Дамыту ойындары және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру



бет41/48
Дата07.02.2022
өлшемі141,84 Kb.
#86367
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
танымдық оқиға

Ақ серек, көк серек
Ойын шарты: Ойын жазда ойналады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір- бірінен 30-40 метрдей жерде қол ұстасып, қаз-қатар тізіліп тұрады. Өз тобының оң жақ басында басқарушылар болуға тиісті. Жеребе бойынша ойынды бастау еркіне ие болған топтың жетекшісі:
Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек? - деп екінші топтпн сұрайды. Оған қарсылыстары былай деп жауап береді:
Ақ серек, көк серек,
Сонау тұрған азаматтың өзі керек,- деп қарсы жақтың ойыншысының атын атайды. Сол шақырылған бала жүгірген қалпымен қол ұстасып тізіліп тұрған топтың ең әлсіз деген жерінен үзіп өтуге тырысады.
Егер ол үзіп кетсе, үзілген желідегі бір баланы өз тобына апарып қосады. Үзе алмаса, ол өзі сол топта қалады. Ендігі кезек екінші топқа беріледі. Оларда осы тәртіп бойынша ойынды жалғастырады. Сөйтіп, екі топ бірін- бірі ұтып алуға тырысады. Ақыры ұтылған топта аз мөлшерде, кейде жалғыз басқарушысы ғана қалады.
Ұтқан топ жүлдесін алады. Жүлдені тәрбиеші өз қалауынша ұсынады.
Ұшты- Ұшты.
«Ұшты – ұшты » ойыны балаларды аңғарпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Балаларды шеңберге тұрғызып, зейін қойып тыңдап тұруларын ескертеді.
Ойын бастаушы: Мен ұша алатын затты атап, ұшты деп қолымызды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып «ұшты – ұшты » деп қалықтап тұрасыңдар.
Мысалы «қаз ұшты » десем, сендер де «ұшасыңдар». Мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап «ұшты» деп қолымызды көтерсем, онда сендер «ұшпайсыңдар». Мысалы, «саз ұшты» десем, сендер қолдарыңды көтермейсіңдер. Ұша алатын затты атағанда «ұшпай қалған », сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда, «ұшып кеткен » ойнаушы айып тартады деп түсіндіреді.
Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы ұтылған ойыншы ән салып, болмаса жұмбақ шешу арқылы айыбын ақтауына болады.
Ойын басталады:
- Ұшты, ұшты, тарғақ ұшты (ұшады).
- Жарғақ ұшты. (ұшпайды).
- Үкі ұшты!
- Түлкі ұшты!
- Бүркіт ұшты!
- Іркіт ұшты !
- Үйрек ұшты !
- Бүйрек ұшты !
- Кекілік ұшты!
- Кекілің ұшты !
- Қызғыш ……..
- Сызғыш ……..
Осы тәртіппен ойын жүргізіле береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет