Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Арыстан, қасқыр және түлкі



бет76/81
Дата28.10.2022
өлшемі361,51 Kb.
#155435
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Арыстан, қасқыр және түлкі

Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі – үшеуі серік болып, аңға шығыпты. Кешке дейін жортып жүріп, бір қоян, бір қырғауыл және бір елік ұстап алыпты.


Кеш бата үшеуі тамақтануға отырыпты. Арыстан олжаны қалай бөлісіп жеудің амалын таппастан:
- Мына олжаны сен бөлші, – деп, қасқырға бұйырады.
- Жарайды, – депті қасқыр жалақтап. Сонан кейін жемтіктің қасына отыра қалыпты. Сыбанып жіберіп, бөле бастайды. – Мынау қоян жұдырықтай екен. Мұны тұтам ішекті түлкі жесін. Қырғауыл қылшықты екен, мұны қылғынсам да мен жейін. Тақсыр арыстан, бойың да, жасың да үлкен ғой, елікке ешкімнің таласы жоқ, тарт сыбағаңды алдыңа.
Олжаны бұлайша бөлген қасқырдың қылығы арыстанның ашуын қоздырыпты. Бұрқылдап тұрып, қасқырды салып кеп жібереді. Сонда қасқырдың бір көзі ағып түсіпті.
Арыстан енді түлкіге бұрылып:
- Ал, енді сен бөліп көрші олжаны, – деп бұйырыпты.
- Жарайды, тақсыр, – деп, түлкі олжаларын бөлуге кірісіпті, – Қоянға ауыз толмаса да көңілге тоқ қой, тақсыр. Бұл өзіңнің тіс қандырып, тіл басарың болсын. Қырғауыл қылшықты болғанымен, құмар ас қой, бұл түскі асың болсын. Ал жалғыз елік бүкіл елді тойдыра ма, азулы ауыз асауға лайық, кешке қарай жерсің. Ал, біз өзіңнен артылған қалған-құтқанды жеп-ақ жүрек жалғармыз. Түлкінің олжаны бұлай бөлгені арыстанға ерекше ұнап кетеді де:
- Оу, түлкіжан, олжаны бұлай бөлуді сен қайдан үйреніп жүрсің? Өте дұрыс бөліс! – деп сүйсінеді.
Сонда түлкі:
- Тақсыр, бұл әділдікті мен қасқырдың ағып түскен көзінен үйрендім, – депті.

МЫСАЛ


Қарға мен түлкі
Абай Құнанбаев (И.А. Крыловтан)



Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын,
Қошеметшілердің амалын.
Сонда да солар қайда жоқ?
Ептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ.

Ірімшікті Құдайым


Кез қылды бір күн қарғаға.
Алып ұшып барды да,
Қонды бір биік ағашқа.
Үлкен олжа емес пе
Ірімшік деген қарны ашқа?
Бір жеп алып, шүкірлік
Қылайын деп аллаға,
Тұмсығында ірімшік,
Ойланып қарап тұр еді,
Бір қу түлкі сорына
Жақын жерде жүр еді,
Ішіне сақтап қулығын,
Ептеп барып барлайды,
Бұлғақтатып құйрығын,
Қарғаның көзін алдайды.
Тәтті тілмен, тәтті үнмен

Сөйлесуге айналды:
"Қарағым, не еткен сұлу ең!"-
Деп таңырқап таңданды,-
"Не еткен мойын, не еткен көз,
Осыдан артық дейсің бе
Ертегі қылып айтқан сөз?
Қалайша біткен, япырмай,
Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей
Деп ойлаймын үніңіз.
Осы көрікпен, Бұл жүнмен,
Әншілігің белгілі,
Ұялмай, қалқам, бір сайра,
Біз де алалық үлгіні.
Құс төресі біздерге
Сіз боларсыз бір күні".
Басы айналды қарғаның
Сұмның айтқан сөзіне.
Қуанғаннан бөртініп,
Бір мастық кірді өзіне.
Өзіне біткен өңешін
Аямастан қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті,
Іс бітті, қу кетті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет