Б-ТОБЫ
|
U тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Ыдыстың ендісінің көлденең қимасының ауданы, жіңішкесінен 4 есе үлкен. Қатынас ыдыстың жіңішке жағына бағанының биіктігі 20 см болатындай керосин құйылса, ыдыстың үлкен бағанындағы су деңгейі қанша көтеріліп, жіңішке жағындағысы қанша түсер еді?
Гидравликалық машинаның кіші поршеньі 100Н күштің әсерінен 8 см түседі. Егер үлкен поршеньнің жүгімен салмағы 1,6 кН болса, ол қандай биіктікке көтеріледі?
|
С-ТОБЫ
|
Тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді ыдыстың ішіне салмақтары бірдей сынап және су құйылған. Сынап қабатының биіктігі 6 см болса, су қабатының биіктігі қандай болады. сын13,6103 кг/м3, су103 кг/м3.
|
Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 2 7/4
А-ТОБЫ
|
Үшкір иненің ұшының ауданы 0,000006 см2. Инеге 3Н күш түсірсек, қысым қандай болар еді?
|
Керосин құйылған бактің бүйірінде ауданы 8 см2 тесік бар. Осы тесіктің центрінен керосиннің еркін бетіне дейінгі биіктік 1,8 м. Тесікті тығынмен жабатын болсақ оған әсер ететін қысым күші қандай болар еді? к800 кг/м3.
|
Қатынас ыдыстарда сынап және су бар (сурет). Су бағанының биіктігі 68 см. Сынап бірдей деңгейде болу үшін қатынас ыдыстардың сол жақтағы тармағына қандай биіктікке дейін керосин құю керек? к800 кг/м3, с103 кг/м3.
|
|
Гидравликалық престің кіші поршеньінің ауданы 10см2. Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршеньнің ауданы 200см2. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |