Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды



Pdf көрінісі
бет97/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

          9.2 
Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі  есептілікті      
дайындап тапсырудың тікелей әдісі 
 
 
Кәсіпорын  операциялық  қызметтен  болған  ақша  қаражаттарының 
қозғалысын 
тікелей 
немесе 
жанама 
әдістерді  пайдалана  отырып  ашып 
көрсетеді: 
 
1. 
Тікелей әдіс
 – 
бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері 
ашып  көрсетілетін  әдіс.  Бұл  әдіс  ақшамен  жүргізілетін  әрбір  операцияны 
зерттеуге  және  ол  операцияның  субъект  қызметінің  қай  түріне  жататынын 
анықтауға негізделген. 
113 
 


Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі  есептілікті  құрудың  тікелей 
әдісін  қолдану  кезінде  ақпараттар  төмендегі  екі  нұсқаның    бірі  бойынша 
дайындалады: 
1.
 
Есеп жазуларынан (регистрлерінен) алынады, немесе 
2.
 
Бухгалтерлік  баланстағы  тауарлы-материалдық  босалқылардың, 
операциялық дебиторлық және кредиторлық борыштардың құрамында 
болған,  сонымен  бірге  инвестициялық  және  қаржылық  қызмет 
бойынша  ақша  легінің  туындауына  алып  келетін  ақшалай  емес 
баптардың және басқа да баптардың құрамындағы өзгерістерді ескере 
отырып, Табыстар мен шығыстар жөніндегі есептіліктің баптарына  
(  өнімді,  жұмысты,  қызметті  сатып  -  өткізуден  түскен  түсім,  сатып  - 
өткізілген  өнімнің,  көрсетілген  қызметтің,  орындалған  жұмыстың 
өзіндік  құны,  шығыстар,  басқа  да  баптар)  түзету  жасау 
(корректировкалау) жолымен алынады. 
 
Тікелей  әдісті  табыстар  мен  шығыстар  жөніндегі  есептіліктің  әрбір 
бабына  түзету  (корректировка)  жасау  деп  түсіну  керек.  Мұндай  жағдайда 
түзетуді  өнімді  сатып-өткізуден  түскен  ақша  түсімінен  бастау  керек.  Одан 
тауарды сатып алу  бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы 
шығындар  бойынша  жұмсалған  ақшаны,  несие  үшін  проценттер  сомасын, 
бюджетке  төленген  төлемдерді  алып  тастау  керек.  Жиынтығында 
операциялық  қызметтен  алынған  ақша  қара-жаттары  жағдайының  сомасын 
шығарады.  
 
Тікелей  әдісті  қолданған  кезде  операциялық  қызметтің  нәтижесінде 
пайда  болатын  ақша  қаражаттарының  қозғалысын  бейнелейтін 
операцияларға төмендегі операциялар жатады: 
 
а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша 
қаражаттары; 
 
ә) жөнелтілетін тауарлы-материалдық босалқылар, көрсетілетін қызмет 
үшін алынған аванстардың сомасы; 
 
б)  проценттер, дивидендтер, басқадай әртүрлі  сипаттағы  табыстардың 
келіп түсуі. 
 
Ақша қаражаттарының шығуы: 
 
а)  келіп  түскен  тауарлар  және  көрсетілген  қызмет  үшін 
жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу; 
 
ә)  келіп  түсетін  тауарлы-материалдық  құндылықтар,  көрсетілетін 
қызметтер, атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу; 
 
б) еңбек ақы төлеу және басқадай төлемдер; 
 
в)  бюджетпен,  әлеуметтік  сақтандыру  және  қамсыздандыру 
органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу; 
 
г) проценттерді төлеу; 
 
д) басқадай төлемдер.  
 
Т
өменде  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі  есептілікті 
дайындаудың тікелей әдісі сызба түрінде қарастырылды.   
 
114 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет