327
"Уа, Омар! Мұхаммед (с.а.у.) - Алланың елшісі. Ол Раббына қарсы
шықпайды.
Аллаһ Оның көмекшісі!
Сен соның әміріне мойынсұнғанды біл!" - деді салмақтап.
Хазіреті Омар сонда да болмай: "Ол бізге Мәдинадан шықпай тұрып
Бәйтуллаһқа барамыз, тауап етеміз демеп пе еді?" - деді.
"Иә, солай деген. Бірақ Қағбаны биыл тауап етеміз деп кесіп айтып па
еді?" - деп сұраққа сұрақпен жауап қатты Әбу Бәкір Сыддық.
- "Жоқ".
- "Сен міндетті түрде Бәйтуллаһты жақын арада зиярат етесің", - деп
Әбу Бәкір Сыддық досына демеу берді.
Хазіреті Омар арадан көп уақыт өткенде осы қылығына өкініш
білдірген.
"Мені сол күні не қара басқанын білмеймін. Пайғамбарымызға бұрын-
соңды олай сөйлеген емеспін.
Егер сол күні менің пікірімді қолдайтын біреулер шыққанда,
мұсылмандардан ажырап соларға қосылған болар ма едім?!
Аллаһ ақыры соңын қайырлы қылды.
Расулаллаһ соны алдын ала болжап білген екен.
Сол күні Расулаллаһқа айтқан сөздерімнен өзім қорқып кінәмды жуып-
шаю мақсатымен күндіз-түні намаз оқыдым, ораза тұттым, садақа беріп, құл
азат еттім", - деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: