Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілікті дайындаудың тікелей әдісі (Табыстар мен шығыстар жөніндегі есептіліктің баптарына корректировка жасау жолымен)
Тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден ақша қаражаттарының келіп түсуі =
Сатып - өткізуден алынған табыс + Саудалық дебиторлық борыштың азаюы – Саудалық
дебиторлық борыштың көбеюі
Сатып алынған тауарлар бойынша ақша төлемі = Сатып - өткізілген өнімнің (тауардың)
көрсетілген қызметтің өзіндік құны + ТМБ көбеюі + Саудалық кредиторлық борыштардың
азаюы – ТМБ азаюы – Саудалық кредиторлық борыштардың көбеюі
Ағымдағы шығыстар бойынша ақша төлемі = Ағымдағы шығыстар (кезеңдік шығыстар) +
Алдағы кезеңдердің есебіне жататын шығыстардың көбеюі + есептелген кредиторлық
борыштардың азаюы – Алдағы кезеңдердің есебіне жататын шығыстардың азаюы –
есептелген кредиторлық борыштардың көбеюі - Амортизация және басқа да ақшалай емес
шығыстар
Табыс салығы (корпоративтік табыс салығы) бойынша ақша төлемі = Табыс салығы
(табыс салығы бойынша шығыстар) + Табыс салығы бойынша кредиторлық борыштардың
азаюы – Табыс салығы бойынша кредиторлық борыштардың көбеюі