң  уақыттық  айырмашылық  сомасынан  ағымдағы  есепті  кезеңде  бюджетке 
төленуге тиісті табыс салығының алдын-ала аванспен есептелуін көрсетеді.  
      
Бухгалтерлік есепте шығыстардың құрамында осы есепті кезеңде алынған 
және  ағымдағы  есепті  кезеңде  де  алдағы  есепті  кезеңдерде  салық  салынуға 
жататын табыс сомасынан анықталған табыс салығы көрсетілуге тиісті. 
      
Бухгалтерлік  есеп  шеңберінде  оң  уақыттық  айырмашылықтың  салық 
тиімділігі есепті кезеңнің шығыстарына жатқызыла алмайды. Табыс салығы 
бойынша  бюджеттің  алдындағы  борыш  бухгалтерлік  табыс  сомасынан 
жоғары  салық  салынатын  табыс  сомасынан  есептелуге  тиісті.  Яғни,  салық 
салынатын табыстың бухгалтерлік табыстан артық  сомасына табыс салығы 
ағымдағы  есепті  кезеңнің  шығыстарына  апару  жолымен  емес,  2810 
“Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  кейінге  қалдырылған  салықтық 
активтер” шотын дебеттеу жолымен есептелуге тиісті.  
103 
 


     
Бюджетке аударуға жататын табыс салығы  мен Табыстар мен шығыстар 
жөніндегі есептілікте есепті кезең шығыстарының құрамында есепке алынуы 
мүмкін  табыс  салығы  бойынша  шығыстар  сомасының  арасындағы 
айырмашылық  зерттеу  жүргізілген  серіктестіктің  бухгалтерлік  есебінде 
былайша көрсетіледі: 
                                                                                           
Дт              Кт 
7710 “Корпоративтік табыс салығы бойынша 
            
шығыстар” (900000 * 30%)                        270000 
2810 “Корпоративтік табыс салығы бойынша 
           
кейінге қалдырылған салықтық активтер”     15000 
            (50000 * 30%) 
                               
3110 “Төленуге тиісті корпоративтік              285000 
                                                      
табыс салығы”    
     
Бухгалтерлік  есеп  шеңберінде  бухгалтерлік  табысты  анықтау  кезінде 
шығыстардың бір бөлігі алдағы кезеңнің шығыстарына жатқызылады, бірақ 
салық есебі шеңберінде салық салынатын табысты анықтау кезінде олар осы 
есепті  кезеңде  шегерілуге  жатады.  Яғни,  салық  есебі  шеңберінде  оларды 
шартты түрде “есепті кезеңнің салық шегерімдері” деп атауға болады. 
Бұл жағдайды былайша сипаттауға болады: 
 
Алдағы кезеңнің есебіне жататын бухгалтерлік шығыстар  “Есепті кезеңнің 
салық шегерімдері” болып табылады. 
Бұл  жағдайды  да  жоғарыда  келтірілген  мысалдың  мәліметтері  бойынша 
қарастырайық: 
Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша бухгалтерлік шығыстар 50000 
теңгені  құрады  делік.  Негізгі  құралдардың  амортизациясы  бойынша 100000 
теңге  салық  шегерімдері  анықталған.  Бұл  мәліметтер  бойынша  салық 
салынатын табыс – 900000 теңге мөлшерінде, ал бухгалтерлік табыс 950000 
теңге мөлшерінде анықталады.  
 
Негізгі  құралдардың  амортизациясы  бойынша  бухгалтерлік  шығыстардың 
сомасы салық шегерімдерінің сомасынан аз болғандықтан салық салынатын 
табыс  мөлшері  бухгалтерлік  табыстан  төмен  болады.  Мұндай  жағдайда 
салық  салынатын  табыс  пен  бухгалтерлік  табыстың  арасындағы 
айырмашылықты шартты түрде «теріс уақыттық айырмашылық» деп атауға 
болады. Себебі мөлшері бухгалтерлік табыстан аз болатын салық салынатын 
табыстың  сомасынан  анықталған  табыс  салығы  Табыстар  мен  шығыстар 
жөніндегі  есептілікте  көрсетілген  табыс  салығы  бойынша  шығыстар 
сомасынан аз болады.  
      
Жоғарыда  келтірілген  мысалымыздағы  2  –жағдай  бойынша  бұл 
айырмашылық  салық  салынатын  және  бухгалтерлік  табыстың  арасындағы 
теріс  айырмашылық  сомасынан  есептеліп,  келесі  есепті  кезеңде  бюджетке 
төленуге  жататын  табыс  салығы  бойынша  төлемнің  кейінге  қалдырылуын 
көрсетеді.  Себебі  бухгалтерлік  есеп    шеңберінде  шығыстардың  құрамында 
кәсіпорынның  шаруашылық  қызметінен  алынып,  салық  салуға  жататын 
табысының  сомасынан  табыс  салығы  есептелінуге  тиісті.  Сондықтан  табыс 
104 
 


салығы  бойынша  есепті  кезеңдегі  кәсіпорынның  бюджеттің  алдындағы 
борышы салық салынатын табыстан анықталған сомада көрсетіледі, ал “теріс 
уақыттық айырмашылықтың” салық тиімділігі салық есебінде табыс салығы 
бойынша “кейінге қалдырылған төлем” болып табылады .   
      
Бюджетке  аударылуға  жататын  табыс  салығы  мен  Табыстар  мен 
шығыстар  жөніндегі  есептілікте  есепті  кезең  шығыстарының  құрамында 
есепке  алынуы  (танылуы)  мүмкін  табыс  салығы  бойынша  шығыстардың 
арасындағы айырмашылық сомасы бухгалтерлік есепте былайша көрсетіледі: 
                                                                                                  
                                                                                                     
Дт                   Кт 
      
7710 “Корпоративтік табыс салығы бойынша 
                                           
шығыстар”                                 285000 
                                         (950000*30%) 
                              
3110 “Төленуге тиісті корпоративтік 
                                          
табыс салығы”                                                      270000 
                                                   (900000*30%)                 
                              
4310 “Корпоративтік табыс салығы бойынша 
                                         
кейінге қалдырылған салықтық                            15000 
                                         
міндеттемелер” 
                                                     (50000*30%)  
          
Кейінге қалдырылған салықтар кәсіпорынның қаржылық есептілігінде 
ақпарат пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп пен салық есебінің арасындағы 
айырмашылықтың  салдары  болып  табылатын  корпоративтік  табыс  салығы 
бойынша  болашақ  міндеттемелер  мен  активтер  жөніндегі  ақпараттарды 
дұрыс беру үшін көрсетіледі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет