334
Елшілердің қай-қайсысы да баратын елдерінің тілін еркін меңгерген-
тін. Пайғамбарымыз елшілеріне барған елдің билеушісіне табыстайтын
хаттарды ұстатты. Ел билеушілері мөрсіз хат-хабар қабылдамайтындықтан
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) күмістен жүзік жасатып, оған «Аллаһ Расулы
Мұхаммед» деп үш сөзді бірінің астына бірін жаздырып, мөр-таңба
бастырды.
Пайғамбарымыз бұл жүзікті өмірінің соңғы күндеріне дейін саусағынан
тастамаған. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бақилық болған соң мөр-жүзік кезегімен
Хазіреті Әбу Бәкірден Хазіреті Омарға одан Хазіреті Османға өткен.
Бір күні Хазіреті Осман қолындағы мөр-жүзікті құдыққа түсіріп алады.
Құдықтың суын тартып іздегенмен жүзік сол күйі табылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: