Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№59технологиялық картасы
(2 сәбилер тобы)
Апта күні_______________________________________
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Аттар.
Мақсаты: Аттардың қимылын бейнелей, қолды еркін қалыпта ұстап жай, шапшаң қарқынмен жүру, жүгіру; өздігінен қосарланып шеңбер құрып тұру, қол ұстасып, шеңберді тарылтпай жүру; бір-біріне соғылмай, тез тоқтауға жаттықтыру. Қол мен аяқ қимылын үйлестіре тура шоқырақтап шабу. Допты көлденең нысанаға кеуде тұсынан екі қолмен лақтыруға үйрету. Берілген белгіге назар аудару, музыка ырғағына сәйкес алақан шапалақтау, екі аяқпен бір мезгілде кезек-кезек тарсылдату, қимылды әсерленушілікпен орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |