221
Бәдірге аяқ басқан сәтте-ақ Аллаһтың сүйікті елшісі төңірекке
бажайлап көз жүгіртті де: "Иншаллаһ, ертең таңертең пәленшенің оққа ұшар
жері мына жер! Түгенше мына жерде жан тәсілім етеді. Сосын мына жерде..."
- деп құрайыш мүшріктерінің басшыларының о дүниелік болар жерлерін
қолмен қойғандай көрсетіп береді.
Хазіреті Омардың айтуы бойынша бәрі Аллаһ Расулының дегеніндей
болды.
Таңертеңгі шайқасқа мұсылмандар рухани дайындалумен, ғибадатқа
беріліп, ықыласпен дұға етумен болды. Әрине, пайғамбардың тағат-ғибадаты
ерекше-тін. Сол түні ол өзіне арнап тігілген қостың ішінде таң ағарып
атқанша көз ілместен дұға етті. Рақымды да мейірімді Раббына
жалбарынғанда барша әлем, көк пен жер онымен бірге мұңайып, уайымға
берілгендей. Ұшы-қиырсыз шөл дала құдды нұрлы пенденің тілегеніне үн
қосқандай, тым-тырыс, мұңды кейіпте.
"Аллаһым! Маған берген уәдеңді орындай гөр!
Уа, Аллаһым! Мынау аз ғана мұсылман мужаһид жеңіліске ұшыраса,
саған жер бетінде ғибадат ететін пенде қалмайды", - деп жалынышты күйде
шын ниетімен қол жайғанда он сегіз мың ғаламды тебірентті.
Расулаллаһ бес уақыт намазының соңында осы дұғаны айна-қатесіз
қайталайтын. Аллаһ Расулының жүрекжарды тілегін құлақтары шалған
муминдердің ақиқат жолындағы ықыластары артатүсетін...
Достарыңызбен бөлісу: