Байланысты: Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс
Өсіру агротехникасы. Жер алмұрты мен күн түйнегін ферма жанындағы ауыспалы егісте, не болмаса одан тыс танаптарда өсіреді. Ең жақсы алғы дақылдар көпжылдық шөптердің қыртысы, күздік бидай болып есептеледі. Себуге жер дайындау жұмыстары күзде танапты жақсылап (27-30 см тереңдікте) жыртудан басталады. Жыртудың алдында танапқа органикалық (30-40 тн/га) және фосфор-калий (P30K60) тыңайтқыштарын шашады. Көктемде культивацияның алдында әр гектарға 2,0-3,0 ц суперфосфат, 1 ц калий тұзын және 1 ц азот селитрасын берген тиімді.
Түйнекті ең қолайлы отырғызу кезі ерте көктем, яғни түйнек өсіп-өнгенге дейін. Тұқымдық материалды көктемде егіс танабын аудара жыртып түйнектерді жинап сұрыптау арқылы дайындайды. Отырғызуға майда (10-20 г) түйнектер де пайдаланылады. Тұқым отырғызу әдісі кеңқатарлап (60-70 см) және қатардағы арасы 40-50 см. Түйнекті шаршы-ұялап (60x60 немесе 70x70 см) отырғызуға да болады. Майда түйнектерді тұқымдыққа пайдаланғанда оны жиі отырғызған дұрыс.
Түйнек отырғызу картоп отырғызу сеялкаларымен, не болмаса қолмен, соқа немесе культиватор жүріп өткен ізге отырғызылады. Түйнектің отырғызу тереңдігі 5-7 см, ал жеңіл топырақта 2-3 см тереңірек отырғызылады. Гектарына отырғызу мөлшері түйнектің салмағына қарай 3 центнерден 8-10 центнерге дейін болады. Жер бетіне өскіні көрініп шыққаннан кейін қатараралығы арамшөптерге қарсы 2-3 қайтара өңделеді (бұтақтану фазасына дейін). Екінші қопсыту кезінде әр гектарына 2 ц азот селитрасы шашылып қоректендіріледі. Екінші және одан кейінгі пайдалану жылдары жер алмұрты мен күн түйнектерінің егістігі ерте көктемде тырмаланады және керек болған жағдайда 28-30 см тереңдікте аудармай жыртады. Осы әдіспен егістіктің орташа тығыздығын қалыптастырады да оның пайдалану ұзақтығын анықтайды.Көк балаусасын жинауға сүрлем жинайтын комбаиндарды пайдаланады. Өсімдік 20-30 см биіктікте орылады. Өйткені, орылғаннан кейінгі сабағының түбіндегі пластикалық заттар түйнектің өнімін жоғарылатуға әсер етеді. Түйнегін картоп қазатын, картоп жинайтын комбаинмен жинайды, не болмаса күзде және ерте көктемде соқамен жыртып жинайды.