12-тақырып. Микроэволюция және макроэволюция. 1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Салыстырмалы анатомия зерттейді:
а) өсімдіктер мен жануарлардың жүйелік топқа біріктіруді;
в) тірі организмдердің қалдықтары мен Жер бетінде таралуын;
с) әртүрлі жүйелік топтардың ұқсас және айырмашылық белгілерін;
д) организмдердің ұрықтық дамуын.
Аналогиялық мүшелер:
а) шығу тегі,құрылысы және қызметтері әртүрлі.
в) шығу тегі бір, құрылысы және қызметі ұқсас;
с) құрылысы және шығу тегі әртүрлі,бірақ атқаратын қызметі бірдей;
д) құрылысы және шығу тегі бірдей, бірақ атқаратын қызметі әртүрлі.
Рудименттер:
а) арғы ата тегіне тән белгілер; в) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан белгілер; с) басқы қызметін күшейтіп, даму сатысындағы белгілер;
д) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан және даму сатысындағы белгілер.
Түрдің қай критерийі маңызды:
а) экологиялық; в) генетикалық; с) морфологиялық; д) географиялық.
Қандай процесс биологиялық регресске жатады:
а) түрлер санының артуы; в) түрлердің таралу аймағының ұлғаюы; с) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің артуы; д) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің кемеюі.
Қандай процесс араморфозға жатпайды:
а) жылықандылықтың пайда болуы; в) өсімдіктерде тұқымның пайда болуы;
с) паразит құрттардың ас қорыту мүшелерінің жойылуы; д) миының пайда болуы.
Экологиялық түртүзіліс:
а) жыртқыштар отряды арасында; в) жұптұяқтылар отряды арасында;
с) бақалар арасында; д) паразиттік таспа құрттар арасында.