Чилдибаева асел жумагуловна


Қапшағай cу электростанциясынан төмен



Pdf көрінісі
бет49/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
3.1.3 Қапшағай cу электростанциясынан төмен,
 
Іле өзенінің 
төменгі ағысындағы 
R.iliensis
ценопопуляцияларының өсімдіктер 
жамылғысы мен флоралық құрамының ерекшеліктері 
Сирек кездесетін, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің 
үшінші популяциясын 
Алматы облысы Іле ауданына қарасты Малайсары аласа тау жотасына жақын 
жердегі Іле өзенінің оң жағасының жайылмасынан таптық. Бұл участок теңіз 
деңгейінен 417 м биіктікте жатыр, JPS навигаторы бойынша координаттары: 
76°57'37" солтүстік ендікте, 44°09'50.6" шығыс бойлықта орналасқан. Жер 
бедері солтүстік бағытында аздап еңістеу келген тегістік. Топырағы 
аллювиальды-шалғындық. 1969-1970 жылдарға дейін өзен жайылмасын 
көктемде және жаз айларында тасқын су шайып отырған. Қазіргі кезде өзен 
жайылмасы қардың және жаңбырдың суымен ғана ылғалданады. 
Популяцияның деңгейінде 
R.iliensis
өсімдігі ленталы ареал түзіп, Іле өзенінің 
негізгі және жанама арналарының жағалауларында өседі. Көп жағдайда ол 
R.beggeriana 
Schrenk.
 
өсімдігімен аралас өседі. Бұлар өте жақын түрлер, 
сондықтан да оларды бір-бірінен ажырату біршама қиындық келтіреді. 
R.beggeriana 
Schrenk.
 
кең таралған түр, өзен жайылмасында да, жағалауында 
да, тіптен жайылма үсті террасада да кездеседі. Сондай-ақ Қытайдың 
Синьцзян-Ұйғыр Автономдық аймағында да кеңінен таралған және 
жергілікті жағдайларға бейімделген [257]. Ол 
R.iliensis
өсімдігіне қарағанда 
біршама биіктеу, гүлінің түсі таза ақ, ал жемісі ашық қызыл түсті болып 
келеді. Ал 
R.iliensis
негізінен өзен жағалауында, ылғалы жеткілікті жерде 
(мезофит) ғана өседі, аласалау, біржылдық өркендерінің жоғарғы ұшы 
ширатылып тұрады, гүлдерінің түсі қызғыштау-ақ, ал жемісінің түсі қара. 
Бұл түр жер бетін тұтастай жауып тұратын бұталы қопа түзбейді. Керісінше, 
R.iliensis
өте шашыраңқы өседі. Бір жерден оның бір немесе екі түбін ғана 
кездестіруге болады. Популяция деңгейінде 
R.iliensis
өсімдігі кездесетін үш 
өсімдіктер қауымдастығын (ассоциациясын) геоботаникалық тұрғыдан 
сипаттап жаздық.
Бірінші ценопопуляция 
алып жатқан жер көлемі жағынан ең үлкені 
болып 
табылады. 
Ол 
астық 
тұқымдасты-жыңғылды-итмұрынды 
ассоциациядан (ass.
Rosa beggeriana-Rosa iliensis-Tamarix ramosissima-
Calamagrostis epigeios-Phragmites australis-Achnatherum splendens
) тұрады. 
Өсімдіктер жер бетін 85-90%-ға дейін жауып тұрады. Жер бедері тегістік. 
Топырағы 
аллювиальды-шалғындық, 
аздап 
құмдақтау. 
Өсімдіктер 
жабынында доминант ретінде 
Calamagrostis epigeios 
(L.) Roth.,
Phragmites 
australis 
Trin. ерекше басымдыққа ие. Бұталардан 
Rosa beggeriana
Schrenk.

Tamarix ramosissima 
Ledeb. сияқты түрлердің басқаларға қарағанда сандық 
көрсеткіші басымырақ. Өсімдіктер жабынында доминанттардан басқа 
Bromus 


93 
oxyodon
Schrenk, 
Eremopyrum orientale
(L.) Jaub. et Spach., 
Aegilopsis 
cylindrica
(Cesati) Host., 
Artemisiа scoparia
Waldst.et Kit., 
Artemisiа terrae-alba
Krasch., 
Centaurea squarrosa
Willd. және т.б. кездеседі. Өсімдіктер 
жабынында бес ярусты айқын байқауға болады:
I-ші ярусты биіктігі 3,5 м болатын 
Elaeagnus oxycarpa
Schrenk., 
Salix 
caspica
Pall.,
II-ші ярусты 200-220 см болатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет