348
бір уақыт намаз оқуға да шамасы келместен тікелей жәннат төрі бұйырған
мұсылман атанды.
Шейіт Иәсардың мәйіті шатырға әкелінді. Үсті жабық жатқан одан көз
алмай
қараған
Расулаллаһ
кенет
бұрылып
жүзін
жасырды.
Пайғамбарымыздың әрбір әрекетін көзден таса қылмайтын сахабалары бұл
жолы да:
"Уа, Расулаллаһ, неліктен теріс бұрылдыңыз?" - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз мұның мәнісін былай баяндады:
"Шейіт жан тәсілім берген сәтте жұмақтан
екі хор қызы келіп оның
үсті-басының шаңын қағып, "Аллаһ сені шаң-тозаң еткендердің жазасын
берсін! Сені өлтіргеннің жанын алсын", - деді.
Мына Иәсар да маңдайы бір рет сәждеге тимесе де Аллаһтың керемет
сыйына ие болды.
Екі хор қызы басына жақын келгенін көрдім".
Ғибрат алғанға бұл оқиға да көп нәрсені ұқтырса керек. Аз да болса
ықыласпен жасалған амал мәңгі бақытқа, соңсыз сыйға кенелтеді.
Не
жағдай болсын, мұсылманның сөзі мен ісінің, ниетінің негізі
ықыласқа сүйенуге тиіс.
Мәселенің екінші жағы, пайғамбардың иманға,
Исламға шақыруда
адамдарды түр-түсіне, үрдісіне, ахуалына қарап ажыратып жатпағандығы.
Ұлты, жұрты, нәсілі кім де болса ықыласпен уағыз айтып, бақилық бақытқа
жөн сілтеу - пайғамбар үмметтерінің де міндеті.
Он күнге созылған шайқастың соңы яһудилердің пайғамбардан бейбіт
келісімге келуді талап етуімен аяқталды. Пайғамбарымыз олардың ұсынысын
қабылдап төмендегідей мәміле жасалды.
1) Аман қалған яһудилерді өлтірмеу.
2) Хайбардан бала-шағаларымен бірге шығып кетуге рұқсат беру.
3) Әрқайсысы бір көлікпен (ат не түйе) ғана тиесілі мүліктерін алып
шығады.
4) Қалған жылжитын, жылжымайтын мүліктері,
қару-жарақ, сауыт-
сайман және киім-кешек түгелдей Расулаллаһқа беріледі.
5) Дүние-мүлкін жасырып қалғандар Аллаһ және РасулАлланың
қорғауынан мақрұм қалады.
Шарттар екі жақты келісіліп, яһудилер кетуге әзірленіп жатады.
Үйреніскен жерден қоныс аудару оңай ма, яһудилер
ойласып пайғамбарға
мынадай ұсыныс жолдайды:
"Біздің малымыз, мүлкіміз мол. Оны күтіп-баптауды да бізден артық
білер жан жоқ. Хайбарда қалуымызға рұқсат берсең..."
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабалармен қайта кеңесіп, яһудилердің
ұсынысын
қабылдайды.
Жыл
сайын
пайда-түсімнің
жартысын
мұсылмандарға беру шартымен яһудилер Хайбарда қалады. Алайда
пайғамбар қалаған уақытында бұл келісімді бұзуға құқылы еді.
Жылда өнім жинайтын маусымда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Хазіреті
Абдуллаһ ибн Рауаханы Хайбарға жіберетін. Әділетті сахаба Абдуллаһ ибн
349
Рауаха
өнімді тұп-тура екіге бөліп, яһудилерге қалаған бөлігін алуға ерік
беретін. Яһудилер мұсылман өкілінің әділдігіне қайран қалып:
"Осы әділеттің арқасында жер мен көк орнында тұрған шығар", - деп
бас шайқасатын.
Достарыңызбен бөлісу: