Үшінші бөлім. С1. Дарвин мен Ж.б.Ламарк өмір сүрген кездегі биологияның негізгі мәселесі не болды?
Галапогосс аралында таушымшықтың тұмсықтары әртүрлі бірнеше түрі тіршілік етеді, оның себебі неде?
Бейімдеушіліктің салыстырмалы сипатын мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.
С2. Дұрыс тұжырымды көрсет: Ламарктің эволюциялық көзқарастарымен сәйкес келетін тұжырымды таңда: А) Пілдер қорегін алу үшін үнемі үстіңгі тұмсығын созған. Ол белгі ұрпағына берілді. Осылай пілдің ұзын тұмсығы пайда болды; В) Көптеген пілдердің арасында тұмсықтары әртүрлі ұзындықты пілдер болды тұмсықтары ұзынырақ пілдер өзіне қоректі жақсы тауып, ұрпағына сол белгіні берді. Осылай пілдің ұзын тұмсықты түрлері пайда болды; С) Пілді де, адамдар сияқты құдай жаратты, сондықтан барлық пілдер ұзын тұмсықты; Д) Пілдер басқа ағзалар сияқты мүлтіксіз өмірге ұмтылады. Сондықтан пілдер тұмсығын жаттықтырған, нәтижесінде пілдің тұмсығы ұзарып, ол белгі тұқым қуалаған.