Бал құмайдың перспективалы сорттары мен будандары. Қазақстанның солтүстік облыстарында өндіріске қолдануға жіберілген бал құмайдың будандарын жасаудың осы аймаққа тән ерекшеліктері бар. Оларды тұқымдарын қысқа жаз жағдайында алу мүмкін болмайтын, тектік формалар құрамына кіретін, орташа және кеш пісетін топтар негізінде республиканың оңтүстігінде жасайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда олардың ішінен зерттеліп, ғылыми-негізделген модель бойынша ең перспективалылары салыстырмалы бағаланып, таңдалады.
Параметрлер құрамына Солтүстік Қазақстанның климаттық жағдайларында суыққа төзімділікке тәуелді болатын егістік өскінденуі кіру керек (егістік өскіндену мен топырақ температурасы арасындағы корреляция коэффициенті ). Көктемгі кезеңде топырақ пен ауа температурасының күрт жоғарылауы, әдетте, өте күрт, бірақ қысқа мерзімді суытулармен алмасып отырады. Сондықтан бұл аймақтың қиын климаттық жағдайларында перспективалы будандарды тек тез пісушілігінен ғана емес, ауыспалы температураларға төзімділігі тұрғысынан да таңдау қажет.
Әр ауылшаруашылық зона үшін перспективалы буданның технологиялық қасиеттері мен өнімділігінің параметрлері жекелеп жасалуы қажет. Қолдану мақсаты мен өсу кезеңінің ұзақтығына қарай бір-бірінен ажыратылатын сорттардың көп түрлігігі осы себептермен түсіндіріледі.
Бал құмайды Қазақстанның солтүстік облыстарында көбіне сүрлемге өсіреді. Сондықтан перспективалы будандарға қойылатын талаптар басқа дақылдармен бірдей. Бұл аймақтың өндірістік жағдайларында мына қасиеттер бағалы болып саналады: тез пісу, құрғақшылыққа төзімділік, жоғары өнімділік, абсолютті құрғақ заттағы протеиннің мөлшері 15%-дан кем емес, бастапқы кезеңдегі биожиынтықтың өсуінің жылдамдығы.
Бал құмайдың және басқа сүрлемдік дақылдардың түрлі сорттары мен будандарына жасалған экологиялық сынақтардың нәтижесінде (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 1998) 1990-1997 жылдары келесі мәліметтер белгілі болды:
7 – кесте. Бал құмай және құмай-судандық будандардың өнімділігі
Сорт, будан
|
өнімділік, ц/га
|
Көк балауса
|
Абсолютті құрғақ зат
|
ц/га
|
%
|
Цунами 85 (St)
|
352
|
60,0
|
17,0
|
Ставропольдік 36
|
412
|
90,9
|
22,0
|
Камышиндік 8
|
413
|
92,8
|
22,4
|
Қаскелеңдік 1
|
494
|
96,0
|
19,4
|
Қазақстандық 16
|
300
|
35,1
|
11,7
|
Қазақстандық 1
|
468
|
52,4
|
11,1
|
Алматылық 81
|
340
|
59,7
|
17,5
|
Ұжымдық 10
|
477
|
73,1
|
15,5
|
НСР05
|
73,6
|
12,0
|
|
Ескерту: кестеде шоқылы-жазықты даладағы экологиялық сынақ нәтижелері берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |