335
Көктен түскен кітапқа ие яһудилер мен христиандардың күтіп
жүргендері осы - Мұхаммед (с.а.у.). Ол барша адамзаттың пайғамбары. Мұса
пайғамбардың Исаның келетінін хабарлағанындай, Иса пайғамбар да "Ол
пайғамбар түйеге мініп жүреді" деп Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.)
келетінін білдірген.
"Осынау салтанатқа ие болғанша Мұхаммедтің (с.а.у.) қызметшісі
болғанымда ғой! Ешқандай салтанат оған қызметшілікпен теңдесе алмайды".
Нәжаши Асхама піл сүйегінен жасалған қымбат құты алдырып
Пайғамбарымыздың хатын салды да: "Осы хат сақталып тұрған уақытта
хабаштықтар берекеге кенеле береді", - деді.
Амр ибн Үмаййа Нәжашиге үндеумен келген кезде құрайыштардың
мықты саясаткері Амр ибн Ас та Хабашстанда еді. Мұсылман өкілінің
Нәжашимен кездескенін сырттай бақылап білген ол өзінен-өзі ашуланып,
Хазіреті Амрды өлтіргісі келеді. Ішкі ызасын ірке алмай ақыры билеушінің
құзырына шығып:
"Уа, мәртебелім! Сенімен біреудің жүздесуге келгенін өз көзіммен
көрдім. Ол біздің қас дұшпанымыздың елшісі. Елші қолыма түссе, өлтірсем
деп едім", - деді.
Нәжаши Амр ибн Астың бұл ұсынысына ашуланып:
"Сен Мұса пайғамбармен жүздескен Жебірейілден уахи алған ұлы
адамның елшісін өлтірмекке менен не бетіңмен рұқсат сұрай келдің?" - деді.
Амр ибн Ас: "Уа, билеуші оның пайғамбар екені рас па?
Нәжаши: "Ей, Амр! Менің сөзіме құлақ ас, тез арада соның соңынан ер.
Өйткені ол хақ жолда. Оған қарсы шыққандар түбінде жеңіліс табады. Мұса
пайғамбардан Перғауын мен әскері күйрей жеңілгені сияқты".
Амр ибн Астың тұла бойы тітіркеніп кетті. Демі дірілдей:
"Сен менің Исламиятты мойындағаныма куә бол", - деді.
Нәжаши қуана құптады. Амр ибн Ас құрайыштарға сыр бермей бір
жыл жүреді. Хижреттің 8-жылында ғана Мәдинаға барып Расулаллаһтың
алдында иманын жария етеді...
Нәжаши Асхама болса Хазіреті Мұхаммедтің ұсыныстарын түгелдей
орындап, оны жазбаша түрде білдіреді. Елші арқылы Расул Әкрамға қымбат
сыйлықтар жолдайды.
Достарыңызбен бөлісу: