Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет30/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
Газды хроматография-масс-спектрометрия (GC/MS) әдісімен талдау
GC-MS талдауы алдында айтылғандай Agilent 5975 GC-MSD (Agilent 
Technologies, Санта-Клара, Калифорния, АҚШ) жүйесінің көмегімен 
жүргізілді [227]. Тасымалдаушы газ ретінде Agilent Innowax FSC (60 м × 0,25 
мм, пленка қалыңдығы 0,25 мкм) газды-тасымалдаушы (0,8 мл/мин) 
қолданылды. GC пешінің температурасы 10 минут ішінде 60°C 
температурада сақталды, 4°C/мин жылдамдықпен 220°C-қа дейін көтерілді, 
10 минут ішінде 220°C температурада тұрақты болды, содан кейін 1°C/мин 
жылдамдықпен 240°C дейін көтерілді. Бөлу коэффициенті 40:1-ге дейін 
реттелді, ал инжектордың температурасы 250
o
С болды. MS спектрлері 35-тен 
450 м/с (m/z) дейінгі массада 70 эВ диапозонда бақыланды. 
Газды хроматография әдісімен талдау (GC-FID)
GC талдауы Agilent 6890 N GC жүйесін қолдана отырып жүргізілді. 
GC-MS жағдайындағыдай элюирация тәртібін алу үшін, линия FID және MS 
детекторларына бөлінді және эксплуатация жағдайына сәйкес, сол баған 
қолданыла 
отырып, 
бір 
инъекция 
жасалды. 
Жалынды-ионизация 
детекторының (FID) температурасы 300
o
С құрады. 
Ұшпа компоненттерді идентификациялау 
Эфир майының құрамдас компоненттері мен май қышқылдарының 
метилді эфирлері коммерциялық немесе табиғи көздерден алынған 
стандарттармен (мүмкін болған жағдайда) бірге қабылдау арқылы 
идентификацияланды. Сонымен қатар, қосылыстардың сәйкестігі олардың 
масс-спектрлерін GC/MS Wiley-NIST кітапханасымен (Wiley, Нью-Йорк, 
АҚШ) [228], MassFinder 4.0 бағдарламасымен (Dr.Hochmuth Scientific 
Consulting, Гамбург, Германия) [229] және Адамс кітапханасымен расталды 
[230]. Сондай-ақ, сол жабдықпен және сол жағдайда жасалған таза 
қосылыстардың хроматографиялық жүгірісі (хроматографических пробегов) 
нәтижесінде алынған «Башер эфир майларының компоненттерінің 


48 
кітапханасының» жеке мәліметтер базасын қолдану арқылы расталды. C
8
-C
40 
n-алканның стандартты ерітіндісі (Fluka, Бухс, Швейцария) салыстырмалы 
индекстерді ұстауды (RRI)
(относительных индексов удерживания)
анықтау 
үшін 
үлгілерді 
өңдеуге 
пайдаланылды. 
Бөлінген 
қосылыстардың 
салыстырмалы пайыздық мөлшері FID хроматограммалары бойынша 
есептелді.
Аскорбин қышқылының («С» дәрумені), 

-токоферолдың, 

-
каротиннің және антиоксиданттық потенциалының құрамын зерттеудің 
химиялық заттары
 
n-гексан, метанол, ацетонитрил, абсолютті этанол және хлороформ 
Sigma-Aldrich-тен (Сент-Луис, АҚШ) алынды. Фолин-Чокальтеу (FC) 
фенолды реагенті, 2,2-дифенил-1-пикрилгидразил (DPPH) және натрий 
карбонаты (=99,5%, ACS реагенті) Merck-тен (АҚШ) сатып алынды. L-
аскорбин қышқылы (реагент класы) Sigma-Aldrich (Қытай) компаниясынан 
сатып алынды. DL-α-токоферол және 

-каротин Accustandard-тан (Нью-
Хейвен, Коннектикут, АҚШ) сатып алынды. Көміртегі диоксиді (99,999%) 
HABAŞ Ind Mad. Gases Prod. Ind., Ltd. сатып алынды. Өте таза су (0,05 µS 
/см) Direct-Q (Германия) су тазарту жүйесінен алынды.
HPLC талдау үшін дегазатормен (DGU-14A), автоинжектормен (SIL-
10AD VP), диодты матрицалы детектормен (SPD-M10A) және HPLC 
модульдік жүйесінің контроллерімен (CBM-20A) жабдықталған SHIMADZU 
сұйық хроматография жүйесі (LC-10AT) қолданылды. PDA UPC2 
детекторымен жабдықталған Waters ACQUITY UPC2 жүйесі 

-каротин мен 

-токоферолды талдау үшін пайдаланылды. Жүйе Empower 3 арқылы 
басқарылды. PDA сканерлеу диапазоны 210-600 нм болды. Жұтылу мәндерін 
тіркеуде ELISA жүйесі микропланшеттерді (Biotek Powerwave XS) оқу үшін 
қолданылды. 12 каналды пипетка Eppendorf® Xplorer® (10-300 µL) 
микропланшет тесіктеріне үлгілерді құю үшін пайдаланылды. Ақ түсті 
полистиролды түбі жалпақ 96-ұялы микропланшеттер, стерильденбеген 
(түйіршікті) және түбі дөңгелек (көлемі 2,2 мл) 96-ұялы полипропиленді 
пластиналар Sigma-Aldrich-тен сатып алынды. MARS 6 микротолқынды 
ыдырау жүйесі (CEM) ICP жүйесінің көмегімен кейінгі минералды талдауда 
үлгіні жағу үшін қолданылды. 
Аскорбин қышқылының құрамын анықтау 
R.iliensis
өсімдігінің жеміс жұмсағы мен жапырақтары аскорбин 
қышқылының құрамына тексерілді. Экстракцияның барлық процедуралары 
жарықтың 
күңгірт 
жағдайында 
жүргізілді. 
Аскорбин 
қышқылын 
экстракциялау кейбір модификациялы Циглер [231] сипаттаған әдіске сәйкес 
жүргізілді. Экспериментте мұздатылған жеміс жұмсағы мен жапырақтары 
жеке-жеке (0,8 г) өлшенді, содан кейін үлгіні 25 мл метафосфорлы 
қышқылмен 
(2% 
ерітінді) 

минут 
ішінде 
ұсақтау 
арқылы 
гомогенизацияланды, содан кейін 10 минут 3000 айн/мин центрифугаланды, 
ал тұнба үстіндегі сұйықтық 0,45 мкм сүзгі арқылы сүзілді. Сұйық 


49 
сығындының 5,0 мл аликвоты баллонды ыдысқа ауыстырылып, метафосфор 
қышқылымен 10 мл-ге дейін толтырылды. Талдау алдында ерітінділер 4°C 
температурада қараңғы жерде сақталды. 
Жеміс жұмсағы мен жапырақтарының сығындылары және аскорбин 
қышқылы (стандартты қосылыс) бастапқы ерітінділерді алу үшін метанолда 
ерітілді. Ерітінділерді HPLC жүйесінің колонкасына енгізер алдында 
қалыңдығы 0,45 мм миллипоралы мембрана арқылы сүзілді. Аскорбин 
қышқылын жоғалтпау үшін стандартты ерітінділер мен алынған үлгілер 
янтарлы колбалар көмегімен жарықтан қорғалған. 
R.iliensis
жемістері мен 
жапырақтарындағы аскорбин қышқылын анықтау RP-HPLC әдісімен 
жүргізілді. Сұйық хроматографиялық талдау SHIMADZU LC-10A жүйесінде 
245 нм УФ-көрінетін диапазонда детекциялы кері фазалық және 
изократиялық элюция (элюирования) процедурасын қолдана отырып 
жүргізілді. 
Хроматографиялық бөлу Machery Nagel колонкасында жүргізілді, 
Nucleosil C
18
, 250 × 4,6 мм енгізілді, бөлшектердің мөлшері 5 мкм. Элюция 
(элюирование) 0,5% метафосфорлы қышқылдан тұратын жылжымалы фаза 
арқылы 25°C температурада 1,0 мл/мин жылдамдықпен жүргізілді. 
Хроматографиялық талдауда инъекция көлемі 20 µL қолданылды. 
Аналитикалық колонканың температурасы 25°С деңгейде тұрақты болды. 
Калибрлеу қисығы мен сандық бағалау 244 нм орындалды. Үлгілердегі HPLC 
шыңдары сыртқы стандартты аскорбин қышқылды Rt және УФ-
спектрлерінің мәндерін салыстыру арқылы идентификацияланды.
Аскорбин қышқылының сақталу уақыты Rt 4,96 минутты құрады. 
Үлгілер 40 минут ішінде шығарылды. Сандық анықтау хроматографиялық 
шыңның ауданын сыртқы стандарттың ауданымен салыстыру арқылы 
жүргізілді. Калибрлеу қисығы 0,033-0,150 мг/мл концентрациялы 
диапазонында салынған және 5 нүкте бойынша калибрлеуге негізделген 
(сурет 5). Аскорбин қышқылы үшін калибрлеу қисығының R
2
регрессия 
коэффициенті (y = 1e+07×X – 95238) 0,9934 құрады. Нәтижелер миллиграмм 
түрінде аскорбин қышқылы / 100 мг сығындыда көрсетілген. 
Сурет 5 - Аскорбин қышқылының калибрлеу қисығы 
 
y = 1E+07x - 95238
R² = 0,9934
0
200000
400000
600000
800000
1000000
1200000
1400000
1600000
1800000
2000000
0
0,02
0,04
0,06
0,08
0,1
0,12
0,14
0,16
Ab
un
dance
Concentration, mg/mL


50 
UPCC көмегімен α-токоферол мен β-каротин құрамын анықтау 
R.iliensis
жеміс жұмсағы мен тұқымдары 

-токоферол мен 

-
каротиннің құрамына тексерілді. 

-токоферол мен 

-каротинді алу үшін 
жеміс жұмсағы мен тұқымдары жеке-жеке өлшенді (2,0 г), содан кейін бөлме 
температурасында хлороформмен (2×50,0 мл) араластырылып (шайқау 110 
айн/мин), түнге қалдырылды [232]. Құрғақ сығындылар алу үшін 
супернатанттар төмен қысымда жиналды, сүзілді және концентрацияланды. 
Газды азот әсерінен еріткіштердің іздері жойылды.
Барлық үлгілерді дайындау күңгірт жарық жағдайында жүргізілді. 
Стандартты қосылыстардың ерітінділері бастапқы ерітінділердің 1,0 мг/мл 
алу үшін оларды жеке-жеке 1,0 мл хлороформда ерітіп, шамамен 1 мг 

-
токоферол мен 

-каротинді өлшеу арқылы дайындалды.
Сығындылар тиісті концентрациядағы 
ерітінділерді алу үшін 
хлороформда ерітілді. Бастапқы стандартты ерітінділер жарылысқа қарсы 
мұздатқышты камерада 4°C температурада сақталды және қолданар алдында 
сұйылтылды.
α-токоферол және β-каротин 0,1-ден 1,0 мг/мл-ге дейінгі 
калибрлеу қисықтары арқылы сандық анықталды. Аналитикалық қисықтар 4 
өспелі концентрацияның көмегімен құрылды (6 сурет). Шыңдар мен 
концентрациялар арасындағы сызықтық корреляция анықталды. Алынған 
сызықтық регрессия теңдеулері жеміс сығындыларындағы 

-токоферол және 

-каротин құрамын есептеу үшін қолданылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет