Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.
Т.Н. Нургасенов и др «Технология возделывания сафлора на маслосемена в условиях юго-востока Казахстана» Рекомендация, Алматы, 2013ж.
С.С. Арыстангулов «Қазақстанның оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде мақсары тамыр жүйесінің өсіп-даму ерекшеліктері» Алматы, ж.Ізденістер, нәтижелер №1, 2009ж.
С.С. Арыстангулов «Водопотребление сафлора в зависимости от сроков посева в условиях пустынно-степной зоны юго-востока Казахстана» ж.Вестник науки АТУ им. С.Сейфуллина, №3, Астана. 2009ж.
Бақылау сұрақтары
Мал азықтық тарна, мал азықтық шалқан, мал азықтық қырыққабат
Мал азықтық құндылығы.
Биологиялық ерекшеліктері.
Өсіру технологиясы.
Аз тараған бақша дақылдар. Мал азықтық бақша
дақылдар - асқабақ, қарбыз.
Маңызы және таралуы.
Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Сорттары.Агротехника ерекшеліктері.
Асқабақ Шаруашылық маңызы және таралуы. Асқабақ (Cucurbіta) асқабақ тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Оның жемісі жас күйінде малға жақсы азық. Асқабақты сабақтарымен бірге немесе басқа астық қалдықтарымен сүрлемге салуға болады.
Асқабақ жеңіл қорытылуымен және жоғары қоректілігімен ерекшеленеді. Оның 100 кг жемісінде 16 а.ө. және 0,4 кг қорытылатын протеин бар. Құрамында көмірсулары, витаминдер және минерал тұздары кездеседі. Қант мөлшері 12% дейін жетеді және бақша дақылдарының ішінде асқабақта ғана крахмал кездеседі. Витаминдерден С1В1В2РР, Е және каротин жеткілікті мөлшерде кездеседі. Минерал заттардан калий, фосфор және кальций, микроэлементтерден – мыс және кобальт бар. Асқабақ ірі қараларға, шошқалар мен құстарға бағалы азық болып есептеледі. Қазақстанда асқабақты барлық жерлерде өсіруге болады. Тамыржемістілерге қарағанда асқабақ өсіруге шығындар аз жұмсалады. Суармалы жерлерде асқабақтың әр гектардан жемісінің өнімі 200-400 ц дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |