Чилдибаева асел жумагуловна


 Морфо-анатомиялық зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет28/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
 
2.2.3 Морфо-анатомиялық зерттеу әдістері 
Үш популяциядан жиналған 
R.iliensis
өсімдігінің материалы 
Страсбургер-Флемминг әдісімен фиксацияланды. Сақтаушы сұйықтық 


45 
спирт-глицерин-судың қоспасы ретінде 1:1:1 қатынаста жасалды. Фиксация 
96,0%-дық этил спиртінде жүргізілді. Анатомиялық препараттар мұздатқыш 
құралы бар ТОС-2 микротомы көмегімен жасалды. 
R.iliensis
өсімдігінің 
вегетативті мүшелерінің (сабақ, тамыр, жапырақ) морфо-анатомиялық 
ерекшеліктерін зерттеуде жалпы қабылданған әдістері М.Н.Прозина [204],
А.И.Пермяков [205] және Р.Г.Барыкина және т.б. [206] қолданылды. 
Кесінділердің қалыңдығы 10-15 мкм болды. Микрофотосурет жасау үшін 
және биометриялық талдау жүргізу үшін 50-ден астам уақытша препараттар 
жасалды. 
 
Сандық талдау үшін биометриялық көрсеткіштер МОВ-15 окуляр-
микрометрі (ұлғайтылуы 10,7 есе, обьектив х 9) көмегімен өлшенді. 
Анатомиялық кесінділердің суреттері CAM V400/1.3м видеокамерасы бар 
MC-300 микроскопы арқылы түсірілді. Биометриялық көрсеткіштерді 
статистикалық өңдеу Г.Ф.Лакин [207] және Н.Л.Удольская [208] әдістемелері 
бойынша, сондай-ақ Microsoft Office Excell 2007 бағдарламасы көмегімен 
жүргізілді [209-211]. Өсімдіктердің анатомиялық құрылымын сипаттауда 
жалпы қабылданған терминология қолданылды [212-213]. 
2.2.4 Фитохимиялық зерттеу әдістері 
Өсімдік материалынан ұшпа заттарды алу үшін бірнеше әдістер 
қолданылады. Қазіргі уақытта талдауға аз мөлшерде өсімдік материалдарын 
қажет ететін қарапайым, жылдам, арзан және «жасыл» әдістер сұранысқа ие. 
Қысқа уақыт ішінде ұшпа заттарды алуға мүмкіндік беретін жылдам, қауіпсіз 
және қайталанатын (воспроизводимых) экстракция әдістеріне деген 
қажеттілік 
артып 
келеді. 
MSD-SPME 
техникасы 
қатты 
фазалы 
микроэкстракцияны гидродистиляциямен үйлестіретін әдіс болып табылады 
[214]. Бұл әдіс қысқа уақыт ішінде аз мөлшердегі үлгіден ұшпа заттарды 
алуға мүмкіндік береді [215-216]. Бұл тұрғыда MSD-SPME әдісінің тандемі, 
GC-FID және GC/MS әдістерімен 
R.iliensis
гүлдері мен тұқымдарынан 
алынған ұшпа заттарды талдау үшін қолданылды. MSD-SPME әдісі GC-FID 
және GC/MS әдістерімен бірге 
Salvia rosifolia 
Sm. [217], 
Heracleum
sp. [218], 
Prangos turcica
[219], 
Xanthogalum purpurascens
Lallem. [220] және 
Angelica 
sylvestris
[221], 
Achillea sivasica
[222] сияқты әртүрлі түрлерден ұшпа 
заттарды алу үшін сәтті қолданылған. 
Сонымен қатар, біз бор трифторидінің (BF
3
) реагентімен 
метилдегеннен кейін олардың құрамын кейіннен талдау үшін май 
қышқылдарының липидтік құрамын, атап айтқанда май қышқылдарының 
химиялық құрамын зерттедік. Сонымен, бұл жұмыс 
R.iliensis
өсімдігінің 
гүлдері мен тұқымдарынан ұшпа заттарды MSD-SPME, GC-FID және GC/MS 
техникаларының тандемін қолданған алғашқы жан-жақты зерттеу болып 
табылады. 
R.iliensis
өсімдігінің тұқымдарындағы май қышқылдарының 
химиялық құрамы алғаш рет анықталды. 
Химиялық заттары 


46 
Липидті экстракция жинағы, бор трифторидінің реагенті (BF
3
) және n-
гексан (Sigma-Aldrich, Германия) Sigma-Aldrich (Сент-Луис, АҚШ) 
компаниясынан сатып алынды. N-алканның C
8
-C
40
стандартты ерітіндісі 
Fluka (Buchs,
Швейцария) компаниясынан сатып алынды. SPME ұшпа 
процедурасы үшін SPME (57330-U, SUPELCO, Bellefonte, PA) және PDMS-
DVB талшығы 65 мм (көк түрі) қолданылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет