Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет73/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Бақылау сұрақтары

  1. Халық шаруашылығындағы маңызы

  2. Биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.

Практикалық сабақ №9


Тақырыбы: Түйнек жемістілер. Жер алмұрты ( Земляная груша, Helіanthas tuberosus L)
Дәрістің жоспары:

  1. Шаруашылық маңызы.

  2. Ботаника-биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.

Күн түйнегі (жер алмұрты мен күнбағыстың буданы, топинсолнечник). Жер алмұрты астровые (asteraseae) тұқымдасына жататын көпжылдық түйнекті өсімдік. Күн түйнегі жер алмұрты мен күнбағыстың түраралық буданынан пайда болған түйнекті мал азықтық өсімдік түршесіне жатады. Оның сыртқы пішіні жер алмұртына қарағанда ірі де қуатты, бірақ жапырақ саны мен мөлшері, сабағы мен бұтағының жуандығы жағынан жер алмұрты мен күнбағыстың аралығында.


Жер алмұртының отаны – Солтүстік Америка. Бұл жерде осы өсімдіктің жабайы түрі анықталған. Бұрынғы одақ көлемінде жер алмұртын мал азығына бірінші рет Украинада, Солтүстік Кавказда және Беларуссияда өткен ғасырдың 30-шы жылдарында өсіре бастады. Соғыстан кейін (50-ші жылдары) алғашқы сорты шығарылып зерттеліп, өз бағасын алды.
Шаруашылық маңызы. Бұл екі дақылдың да сабағы мен тамыр түйнегін мал азығына пайдаланады. Сабағы жеке дара да, немесе басқа дақылдармен де қосылып сүрлемге салынады. Сүрлемі сапасы жағынан күнбағыстың сүрлемінен жоғары. Жер алмұрты мен күн түйнегінің тез пісетін сорттары шошқаға көктем кезінде жақсы жайылым болып есептеледі.
Жас өсімдіктерінде көмірсулары, оның ішінде қант көп кездеседі де оны ұсақтап бергенде мал сүйсініп жейді. Көк балаусасында каротиннің мөлшері күнбағысқа және жүгеріге қарағанда көбірек. 1 кг көк балаусасында 180 мг каротин және 938 мг С витамині болады. 100 кг көк балаусасында 20-25 азықтық бірлік бар. П.П.Вавиловтың мәліметі бойынша жер алмұртының сорттарының көк балаусасында абсолютті құрғақ затында орта есеппен 5,2% каротин, 27,5% клетчатка, 3,4% май, 55,7% азотсыз экстрактивті зат, 7,1% күл болады. Сүрлемінде 2,1% протеин, 1,7% белок, 0,4% май, 3,1% клетчатка, 8,9% азотсыз экстрактивті зат, 1,9% күл болады.100 кг сүрлемінде 15 азықтық бірлік бар. Күлінің құрамында калий, натрий, фосфор, әсіресе темір көп кездеседі.
Жер алмұрты мен күн түйнегінің мал азығына әсіресе пайдалысы олардың тамырындағы түйнектері. Олардың сапалық көрсеткіштері картоппен бірдей. 100 кг түйнегінде 30 азықтық бірлік болады. Түйнегінде 6,2% протеин, 5,7% клетчатка, 5,6% май, 76,3% азотсыз экстрактивті зат, 55,0% күл болады.
Түйнектерінің нашар сақталуына байланысты оны күзде мал азығына және көктемде қазып алып малға берген тиімді. Түйнектері егістікте жақсы қыстап шығады. Сондықтан оны күзде жинап алмай-ақ, көктемде жинап малға беру тиімді. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс аймақтарында түйнектерді күзде қыркүйек-қазан, көктемде наурыз-сәуір айларында мал азығына пайдалануға болады. Оны сабағымен қосып сүрлемге салып қыста да пайдаланады. Бұл өсімдіктердің өнімі өте жоғары. Көпшілік сорттарының әр гектарынан алынатын көк балаусасының орташа өнімі 350-450 ц, ал ең жоғарғы өнімі – 850-900 ц/га дейін жетеді. Ең жоғарғы өнім Украинада, Беларуссияда, Латвияда, Москва мен Ленинград облыстарында алынды. Түйнегінің өнімі гектарына 45-60 ц, ал ең жоғарғы өнімі – 110-130 ц/га дейін жетеді. Қазақстан облысында жер алмұртының әр гектарынан 277 ц көк балауса және 94 ц түйнек жиналды (Свешников А.М., 1979). Өсіру агротехникасы дұрыс сақталған жағдайда оны бір жерде өнімін төмендетпей 8-10 жылға дейін және одан да ұзағырақ пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет