Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет18/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер

  1. Степанов А.Ф. Батыс Сібірдегі көпжылдық дәстүрлі емес жемшөп дақылдар. – Омбы, 2006ж.

  2. Ларин И.В. және басқалар. Кормовые растения сенокосов и пастбищ СССР.//И.В.Ларин, Ш.М.Агабабян, Т.А. Работнов және басқалар – М.-Л.: А.-ш. әдебиеттер баспасы, 2011ж.

Бақылау сұрақтары

  1. Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы.

  2. Сыртқы факторларға қоятын талаптары.

  3. Жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы.

Дәріс №11-12
Аз тараған біржылдык және көпжылдық мал азықтық астық
тұқымдас дақылдар. Қияк, (Волоснец, Еlіmus), Қарабас шалғын
немесе шалғындық, атқонақ, (Тимофеевка луговая,
Рhleut рzatenselі), Үйбидайық, (Райграс, Lоlіит) және т.б.


Қияк, (Волоснец, Еlіmus). Қияқ - астық тұқымдас көп жылдық мал азықтық өсімдік. Қияқтың ботаникалық түрлері көп. Қазақстан жерінде оның негізінен үш түрі: тарлау қияқ, сібірлік қияқ және айғыр қияқ тараған. Мәдени дақыл ретінде ТМД көлемінде тарлау қияқ пен сібірлік қияқ қана егіледі. Бұлардың ішінен қазірде кеңіннен таралғаны - сібірлік қияқ қана.
Тарлау қияқ. Жабайы түрінде далалы және шөлейт аймақтардың сортаң жөне сортаңдау топырақты жерлеріңде өседі. Ол көпшілігінде Батыс және Шығыс Сібір, Еділ өзенінің шығысында сондай-ақ Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік шығыс обылыстарында кездеседі. Мұнда ол жалпы табиғи өсімдіктер ассоциациясының дені больп көлемді жерлерде өседі. Тарлау қияқ табиғи жағдайда бойы 25-80 м, ал екпелі түрінде 100-120 см жететін сирек түпті өсімдік. Тамыры шашақты болып, әдетте 1,5 м тереңге жетеді де төңерегіне 1 м-ге дейін жайылып өседі. Сабағы жіңішке, жылтыр, тек масағының асты ғана бүдыр келеді, жапырағы көкшіл немесе қоңырқай жасыл, қатаң, шеті бүктелген. Масағы жасьлдау, пісіп жетілгенде қоңыр күреңденіп кетеді. Тарлау қияқ биологиялық ерекшеліктері бойынша жайылымдық шөпке жатады. Өйткені тұрқы қысқа жапырақтарымен мен сабақтары шөп машиналарымен шапқанда майда кесінділерге айналып, жинап алуға қиындық келтіретіндіктен оны пішен үшін шабу тиімсіз.
Тарлау қияқтың жақсы қасиетінің бірі қар кетісімен қаулап көктеп өсуі. Сондай-ақ бұл өсімдік күзде де алшындап өсіп, оның көгі мал жаюға жарайды. Мал оны көктемде, әсіресе дамуының бастапқы кезеңінде оның құрамында протеиіні және жайылым ғылыми-зерттеу институтының мағлұматтарына қарағанда (Прянишников С.Н., Бекмуханбетов Э.Н.) түптену фазасында тарлау қияқ азығының абсолютті құрғақ затында 25,72 %, сабақ шығару фазасында 18,66 %, гүлдеу фазасында 17,72%, шикі протеин болса, алшын көк балаусасының құрамыңда протеин оданда мол -23,50% - 27,34 % болады. Сонымен бірге тарлау қияқ мал азықтық өнімді де мол беретін өсімдік. Зерттеулер нәтижесінде алынған мұнда 3 жылдағы тарлау кияқтың екпелі жайылымынан алынған орташа өнім, осы жердегі жусанды-эфемерлі табиғи жайылымға қарағанда 3-4 есе артық болған. Мысалы, табиғи жерден гектарына 4,5-4,8 ц курғақ жайылымдық шөп өнімі алынса, ал осындай жерді жыртып тарлан қияқ сепкенде 10,7 - 18,4 ц жеткен. Мұнда ең жоғарғы өнім - 18,4 ц егісті өсімдіктің гулдену фазасында шапқанда алынған. Егісті гүлдену фазасына жеткізбей пайдаланғанда, ол жаз бойы 2 рет кайталап алшындап өсіп, мал жаюға келеді. Бірақ егістен алынатын жалпы өнім мөлшері, әсіресе, оны түптену фазасында пайдаланғанда әжептәуір кем болады (10,7 ц).
Тарлау қияқ тұқымды да жақсы береді. Ылғалы молырақ болатын далалы аймақтарда өсуінің екінші жылында-ақ гұқым бере бастайды. Дегенмен тұқымды мол беру мерзімі көпшілігінің үшінші жылында басталады. Өндірістік жағдайда тұқым өнімін гектарына бір центнерге дейін береді. Оньң тұқымын тұрақты өндірудің қолайлы аймағы деп тегінде жыл бойы 300 мм-ден артық мөлшерде жауын-шашын болатын аудандарды атаған дүрыс. Жыл бойы жауын - шашын мөлшері бұдан аз болатын жерде егістен жылма - жыл тұрақты өнім алу қиын. Тарлау қияқ соңғы жылдары республикамызда кеңіннен тарады. Оның егісі қазірде Алматы, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарында кездеседі. Бұл шөп жайылым үшін тәлімі жерлерде кеңінен тартуға жататын қүнды мал азығындық жайылымдық дақылдардың бірінен саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет