Көлемі 10см3 металл кесегінің массасы 78г, көлемі 20см3 болатын осы металл кесегінің салмағы неге тең?
Ыдыстың ішіне көлемі 20л сұйық құйылған. Сұйықтың салмағы 160Н, оның тығыздығы қандай?
Өлшемдері 500х150х150мм ағаш білеушенің салмағы анықта. а700 кг/м3.
Салмағы 9,2кН тартатын темірбетоннан жасалған арқалықтың (балконның) өлшемдері 6100х50х120 мм. Осы арқалықтың ішіндегі болат сымның салмағын анықта. бетон2200 кг/м3, болат7800 кг/м3.
Б-ТОБЫ
Сызбада өлшемі көрсетілген алюминий бұрыштықтың салмағын анықта. Бұрыштықтың қалыңдығы 5 см. Өлшемдері осындай жез бұрыштықтың салмағы қандай болады? а2700 кг/м3, ж8500 кг/м3.
Массасы 2 кг болатын ыдыстың ұзындығы 40 см, ені 25 см және биіктігі 60 см. Осы ыдыстың тең жартысына дейін керосин құйылды, ыдыстың салмағы қандай? к800 кг/м3, g10 Н/кг.
С-ТОБЫ
Биіктігі 30 см, ені 20 см, қалыңдығы 3 мм, құрғақ қарағайдан “” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей 5см. Осы әріптің салмағы қандай? Қ0,4 г/см3.