Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро Қазақстан республикасы


Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата24.11.2019
өлшемі0,58 Mb.
#52336
1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 19

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

комиссияларының  шағымдарды  талқылағанын  жəне  олармен  жұмыс  істегенін

байқауға мүмкіндігі болды, бірақ басқа жерлерде ондай мүмкіндік болмады. Кейбір

аймақтарда,  мысалы  Ақтөбе  облысында  облыстық  сайлау  комиссиялары  (ОСК)

тəрізді, сайлауға байланысты шағымдарды мүлдем қарамаған секілді. Оның орнына

олар  барлық  істерді  прокуратураға  қайтадан  жолдап  отырды.  Алматы  аумақтық

сайлау  комиссиясы  тізімдерге  енгізілмеген  бірнеше  мың  сайлаушылар  туралы  іске

қатысты  ешқандай  шаралар  қабылдаған  жоқ,  бұл  болса,  сайлау  комиссиясының

сайлауға  қатысты  елеулі  мəселелермен  жұмыс  істеуге  деген  ниеті  жайында  күмəн

туғызды.


Прокурор  шағымдар  мен  апелляцияларды  қарауда,  сайлау  процесін  қадағалауда

жəне  қажетті  қадамдар  қабылдауда  белсенді  рөл  атқарады.  Республикалық  жəне

облыстық  деңгейлерді  прокуратуралар  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  ынтымақтасты  жəне

шағымдардың  саны  мен  түрлері  жəне  олар  бойынша  шешімдер  туралы  уақтылы

ақпарат  беріп  отырды.  Бас  прокуратураның  ақпараты  бойынша, 15 маусымнан  3

қазанға  дейінгі  кезеңде  əр  түрлі  деңгейдегі  прокуратураларға 1131 апелляция

түскен. 3 қазанға қарай олардың 615-і, көбіне заңды түсіндіру арқылы шешілді.

Солай болса да, осындай қадамдар міндетті түрде жауапкершілікті арттыруға əкеле

қоймайды.  Бас  прокуратураның  ақпараты  бойынша,  сайлау  күнінде  сайлау  туралы

заңды  бұзу  бойынша  шағымдарға  қатысты  қылмыстық  істер  қозғау  жағдайлары

болмаған.  Оппозициялық,  сондай-ақ  үкіметтің  шылауындағы  кандидаттардың

əкімдер  мен  жергілікті  басқару  органдары  тарапынан  əкімшілік  ресурстарды  теріс

пайдалану  туралы  айыптардың  көптігін  қарамастан,  Бас  прокурор  осындай  теріс

пайдалану бойынша тек төрт істі қозғады.

Кейбір  жағдайларда  сайлау  комиссияларының  мүшелеріне  қарсы  алаяқтық  үшін

айыптау  бойынша  əкімшілік  істер  қозғалды.  Мысалы,  Қостанайда  бір  сайлаушыға

бірнеше  бюллетень  бергені  үшін  № 46 сайлау  округының  УСК    мүшесіне  қарсы

əкімшілік іс қозғалды.

Прокурорлардың  белсенді  рөлі  қолдау  тауып,  шағымдар  мен  апелляцияларды

қарастыру рəсіміндегі олқылықтың орнын толтырғанымен, олардың қатысуы соттар

мен  сайлау  комиссиялары  жүзеге  асырғанмен  салыстырғанда,  ашықтығы  мен

тəуелсіздігі анағұрлым кем шағымдар мен апелляцияларды қарастыру тəсілі болып

табылады.

Бірнеше  ітер,  соның  ішінде  сайлау  комиссиялары  өздеріне  келіп  түсетін  істер

бойынша  шешімдер  қабылдауға  тиіс  екені  туралы  талап  қойылған  іс  соттарда

шешілді.


26

  Жоғарғы  Сотта  қаралған  бір  істе  судья  ОСК  Сайлау  туралы  заңның

ашықтыққа қатысты қағидаларын бұзғаны үшін сөгіс жариялады.

27

                                                     



26

 

Жоғарғы Сот, Аспандиярованың ОСК қарсы ісі, «Хабар» ТД жəне «Асар» партиясы ОСК № 3



округтық  сайлау  комиссиясының  кандидат  берген  шағымды  «талқылаумен  шектелу»  туралы

шешіміне қатысты шаралар қабылдауын талап етіп, жекеше айқындама жасады.

27

 

Жоғарғы  Сот,  өзінің  кандидатурасын  алып  тастау  туралы  ОСК  шешімін  даулаған  № 10



округтық  сайлау  комиссиясынан  кандидаттың  ісі.  Ол  кандидаттың  өзінің  кандидатурасын

алып  тастау  туралы  мəселені  ОСК  қарағаны  туралы  хабарланбағанына  байланысты  ОСК

қатысты 20-1 бапты бұзғаны үшін жекеше айқындама жасады.


Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 20

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

X.

ƏЙЕЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫ

2004  жылғы  Мəжіліске  сайлауда  оның  алдында 1999 жылғы  сайлауға  қарағанда

əйелдер  көбірек  қатысты. 24 əйел (22%) сегіз  партия  мен  блоктардан  партия

тізімдері бойынша, ал 87 əйелдің кандидатуралары (17%) бір мандатты округтардан

болды.  Партиялардың  тізімдері  бойынша  əйелдердің  саны 1999 жылғы  Мəжіліске

сайлаумен  салыстырғанда  екі  еседен  астам  ұлғайды.  Партия  жетекшісі  Дариға

Назарбаева алғаш рет сайлау алдындағы науқанда аса маңызды рөл атқарды. Оның

партиясы «Асар» дауыстардың 11,38% жəне партия тізімі бойынша бір мандат алды,

ал Дариға Назарбаеваның өзі парламентке сайланды.

Осы  позитивті  өзгерістерге  қарамастан,  Мəжіліске  сайланған  əйелдер  санының

айтарлықтай  өсуі  байқалмады. 2004 жылы 9 əйел  сайланды,  бұл 1999 жылғы

сайлауға қарағанда бір адамға артық. Бұл елдің халқының 52% құрайтын əйелдердің

саяси өмірде тең өкілдігі жоқ деген сөз, өйткені олардың Мəжіліс депутаттарының

арасында үлесі небəрі 11,6% құрайды.

Бір мандатты округтарда мажоритарлық дауыс беру жүйесі əйелдерге Парламенттен

орын алуға қосымша кедергі қояды. Осы 67 мандаттан əйелдерге небəрі 6 тиесілі (5

мандат  сайлаудың  бірінші  турының  барысында  жəне 1 екінші  турдың  уақытында

алынды), бұл барлық мандаттардың 8,9% құрайды. Пропорционалды мажоритарлық

жүйе  бойынша  бөлінген 10 мандаттан  парламентке 3 əйел (30%) сайланды.

Мандаттардың  көпшілігін  иеленген  «Отан»  партиясы  енді  Мəжілісте  екеуі

партиялық  тізімдер  бойынша  жəне  төртеуі  бір  мандатты  округтар  бойынша

сайланған алты əйелмен тұлғаланады. «Асарға» парламентте екі əйел өкілдік етеді –

біреуі партиялық тізім бойынша өтті, ал екіншісі бір мандатты округтан сайланды.

Бір мандатты округта өзін-өзі ұсынған əйел сайланды.

Көптеген  əйел-кандидаттар  өздерінің  кандидатураларына  қарсы  кемсітушілік

көрсету  жағдайлары  туралы  мəдімдеді.  Олар  бұқаралық  ақпарат  құралдарының

өздерінің  сайлау  алдындағы  науқандарына  шолу  жасамағанын,  оларға  қарсы

əкімшілік ресурстардың пайдаланылғанын жəне оларда ерлер-кандидаттардың қолы

жетерлік  жеткілікті  қаржы  қаражаттарының  болмағанын  хабарлады.  Кейбір  əйел-

кандидаттардың  тəжірибесі  жеткіліксіз  болды  жəне  олармен  науқанды  тиімді

жүргізу бойынша қандай да бір оқу өткізілген жоқ. Əйелдер үшін проблема болып

табылатын  мəселелерге  əр  түрлі  партиялар  өткізген  сайлау  алдындағы

науқандардың уақытында тиісті назар аударылмады.

Əйелдерге дауыс беруге толық мүмкіндік берілді жəне сайлау учаскелерінде қандай

бір  кемсітушіліктің  айғақтары  байқалмады.  Сонымен  қатар,  əйелдер  сайлауды

өткізуде,  соның  ішінде  ОСК  төрағасы  ретінде  аса  маңызды  рөл  атқарды.  Алайда,

мониторингімен  қамтылған  сайлау  учаскелерінің 25% отбасылық  дауыс  беруге,

сенім  жүктелген  тұлғалар  арқылы  дауыс  беруге  жəне  топпен  дауыс  беруге  жол

берілді,  ал  мұның  барлығына  заңмен  тыйым  салынған.  Осындай  бұзушылықтар

əйелдердің сайлау құқықтарын бұзуға жиі əкеліп соғады.



XI.

ҰЛТТЫҚ АЗШЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ

Ұлттық  азшылықтардың  сайлауға  қатысу  мүмкіндігі  негізінен  оң  бағаланады.

Ұлттық  азшылықтардың  мəселелері  сайлау  алдындағы  науқанның  уақытында


Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 21

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

айтарлық рөл атқармады, солай болса да, теледебат раундтарының бірі осы мəселеге

арналды. 31 тамызда  Президент  Назарбаев  бір  «қазақстандық  ұлттағы»  этникалық

топтардың біртұтастығы тұжырымдамасын ұсынды.

ОСК  жариялаған  кандидаттардың  тізімдеріне  этникалық  тегі  туралы  мəліметтер

енгізілген, бірақ кандидат оны көрсетуге міндетті емес. Мəжіліске кандидаттардың

төрттен  үш  бөлігінен  астамы  этникалық  қазақтар,  ал  қазақтар  ел  халқының 57%

құрайды.  Этникалық  орыстар  кандидаттардың  екінші  ең  үлкен  тобын–  шамамен

16%  құрайды,  ал  орыстар  ел  халқының 27% болып  табылады.  Ұсынылған

кандидаттардың шамамен екі пайызын украиндар құрайды, ал басқа (əрбір топ бір

пайыздан  кем)  кандидаттар  азшылық  этникалық  топтардың  өкілдері  болып

табылады:  өзбек,  неміс,  корей,  татар,  белорус,  еврей,  осетин,  ұйғыр,  əзірбайжан,

балқар жəне поляк.

Оңтүстік Қазақстан облысында екі өзбек-кандидаттардың кандидатуралары күмəнді

мəн-жайларда алынып тасталды. Аталмыш сайлау округының халқының көпшлігін

өзбектер  құрайды. «Жануби  Казахстан»  газетінің  бас  редакторы  Абдумалик

Сармановтың  кандидатурасы  ол  айтқан  жəне  өзбек  тілінде  шығатын  үш  жергілікті

газетте  жарияланған  түсіндірмелердің  негізінде 27 тамызда  алынып  тасталды.

Екінші  кандидат – Султан  Абдираимов  тіркеуден 16 қыркүйекте  алынды,  жəне  де

оның  өзіне  бұл  туралы  тек  келесі  күні  хабарланған.  Жергілікті  сот  кандидат  үгіт

плакаттары мен постерлерін рұқсат етілмеген жерлерде орналастырды, «Тұрғындар,

біз біріксек, жеңеміз» деген ұран ұлтаралық кикілжіңге шоқ салуды көздейді жəне

ол қайта тіркеуден кешікті деген негізде тіркеуден алу туралы шешімді қолдады.

ҚР 2002 жылғы  «Саяси  партиялар  туралы»  Заңы  этникалық  тегінің,  жынысы  мен

дінінің  негізінде  партиялар  ұйымдастыруға  тыйым  салады.  Осының  салдарынан

кейбір партиялар тіркелген жоқ.



XII.

ЖЕРГІЛІКТІ БАЙҚАУШЫЛАР

Өзгертілген  Сайлау  туралы  заң  тəуелсіз  жергілікті  байқаушылардың  сайлау

процесінің  барысындағы  өзінің  қызметін  жүзеге  асыру  мүмкіндігін  арттырды.

Алайда,  осы  қағидаларды  төменгі  сайлау  өткізу  деңгейлерінде  іске  асыру  бірдей

болмады.  Заңнамалық  кепілдіктерге  қарамастан,  Республикалық  тəуелсіз

байқаушылар  желісі  көптеген  сайлау  комиссияларының  өздеріне  отырыстар  өткізу

уақыты  туралы  жалған  ақпарат  бергенін,  байқаушыларға  өз  отырыстарының

хаттамаларын бермегенін жəне кейбір жағдайларда оларды өздерінің отырыстарына

жібермегенін  хабарлады.  Осы  жағдайлар  олардың  сайлау  жүргізуде  көбірек  ашық

болуға шақыруына себеп болды.

Сайлау  күні  жергілікті  байқаушылардың  топтары  жалпы  оларды  сайлау

учаскелеріне  жібергенін,  бірақ  кейбір  жағдайларда  учаскелерге  ерте  таңда  кіру

проблемалары  байқалғанын  хабарлады.  Солай  болғанымен,  олардың  сайлау

учаскелерінің ішінде орын ауыстыруы шектеулі болды жəне олар көбіне төте ерікті

білдіру орнынан шалғайда орналастырылды, бұл байқау жүргізу тиімділігіне нұқсан

келтірді.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 22

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

Дауыстарды  санау  жəне  қорытындысын  шығару  кезінде  үлкен  қиыншылықтар

туындады.  Ақтөбе  қаласында  жергілікті  байқаушылар  олдарға  қол  жеткізу

мүмкіндігінен  бас  тартылғанын  немесе  шектеу  қойылғанын  жəне  кейбір

жағдайларда  оларға  хаттамалардың  көшірмелерін  алудың  сəті  түспегенін

хабарлады.

Республикалық 

тəуелсіз 

байқаушылар 

желісі 


сайлау 

барысындағы

бұзушылықтардың 1999 жылғы  Мəжіліске  сайлаумен  салыстырғанда  нашарлаған

деп  санап,  сайлаушылардың  қосымша  тізімдеріне  қатысты  бұзушылық,  бірнеше

мəрте  дауыс  беру  жағдайларын,  дауыстарды  санаған  кездегі  көптеген

проблемаларды  жəне  əкімдердің  тарапынан  килігу  жағдайларын  алға  тартты.  Бұл

топ  көптеген  проблемалар  сайлау  комиссиялары  тарапынан  болды  деп  мəлімдеді.

Жергілікті  байқаушылардың  «Сайлау  жəне  демократия»  ұйымы  өзінің  сайлаудан

кейінгі  мəлімдемесінде  түрлі  бұзушылықтар  туралы  хабарлады,  алайда  сайлау

«табысты өткізілгенін» жəне орын алған бұзушылықтардың дауыс беру нəтижелерін

өзгертпесін атап өтті.

XIII. ДАУЫС БЕРУДІ ЖƏНЕ ДАУЫСТАРДЫ САНАУДЫ БАЙҚАУ

A.

Д

АУЫС БЕРУ

19  қыркүйекте  бірінші  дауыс  беру  туры  үшін  бүкіл  Қазақстан  бойынша  шамамен

9480 сайлау учаскелері қанат жайды. СБХМ  152 топта шамамен 1300 түрлі сайлау

учаскелерінде  дауыс  беру  барысын  байқаған  жəне 1687 байқау  бланкілерін

толтырған 305 халықаралық байқаушыларды пайдаланды.

Сайлау  күніне  дейін  байқаушылар  оның  алдындағы  төрт  апта  бойы  сайлуға

дайындықты  байқау  мақсатында  ұзақ  мерзімді  байқаушылар  болған  төмендегі

облыс  орталықтарында  орналастырылды:  Астана,  Павлодар,  Өскемен,  Алматы,

Шымкент,  Атырау,  Ақтөбе  жəне  Қостанай.  Байқаушылар  осы  орталықтардан  4

сағаттық  жол  радиусындағы  аумақты  қамтыды.  Сонымен  қатар,  байқаушылардың

топтары  Ақтау,  Қызылорда  қалаларында  жəне  Солтүстік  Қазақстан  облысында

орналастырылды.

Байқаушылар  топтарының  көпшілігі  сайлауды  ашу  рəсімі  уақытында  өткізілгенін

жəне  байқаумен  қамтылған  сайлау  учаскелерінің 90% уақытында  ашылғанын

хабарлады.  Олар  ашылған  кезде  кандидаттардың  өкілдері  сайлау  учаскелерінде

болды.  Алайда,  байқаумен  қамтылған  сайлау  учаскелерінің  үштен  бір  бөлігінде

ашылған кезде уəкілеттендірілмеген тұлғалар, негізінен полицейлер мен жергілікті

басқару органдарының өкілдері қатысты.

Электронды  дауыс  беру  учаскелерінде  қағаз  бюллетеньдер  бойынша  дауыс  беруді

қосу туралы, болжамда сайлаушыға екі нұсқаның арасында таңдау мүмкіндігін беру

мақсатында кеш қабылданған (16 қыркүйекте) шешім дауыс беру күнін рəсімдерді

өткізуді  қиындатты.  ОСК  осы  сценарийді  бірнеше  дүркін  қабылдамады  жəне

сонымен осындай қосарлас дауыс беру бойынша нұсқаулықтар болмады. Бұл соңғы

сəтте төменгі деңгейдің сайлау комиссиялары үшін, əсіресе сайлаушылардың қағаз

жəне  электронды  дауыс  беруге  арналған  екі  тізіміне  туындаған  қажеттілікке

байлансты сенімсіздік жəне қиыншылықтар туғызды. Сайлаушылардың қағаз жəне

электронды тізімдері өзара байланыстырылмады, сондықтан қайта дауыс беруге жол


Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 23

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

бермеу  үшін  сайлаушыларды  екі  тізім  бойынша  да  қадағалау  мүмкін  болмады.

Оның  үстіне  екі  тізімде  əдетте  сайлаушылардың  саны  əртүрлі  болып  шығып

отырды; көбіне алшақтықтар бірнеше жүзге дейін жетті.

Сайлаушылардың  айтарлықтай  саны  бірлескен  электронды  жəне  қағазбен  дауыс

беру  учаскелеріндегі  сайлаушылардың  тізімдерінде  атымен  болмады.  Кей

жағдайларда  оған  себеп  ішкі миграция  себеп  болды,  бірақ  басқа  жағдайларда  оған

тізімдерді  жасаған  кездегі  қателіктерден  туындады.  Өскемен  қаласының  № 28

сайлау  округында  тұтас  бір  село  тізімге  кірмеген.  Сайлау  күні  көптеген  азаматтар

тізімге  енгізілсе  де,  сол  күйі  дауыс  бермей,  учаскелерден  кері  қайтарылды  немесе

басқа сайлау учаскелеріна жіберілді. Сайлаушылардың тізіміне сайлау күні қосуға,

бірақ  тек  одан  жоғары  деңгейдің  сайлау  комиссиялары  қатаң  регламенттеген  мəн-

жайлар кезінде ғана жол беріледі. Алайда, тізімдерге осындай толықтырулар ензігу

кең  етек  жайған  болып  шықты – СБМ  байқаушылары  барған  учаскелердің 16%

сайлаушыларды тізімге енгізудің куəсі болған.

Сайлаушыларды  тізімдерге  қосымша  енгізу  себептері  кейде  бір  округтағы  сайлау

учаскесінен  екіншісіне  ауыса  отырып,  əр  түрлі  болды.  Кей  жағдайлар  УСК

тұрғылықты  мекен-жайын  өзгертуді  растайтын  құжат  табыстауды  талап  етті,  ал

басқа  жағдайларда  (мысалы,  Ақмола  облысында,  Астана  жəне  Өскемен

қалаларында) УСК тізімдерге өзгертулерді телефон арқылы ауызша куəландырудың

негізінде,  құжаттар  табыстамай  енгізгені  байқалды.  Телефон  шалудың  негізінде

қосымша сайлаушыларды енгізу кем дегенде ашық жəне жариялы процесс болмады,

ал  іс  насырға  шапса,  ол  сайлаушыларды  сайлау  құқығынан  айыруға  немесе

сайлаушылардың тізімдерімен қақпақыл етуге əкеп соғуы мүмкін еді.

Жалпы  алғанда,  УСК  мүшелері  соңғы  сəтте  енгізілген  өзгертулерді,  бұлыңғыр

нұсқаулықтарды  жəне  электронды  дауыс  беру  процесінде  қиыншылықтар  көрген

сайлаушыларға көмек көрсету  қажеттілігін  жеңу үшін  қолдарынан  келгеннің  бəрін

істеді.  Солай  болғанымен,  СБМ  байқаушылары  жалпы  алғанда  сайлау  процесін

жүргізу  байқаумен  қамтылған 1177 сайлау  учаскелерінің 13% «нашар  немесе  өте

нашар»  деп  санайды  жəне  проблемалардың  немесе  бұзушылықтардың  едəуір  көп

санын  атап  өтті.  Байқаушылар  дауыс  беру  сайлау  учаскелерінің 42% «өте  жақсы»

жəне 45% «жақсы» болғанын хабарлады.

Байқаушылар мониторингімен қамтылған сайлау учаскелерінің 94% УСК  мүшелері

электронды дауыс беру жүйесінің өзін басқаруда өздерін сенімді сезінгенін айтады.

Алайда  сайлаушылардың  өздері  электронды  дауыс  беруде  одан  көп

қиыншылықтарды  бастан  кешті.  СБМ  байқаушыларының  бағасы  бойынша

сайлаушылардың  электронды  дауыс  беру  рəсімдерін  түсінуі  өздері  барған

учаскелердің 32% тек  қағазбен  дауыс  беру  өткізілген 15% учаскелермен

салыстырғанда  «нашар  немесе  өте  нашар»  болды.  электронды  дауыс  беру

пайдаланылған  учаскелердің 19% сайлаушылар  электронды  дауыс  беру  рəсімін

аяғына дейін жеткізе алмады.

Заңға сəйкес, көмек қажет ететін сайлаушыларға тек сайлаушының өзі айқындаған

тұлғалар  ғана  көмек  көрсете  алады,  ал  УСК    мүшелеріне,  байқаушыларға  жəне

партиялардың  сенім  жүктелген  тұлғаларына  оған  тыйым  салынады.  Осы  қағиданы

бұзу  көптеген  жағдайларда  орын  алды,  ал  электронды  дауыс  беру  учаскелерінің

37%  УСК    мүшелерінің  сайлаушылар  дауыс  беру  рəсіміне  кіріскеннен  соң  оларға



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 24

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

көмектескені  байқалды.  Бұл  дауыс  беру  құпиясына  нұқсан  келтіреді.  Оның  үстіне,

кейбір  жерлерде  ондай  көмектің  сайлаушыға  қандай  партия  үшін  дауыс  беруді

айтуға дейін барған.

28

Топтық  жəне  отбасылық  дауыс  беру  мониторингімен  қамтылған  сайлау



учаскелерінің 25% байқалды. Сенім жүктелген тұлғалар арқылы дауыс беру сайлау

учаскелерінің 5% байқалды.  Байқаушылар  сондай-ақ  УСК    өкілдерінің  тарапынан

теріс  пайдаланудың,  əсіресе  топтық  дауыс  берудің  жəне  сенім  жүктелген  тұлғалар

арқылы дауыс берудің алдын алу бойынша табысты қимылдарын атап өтті.

Басқа  байқалған  фактілерге  мониторингімен  қамтылған  сайлау  учаскелерінің 28%

уəкілеттік  берілмеген  тұлғалардың  болу  фактілері  жатады.  Олар  болған

учаскелердің 9% қағаз бюллетеньдерге талап етілетіндей УСК  мүшелерінің бірінің

қолы əркез қойыла бермеген. Заңға сəйкес қол қойылмаған бюллетеньдер жарамсыз

болып  саналады.  СБХМ    байқаушылары  сайлау  учаскелерінің 16% маңында  үгіт

материалдарының болғанын байқаған.

Алдында айтылғандай, барлық учаскелерде қағаз бюллетеньдерді қамтамасыз етуге

қатысты  соңғы  өзгертулер  төменгі  деңгейдің  сайлау  комиссияларына  қосымша

міндет  жүктеді.  Əкімшіліктер  шынында  да  сайлаудың  ұйымдастырушылық-

техникалық  жағын  қамтамасыз  етуде  белгілі  бір  рөл  атқарды,  бірақ  кей

жағдайларда,  мысалы,  Қостанайда  олар  көмек  көрсетуден  гөрі  көбіне  килігіп

отырды.


Дауыс  берудің  тыныш  өткені,  күштеу  жағдайларының  болмағаны  сайлаудың  оң

аспектісі болып табылды. Ондай көңілге қонымды іске сенімді нығайтуға арналған

шара  ретінде  дауыс  беру  үшін  мөлдір  урналарды  пайдалану,  сондай-ақ

мониторингімен  қамтылған  сайлау  учаскелерінің  барлығында  дерлік  саяси

партиялардың өкілдерінің болғаны жатады.

Б.

Д

АУЫСТАРДЫ САНАУ

Электронды  дауыс  беру  учаскелерінде  қағаз  бюллетеньдермен  дауыс  беруге  кеш

берілген рұқсат дауыс беруді  жабу,  дауыстарды  санау  жəне  нəтижелерді  жинақтау

рəсімдеріне  қиындық  келтірді.  Жалпы  алғанда,  көптеген  сайлау  учаскелерінде

дауыстарды  санау  рəсімі  əлсіз  деп  бағаланды  беру (28%).

29

  Себеп  ретінде



бюллетеньдерді  бақылаудың  жеткіліксіздігі,  учаскелерде  оған  уəкілеттілігі  жоқ

тұлғалардың  болғаны (49%) жəне  дауыс  беру  нəтижелері  туралы  хаттаманы  ілмеу

жағдайларының  кеңінен  орын  алғаны (45%) аталады.  Заң  бойынша  байқаушылар

мен  партия  өкілдерінің  дауыс  беру  нəтижелері  туралы  хаттаманы  алуға  құқығы

болса  да,  жағдайлардың 28% байқаушыларға  одан  бас  тартылды.  Байқаушылар

байқау  жағдайларының 20% рəсімдік  проблемалар  немесе  олқылықтар  туралы

хабарлады  жəне  сол  жағдайлардың  үштен  екісі  электронды  дауыс  беруге

байланысты болған.

                                                     

28

 



Сонымен  қатар,  кейбір  байқаушылар  (мысалы,  Павлодар  жəне  Өскемен  қалаларында)

электронды  дауыс  беру  учаскелерінің  төрағалары  сайлаушыларға  қағаз  дауыс  беруді  таңдау

құқығынан бас тартқан жағдайларды атайды.

29

 



Байқаушы  топтар  мониторингімен  қамтылған  сайлау  учаскелерінде  санақ  жүргізуді

төмендегідей бағалайды: «өте жақсы» – 38%, «жақсы» – 34%, «нашар» – 21%, «өте нашар» –

7%.


Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 25

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

Электронды  дауыс  беруді  жабу  рəсімдерінде  өзіндік  қиындықтар  болды,  бəлкім,

оның  себебі  УСК    деректеріне  қағаз,  сондай-ақ  электронды  дауыс  беру  рəсімдерін

жабу  қажеттігіне  орай  салмақ  түсірілгенінде  болар.  Электронды  деректерді

табыстаған  кезде  техникалық  ақаулық  жағдайлары,  сондай-ақ  УСК    мүшелерінің

хаттамаға  қол  қоймау  жағдайлары  орын  алды.  Басқа  бір  проблема  деректерді

оқитын  құрылғының  дауыс  беру  рəсімі  жабылысымен,  дереу  мөрленбегені

(байқаумен  қамтылған  электронды  дауыс  берілетін  сайлау  учаскелерінің

жартысынан астамында) болып табылды. Аталмыш олқылық дауыс беру нəтижелері

дауланған жағдайда, деректердің тұтастығына күмəн туғызады.

Хаттамаларды  жасау  процесі  көбінесе  ұзақ  жəне  УСК    мүшелері  үшін  түсініксіз

болды. Сайлау учаскелерінің 30% УСК  мүшелері хаттамаларды толтыратын кезде

қиыншылықтар  көргені  анық.  Сондай-ақ  бірнеше  байқаушылар  өздерін  учаскеден

кетірмек  мақсатпен  дауыстар  санағын  қасақана  созуға  тырысқандықтар  туралы

хабарлады.

Байқаушылар  Өскемен  қаласында  дауыстарды  санау  жəне  жабу  кезінде  өте

берекесіздік  болғанын  жəне  учаскелік  сайлау  комиссияларының  белгісіз

себептерден  сайлаушылардың  тізімдерін  Көш-қон  департаментіне  жеткізіп

отырғанын хабарлады.

Сайлау учаскелерінің барлығы дерлік уақытында жабылған. Партиялардың өкілдері

байқаумен  қамтылған  барлық  сайлау  учаскелерінде,  ал  жергілікті  байқаушылар  –

сайлау учаскелерінің 71% қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет