Көлемі 1 см3 алтынның массасы көлемі сондай қорғасынның массасынан қанша есе көп? Алтынның тығыздығы 19300 кг/м3, қорғасынның тығыздығы 11300 кг/м3.
Көлемі 100 мл судың массасы неге тең? су103 кг/м3.
Ыдыстың ішінде массасы 2 кг бензин бар. Ыдыстың бензині жоқ кездегі массасы 600г. Ыдыстың іштілігін литрмен анықта. Б710 кг/м3.
Массасы 17,8 кг мыстан жасалған затты жуу үшін керосині бар ыдысқа батырған, зат ығыстырып шығарған керосиннің массасын анықта. К800 кг/м3. М8,9 г/см3.
Б-ТОБЫ
Іші қуыс шыны шарды суға салғанда массасы 50 г су ыдығыстырылып шығарылды. Егер шардың ішіндегі қуыстың көлемі 12 см3 болса, шардың массасы қандай? су1 г/см3. ш2,5 г/см3.
Көлемдері бірдей болған жағыдайда темірдің массасы алюминийдің массасынан 12,75 кг артық болады. Темір мен алюминийдің массаларын тап. Т7800 кг/м3. А2700 кг/м3.
С-ТОБЫ
Қоспа қорғасын мен қалайыдан жасалған, оның массасы 664г, тығыздығы 8,3 г/см3. Қоспаның ішіндегі қорғасынның массасын анықта. Қоспаның көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең. қалайы7300 кг/м3. қорғасын11300 кг/м3.