Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар


Жазғы демалыс лагерьлеріндегі



бет91/130
Дата21.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#192484
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   130
Байланысты:
Смсамааассс

2.2. Жазғы демалыс лагерьлеріндегі
спорттық-сауықтыру жұмыстары

Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.


Ата-аналар жаз уақытындағы ең ұзақ демалыс кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол – көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагеріне баланы жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындары, мекемелері көп қала жанындағы лагерьлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерьлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагерьі ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерьге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерьлер жабылып жұмыс істемей қалды да, жалпы орта білім беру мектептерінің жанынан еңбек-сауықтыру лагерьлері ұймдастырылады. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерьлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктерін, біз өзіміздің кітабымызда ары-қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз.
Балалар демалыс лагерьлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрама: аға тәрбиеші, ұстаз-тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суда жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.
Мектептегі секілді лагерьдегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагерьдің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.
Оқушылар лагерьге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз-тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагерьдегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз-тәрбиеші дене тәрбиесі және спрт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.
Лагерьде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене тәрбиесі кеңесі құрылады. Дене тәрбиесі кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру қабілеті бар оқушылар сайланады. Оның құрамы лагерьдегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерьлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол бөлінген жұмыстары бойынша лагерьдің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:
- сауықтыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттығулары;
- лагерьдегі спорттық шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау;
- отрядтардағы спорт ұйымдастырушылары жұмыстарын ұйымдастыру;
- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын құру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режімдері туралы әңгімелер өткізу;
- лагерьдегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал-жабдықтарды сақтау, жөндеу.
Лагерьдегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.
Демалыс лагеріндегі жүргізілген көп жылдық жұмыс тәжірибесі өзіндік бір тексеруден өтілген дене тәрбиесі жұмыстарының жүйесін құрайды. Сол тәжірибеден өткен жүйе бойынша демалыс лагерінде төмендегідей дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының түрлері жүргізіледі.
Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі шаралары. Күн тәртібінде деп аталатын себебі ол шаралар күнделікті, міндетті түрді орындалатын жұмыстар құрамына кіреді. Оған жататындар: таңертеңгілік гимнастика, күн және ауа ванналары, суда жүзулер.
Отрядтардағы дене тәрбиесі жұмыстары. Олар: отряд ішінде жүргізілетін әр түрлі жаттығулар; лагерьлік жарыстарға, конкурстарға дайындықтар; дене тәрбиесі тақырыбында өткізілетін әр түрлі тақырыптардағы әңгімелер; серуендер; аралаулар (экскурсия); жорықтар; жер жағдайына байланысты ойындар.
Көпшілік спорт жұмыстары. Бұл түрге жататындар: спорттық конкурстар, әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар, қозғалмалы, ұлттық қозғалмалы және спорттық ойындар, көпсайыс жарыстары, ұлттық спорт түрлерінің жарыстары, стол үсті теннисінен, бадминтоннан, городкиден, тоғызқұмалақтан, шахматттан,дойбыдан өткізілетін турнирлер, жолдастық кездесулер, спартакиадалар.
Әр түрлі спорт түрлерінен өткізілетін үйірмелер, оқу-жаттығу сабақтары. Жазғы демалыс кезінде спорт мектептерінде, мектеп секцияларында спорт түрлерімен жаттығатын оқушылар өздерінің жаттығуларын үзе тұруға мәжбүр болады. Демалыс лагерьлерінде осы спортшыға және дене дайындығы жақсы балаларға арнап спорт нұсқаушылары мен тәрбиешілер әр түрлі спорт түрлерінен үйірмелер, жаттығулар ұйымдастырады. Ол жаттығулар жазғы сауықтыру лагерінің спорт базасына, спорт құрал-жабдықтарына байланысты жүргізіледі.
Еңбектің қоғамдық қажет түрлері. Көптеген лагерьлер белгілі бір жерге салынып, орнын өзгертпей ондаған жылдар сол жерде тұра береді. Ол лагерьлер жыл сайын әр түрлі спорттық құрылыстар салып өздерінің материалдық базаларын жетілдіре береді. Көптеген жұмыстарға оқушылар да қатыстырылады. Балалардың ол жұмыстарға қатысуы, өз қолдарымен көптеген жұмыстарды істеуі олардың келешек өміріне, еңбек тәрбиесіне, әр түрлі қасиеттерінің қалыптасуына пайдасы зор.
Үгіт-насихат жұмыстары. Қазіргі кездегі оқушылар қоғамдық, өнеркәсіптік жұмыстардың механикаландырылған, техникалық прогрестің дамыған кезінде өмір сүргендіктен, олар қимыл тапшылығы (гиподинамия), салауаты өмір салты, дене жаттығуларының адам ағзасына әсері туралы жақсы білуі тиісті. Олармен қазақтың батырлары, мықты спортшылары, олимпиада ойындарының жеңімпаздары, спорт жаңалықтары, тұрақты, жүйелі дене жаттығуларын орындаудың ағзасына пайдалы әсері туралы әңгімелер, дәрістер өткізіп тұрудың пайдасы зор. Спорт тақырыбына плакаттар, қабырға газеттер шығару, спорт шеберлерімен кездесулер өткізу, спорт тақырыбына викториналар өткізу, осының бәрі үгіт-насихат жұмыстарына жатады.
Балалар демалыс лагерінде осы жоғарыда айтылған барлық дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері, мектеп директорлары барлық қолдан келген мүмкіншіліктерін, жағдайларын жасап осы жұмыстардың бәрін ұйымдастырса оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға үлкен пайдалы әсері болар еді.
Сауықтыру лагерінде жүргізілетін жұмыс құжаттары:
1. Сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының жоспары;
2. Көпшілік спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспары;
3. Отряд жетекшілерімен өткізілетін семинар жоспары:
- көпшілік спорт күнтізбелік жоспарымен танысу;
- дене тәрбиесі және спорт белсенділерін тағайындау;
- суға түсу және қауіпсіздік ережелерімен танысу;
-саптық жаттығуларға үйрету;
- қозғалмалы ойындарды ойнауға үйрету;
- жарыс ережелерімен таныстыру;
- жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістерімен таныстыру.
4. Спорт түрлерінен төрешілер семинарының жоспары:
- жарыс ережелерін үйрету;
- жарыс құжаттарын толық білуге үйрету;
- хаттамаларды толтыра білуге үйрету;
- жарысқа төрешілік етуге үйрету;
5. Есепке алу құжаттары:
- жүргізілген шараларды тіркеу жорналы;
- Президенттік сынама тапсырушылардың көрсеткіштері жазылған жорнал;
- денсаулықтары нашар оқушыларды есепке алу жорналы.

2-кесте - Жазғы сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі мен спорттан жүргізілетін шаралардың жоспары.





Күні

Уақыты

Жүргізілетін әр түрлі шаралардың мазмұны

1

күні бойы

Келу, қарсы алу, орналастыру, топтарға бөлу

2

түске дейін

Топтардағы әңгіме, спорт түрлерімен айналысушыларды білу

3

түске дейін

Жүгіру, секіру, ойындар, жаттығулар өткізу




түстен кейін

Спорттық ойындардан қысқа жарыстар, жолдастық кездесу өткізу

4

күні бойы

Лагерьдің ашылу салтанаты, әр түрлі жарыстар өткізу

5

түске дейін

Серуендеу, лагерьдің тұрған жерінің айналасын көру,
қозғалмалы ойындар ойнау

6

түске дейін

Топтардағы жаттықтыру, суға түсу, жүзу




түстен кейін

Секіруден және лақтырудан жарыстар өткізу

7

түстен кейін

Спорт ойындарынан жарыстар өткізу

8

таңертең,
кешке

Кезекті жаттығулар, спорттық жаттықтыру жұмыстары

9

таңертең,
кешке

Саяхатқа шығу, суға түсу.
Спорттық КВН

10

таңертең

Суда жүзуден жарыс өткізу

11

таңертең

Бүкіл лагерблік жергілікті қозғалмалы ойын өткізу

12

кешке

Лагерь біріншілігіне эстафеталық жарыстар өткізу

13

таңертең,
кешке

Кезекті спорттық жаттықтыру жұмыстарын жүргізу

14

күні бойы

Жеңіл атлетикадан, спорттық ойындардан жарыстар өткізу

15

күні бойы

Туристік жорыққа шығу

16

күні бойы

Туристік жорыққа шығу

17

таңертең

Суда жүзуден лагерь біріншілігін өткізу. «Су перісінің» мерекесі

18

кешке

Кешкі спорттық мереке, спорттық викторина өткізу

19

кешке

Жүгіруден, кростан жаттықтыру өткізу

20

түстен кейін

Кростан лагерьдің біріншілігін өткізу

21

түстен кейін

Суда жүзуден топтар арасында жарыстар өткізу

22

түстен кейін

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындардың
ақтық жарыстарын өткізу

23

күні бойы

Спорттық мереке, лагердің салтанатты жабылуы, алау жағу (костер)



24

таңертең

Марапаттау, бөлмелерді тәртіпке келтіру, үйге қайтуға жиналу,
үйге қайту





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет