Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№55технологиялық картасы
(2 сәбилер тобы)
Апта күні _______________________________________
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Құстар ұшып келеді.
Мақсаты: құм салынған дорбашаның дұрыс ұшуына бағыт беріп, дорбашаның астынан қос қолмен, көлденең нысанға лақтыруды; құм салынған дорбашаны лақтырған соң қолды түзу ұстауды үйрету. Уақытты, кеңістікті бағдарлау, тепе-теңдік, ырғақты сақтау, көзмөлшерді және үйлесімді қимыл жасау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: құстар бетпердесі, құс жем салғышы, көлбеу бөрене, құм салынған дорбаша, ағаш аттар.
Оқу қызметінің түрлері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивация- қозғаушы
|
Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:
«Құстар ұшып келеді». Көктем туралы қысқа әңгімелесу(құстар ұшып келді, ұя салды). Жай жүру, музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес «құстар келді», аяқтың ұшымен жүру; құстар жем шоқып жейді- басты төмен изеу; құстар секіріп «чик-чирик»дейді; «құстар ұшып жүр»-қолдарын шетке еркін созып, «қанат қағып», қолды жоғары-төмен түсіре бірбірінің соңынан соқтығыспай жүгіру, бытырап жүгіру. Сапқа тұру, көрнекті бағыт бойынша шеңбер құру.
|
Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |