Массасы 461,5 г дененің көлемі 65 см3. Оның тығыздығы қандай?
Бензин құятын отын багының көлемі 200л, оған толтыра бензин құйылған болса, массасы қандай болар еді? Б0,71 г/см3.
Трактордың отын багына толтыра құйғанда, 70 кг керосин сыяды. Бактың іштілігін литрмен анықта. К800 кг/м3.
Массалары бірдей күміс және мыс екі білеуше бар. Күмістің өлшемдері 2х5х6 см, ал мыс білеушенің ұзындығы 7 см ені 4см. Биіктігі қандай? К10,5 г/см3. М8,9 г/см3.
Б-ТОБЫ
Машинаның бензин багында көлемі 40л бензин бар. 100 км-ге кететін бензин шығыны 5,7 кг болса, бензин қанша жол жүруге жетеді? б710 кг/м3.
Қоспа 1,5 кг қалайы және 4,2 кг қорғасыннан тұрады. Осы қоспаның тығыздығы қандай? қалайы7300 кг/м3. қорғасын11300 кг/м3.
С-ТОБЫ
Көлемі 0,4 м3 қорытпа мыс пен 750 кг мырыштан жасалған. Қорытпаның тығыздығы қандай? М8900 кг/м3. Ц7100 кг/м3.
Масса, көлем және тығыздық
НҰСҚА 7 7/2
А-ТОБЫ
15 см3 қандай да бір заттың массасы 109,5 г-ға тең. Осы заттың 1 м3-нің массасы одан қанша есе артық?
Тығыздығы 11300 кг/м3 заттан тұратын дененің көлемі 250 см3. Массасын есептеп шығар.
Массасы 200г бос мензуркаға біраз мөлшерде керосин құйылды. Мензурканың керосинмен қос алғандағы жалпы массасы 260г болса, оған құйылған керосиннің көлемі қандай? К800 кг/м3.
Массасы 1,6 кг мыстан жасалған заттың көлемі 200см3. Осы зат тұтас па, әлде қуыс па? Қуыс болса, сол қуыстың көлемін анықта. М8,9 г/см3.
Б-ТОБЫ
Шыныдан жасалған кубтың массасы 857,5 г. Оның толық бетінің ауданы 294 см2 болса, шынының тығыздығы неге тең?
Тұтас алюминий кубтың толық бетінің ауданы 150 см2. Осы кубтың массасы қандай? А2700 кг/м3.
С-ТОБЫ
Мыс сымының көмегімен екі желілі байланыс жүйесін орнатпақшы. Сымның орамының жалпы массасы 1,5 кг, ал сымды тығыздап қарындаштың өн бойына 15 орам орғанда, оның ұзындығы 1 см болды (Лукашик 21 есепті қара). Осы желінің ұзындығы қандай болар еді? М8900 кг/м3.