Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет223/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Құрбан шалу, шаш алу
Аллаһ расулы Мұхаммед (с.а.у.) мүшріктермен бейбіт келісімге қол 
қойып, маңызды істі бітіргеннен кейін сахабаларына: 
"Енді не тұрыс, құрбандықтарыңызды бауыздап, сосын шаштарыңызды 
алдырыңыздар", - деді. 
Асхабтан ешкім қозғалмады. 
Пайғамбарымыз екінші рет қайталады: 
"Тұрыңыздар, құрбандық шалып, шаштарыңызды алдырыңыздар". 
Сахабалар меңіреу кісіше сылт етпеді. 
Аллаһ Елшісі үшінші рет бұйырды. Тағы тым-тырыс. Бірнеше рет 
берілген бұйрық нәтижесіз қалды. Мән-жайдың байыбына бара алмаған 
Пайғамбарымыз ақ некелісі Үммү Сәламаға барды. 
"Уа, Үммү Сәлама! Не болған мына халқыма? 
Құрбандықтарыңызды шалып, шаштарыңызды алыңыздар деп қайта-
қайта айттым. Ешбірі отырған орнынан қозғалар емес", - деп шағымданды. 
Ақыл-парасатының үстемдігімен ерекшеленетін Үммү Сәлама бұл 
жолы да қарап қалмады. 
"Уа, Нәбиаллаһ, - деді ол, - егер осы айтқандарыңның жүзеге асуын 
қаласаңыз, далаға шығыңыз да ләм-мим деместен өз құрбаныңызды 
бауыздаңыз, шаштаразды шақырып шашыңызды алдырыңыз. Істеп болғанша 
жұртыңызбен тіс жарып әңгімелеспеңіз. 
Сенің істегеніңді көріп олар да қимылдай бастайды!" 


328
Пайғамбарымыз сыртқа шығып, ешкімге ештеңе айтпастан аяңдаған 
күйі құрбандық түйесін ұстап, бауыздады. Онан соң шаштараз хузаалық 
Хыраш ибн Үмаййаны шақырып шашын кестіріп, сақал мұртын бастырды. 
Мұны көріп сахабалар да түйелерін сойып, шаштаразға жүгірді. 
"Құрбан шалуға асыққандары сондай, бірін-бірі басып кете жаздады", - деп 
кейіннен еске алған Үммү Сәлама. 
Осы оқиға барысынан Үммү Сәлама анамыздың даналығына куә 
боламыз. Деректерде "Үммү Сәламаның Худайбиядағыдай ақылды тоқтамын 
Ислам тарихында бірде-бір әйел көрсете алмаған" делінеді. 
Худайбиядан аттану
Жиырма күндей Худайбияда болған Пайғамбарымыз Мәдинаға қайтуға 
жиналды. 
Асхабы Меккенің түбіне келіп тұрып Қағбаны көре алмағандарына 
өкінді. 
Сол мезетте пайғамбарға уахи келіп, жуық арада үлкен жеңіске қол 
жеткізетіндіктерінен хабардар етті. Кезекті уахи-Фәтх сүресі еді. 
"(Уа, Расулым! Меккені және басқа да мемлекеттерді қол астыңа 
қаратуға себеп болатын Худайбиядағы бейбіт келісім арқылы) Біз сені шын 
мәніндегі ашық, айқын жеңіске жеткіздік!..." (1 аят) 
Мұнан соңғы аяттарда Хақ Тағала барша болмыстың сәруары Хазіреті 
Мұхаммедтің (с.а.у.) мұсылмандармен бірге жақында Қағбаны тауап ететінін 
сөз қылады. Расулаллаһтың көрген түсі сөйтіп шындыққа айналады. Бұл 
жайлы Фәтх сүресінің 27-аятында былай делінеді: 
"Расында, Аллаһ пайғамбардың түсін шындыққа тура шығарды. Аллаһ 
қаласа, аман-есен, әлбетте, Харам мешітіне шаштарыңды алдырып не 
қысқартып еш қорқусыз бейбіт кіресіңдер. Аллаһ сендердің білмеген 
нәрселеріңді білген еді. Сондықтан (Меккені алудан бұрын) бұдан өзге бір 
жақын жеңісті нәсіп етті". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет