U тәрізді қатынас ыдыстың ішіне сынап құйылды. Егер ыдыстың бір жағына бағанының биіктігі 0,8м су, ал екінші жағына бағанының биіктігі 0,2м керосин құйылса, онда керосин жағындағы сынап бағаны қанша биіктікке көтеріледі? су103 кг/м3, к800 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.
Бөшке ішіндегі мұнайдың деңгейі түбінен 9,5м биіктікте болса, онда оның бөшке түбіне түсетін қысымын есептеңіздер. Сондай-ақ ауданы 290 м2 түпке түсіретін жалпы қысым күшін анықтаңыздар. м800 кг/м3.
С-ТОБЫ
Цилиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей сынап және су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі h=30см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта. (сурет) су103 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.
Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 5 7/4
А-ТОБЫ
Керосиннің ішінде, оның деңгейінен 400мм биіктікте тығын тұр. Егер тығынның ауданы 16см2 болса, осы тығынға керосин қандай қысым күшін түсіреді? к800 кг/м3.
Төртбұрышты шыны ыдыстың табанының ұзындығы 50см, ені 20 см. Осы ыдысқа 5 л су құйылды. Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? с1000 кг/м3.
Шаңғышының қарға түсіретін қысымы 2,5 кПа. Егер бір шаңғының ұзындығы 190см, ал ені 8 см болса, онда шаңғышының массасы қандай?
Жүгі бар тіркеменің массасы 2,5т. Әр дөңгелектің жолмен жанасу ауданын 125 см2-қа тең деп алып, тіркеменің жолға түсіретін қысымын анықта.