Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды


 БЕХС №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы



Pdf көрінісі
бет95/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

9.1 БЕХС №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы 
жөніндегі есептілік 
 
 
Кәсіпорынның  қаржылық  қорытынды  есебінің  барлық  нысандары 
белгілі  бір  мақсатпен  құрылады.  Баланста  субъектінің  экономи-калық 
ресурстарының  (активінің)  белгілі  бір  мерзімдегі  нақты  бары  мен  оларды 
қаржыландыру  көздерінің  жағдайы  көрсетіледі.  Табыстар  мен  шығыстар 
жөніндегі  қорытынды  есептілікте  кәсіпорынның  есеп  беру  мерзіміндегі 
шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі анықталады.  
          
Қаржылық  есептіліктің  аталмыш  нысандары  субъектінің  қаржы-лық 
жағдайын қарастыруда туындайтын барлық сұрақтарға жауап бере алмайды. 
Мысалы,  кәсіпорында дивиденд  төлеуге  қажетті  ақша  қаражаттары бар ма? 
Ол өзінің кредиторлық борыштарын жаба ала ма? т.б.  
        
Осы  сұрақтардың  барлығына  жауап  беретін  қаржылық  есептіліктің 
негізгі  нысандарының  бірі  -  Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі 
есептілік.  
         
Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі  есептілікті  құру 
бухгалтерлік    есептің  №7  «Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі 
есептілік» атты халықаралық стандартымен реттелуге тиісті.  
          
Аталмыш  стандартқа  сәйкес  Ақша  қаражаттарының  қозғалысы 
жөніндегі есептіліктің негізгі мақсаты: 
1.
 
 
Есеп  беру  мерзімі  ішінде  заңды  тұлғаларға  ақшы  қаражаттарының 
келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру; 
2.
 
 
Есеп  беру  мерзімінде  заңды  тұлғалардың  операциялық, 
инвестициялық  және  қаржылық  қызметі  жөніндегі  ақпараттарды 
беру. 
Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі  есептілікте  кәсіп-
орынның  операциялық,  инвестициялық  және  қаржылық  қызметі  бойынша 
ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде жеке-жеке ақпараттар беріледі. 
Демек,  Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  жөніндегі  есептілік  ақша 
қаражаттарының  қозғалысын  кәсіпорынның  шаруашылық  қыз-метінің 
түрлері бойынша шектеп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл, әрине, жасалынған 
төлемдер  мен  операциялық  қызметтен  алынған,  меншік  иесі  немесе  қаржы 
мекемесі  инвестициялаған  ақша  қаражат-тарының  бағытына  талдау  жасау 
үшін маңызды болып табылады. 
      
 
Операциялық  қызмет  дегеніміз
  – 
кәсіпорынның  табыс  табу  бойынша 
негізгі  қызметі  сонымен  бірге  оның  қаржылық  және  инвестициялық 
қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.  
Операциялық  қызметтен  болған  ақша  қаражаттарының  легі 
(қозғалысы)  кәсіпорынның  түсім  әкелетін  негізгі  қызметінен  туындайды 
және  де  есепті  кезеңдегі  таза  табысты  немесе  зиянды  құраушы 
операциялардыңнәтижесі  болып  табылады.  Операциялық  қызмет  бойынша 
ақша  легінің  қозғалысы  тауарларды  сатып-өткізуден,  қызмет  көрсетуден 
немесе  жұмыстарды  орындаудан  алынған  ақша  қара-жаттарының  келіп 
110 
 


түсуіне  және  сатып  алынған  тауарлар,  көрсетілген  қызметтер  үшін 
жабдықтаушыларға  кредиторлық  борыштарды,  еңбек  ақы  төлеу  бойынша 
жұмыскерлерге  кредиторлық  борыштарды,  бюджетке  төленетін  салықтар 
және  басқа  төлемдер  бойынша  кредиторлық  борыштарды  жабу  (жою)  үшін 
жасалынған  төлемдер  нәтижесінде  ақша  қаражаттарының  шығуына  алып 
келеді. 
 
Төмендегі  кестеде  операциялық  қызметтен  болған  ақша  қара-
жаттарының  легінен  (қозғалысынан)  ағымдағы  активтердің  және  ағымдағы 
міндеттемелердің құрамында болатын өзгерістер келтірілді. 
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет